2025 жылдың ақпан Ақсуат ауданының жергілікті атқарушы органдары арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы
АҚПАРАТ
2025 жылдың ақпан Ақсуат ауданы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өкілдеріне 689 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде – 10 (1,4%) қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, 11 (1,6 %). қызмет мемлекеттік орган арқылы, қалған 668– услуг (96,9%) мемлекеттік қызмет электронды түрде көрсетілген.
Ақпан айында 39 мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту тіркелген. Олар:
Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру -6;
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау – 22;
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу – 9;
Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу – 2.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының мониторингі нәтижелерін бақылау мақсатында «Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді. Бақылау нәтижесінде 6 кемшілік анықталды. Аталған кемшіліктерді алдағы уақытта қайталанбауы үшін тиісті ұсыныстар беріліп,түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аудан әкімінің ресми веб сайтында мемлекеттік қызметтерді алу жолдарын түсіндіру бойынша 8 мақала жарияланды.
https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-aksuat/press/news/details/932767?lang=ru https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-aksuat/press/news/details/939549?lang=ru https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-aksuat/press/news/details/933529?lang=ru
https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-aksuat/press/news/details/942314?lang=ru https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-aksuat/press/news/details/942328?lang=ru
https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-aksuat/press/news/details/945280?lang=ru
https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-aksuat/press/news/details/945761?lang=ru https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-aksuat/press/news/details/946794?lang=ru
Есепті мерзім ішінде мерзімі бұзылып орындалған мемлекеттік қызметтер жоқ. Аудан әкімі аппаратының тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді уақытылы орындау үшін «Мониторинг» ақпараттық жүйесі арқылы күнделікті талдау жүргізіліп отырады.
Ақсуат ауданы әкімі аппаратының
ұйымдастыру жұмысы, заң,
ақпараттық технологиялар және
мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу
бөлімінің басшысы А. Абилбеков