Ақпараттық хабар
Ақсуат ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер телімдерін жалға беру жөнінде конкурс өткізеді.
Конкурсқа қатысуға өтінім және конкурстық ұсыныстар Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 43-1-бабының талаптарына және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрі –Қазақстан Республикасы Премьер –Министрі орынбасарының 2018 жылғы №518 бұйрығымен бекітілген « Шаруа немесе фермер қожалығын ,ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу» қағидаларына сай келуі тиіс.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау және тіркеу 2025 жылдың 5 мамырдан бастап он бес жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады. Мекен-жайы : АО Ақсуат ауданы Ақсуат ауылы, Абылай хан көшесі, 13 орналасқан «АО Ақсуат ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі, 110 кабинеті мекенжайы бойынша жүзеге асырылады , телефон 8 (72346) 2-10-43.
Ескертпе
Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:
1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) конкурстық ұсыныс
Конкурстық ұсыныста :
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурстық ұсыныс, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттері нөмірленіп, тігілген түрде, жабық конвертте ұсынылады.
Конкурстық өтініштерімен конверттерді ашу және қорытындыларын шығару 2025 жылдың 28 мамыр күні сағат 10.00-де Ақсуат ауылы ,Төлегетай баба көшесі,1 мекен-жайы бойынша (аудан әкімінің ғимаратында) өтеді.
Конкурс мынадай жағдайда өтпеді деп танылады.
1) конкурсқа қойылған әрбір жер теліміне екі өтінімнен кем түссе;
2) конкурсқа қойылған әрбір жер телімі бойынша конкурсқа қатысуға екі қатысушыдан кем жіберілсе.