Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысы.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидалары;
2) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары;
3) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары;
4) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары;
5) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдіктер беру қағидалары;
6) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидалары;
7) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу қағидалары;
8) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бойынша кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну қағидалары;
9) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдіктер беру қағидалары;
10) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын бизнес субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған "Бәсекеге қабілеттілік" инвестициялық гранттарын беру қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
|
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі |
А. Мамин |
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
|
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.02.2022 № 43 қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) екінші деңгейдегі банктер/микроқаржы ұйымдары/лизингтік компаниялар берген кәсіпкерлердің кредиттері/микрокредиттері/қаржылық лизинг шарттары;
2) "жасыл" жобаларды іске асыру мақсаттары үшін екінші деңгейдегі банктер берген кәсіпкерлердің кредиттері;
3) "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі (бұдан әрі – тетік) шеңберінде екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар берген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;
2) арнайы қаржы компаниясы – жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын, пайдасына талап ету құқығы берілетін заңды тұлға;
2-1) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда);
3) банк – қызметті осы Субсидиялау қағидаларын/тетікті іске асыру шеңберінде жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк;
4) банк-төлем агенті – лизингтік компанияның/микроқаржы ұйымының қаржы агенттігімен келісілген және лизингтік компанияның/микроқаржы ұйымының жобалар бойынша субсидияларды аудару мен есептен шығаруға арналған арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті банкі;
5) банктік кредит (бұдан әрі – кредит) – мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы пайдалану шарттарында банктік қарыз шартының негізінде кәсіпкерге банк беретін ақша сомасы;
6) банктік қарыз шарты – банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит береді (кредиттік желі ашу туралы келісім де банктік қарыз шартына жатады);
6-1) банктің/лизингтік компанияның өтініші – банктің/лизингтік компанияның қосылу шартына қосылу туралы өтініші;
7) бөлiнген активтер – жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмілелерінде арнайы қаржы компаниясына берілген талап ету құқықтары, оған берілген талап ету құқықтары бойынша алынған, банк-кастодиандағы шоттардағы ақша, арнайы қаржы компаниясы көрсетілген ақшаны инвестициялау нәтижесінде сатып алған қаржы құралдары, қаржы құралдарын сату нәтижесінде алынған ақша, сондай-ақ қосымша қамтамасыз етуді қалыптастыру кезінде туындайтын мүлік пен мүліктік құқықтар;
8) даму банкі – "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы және (немесе) оның үлестес лизингтік компаниясы;
9) "жасыл" жобалар – бекітілген сыныптама (таксономия) негізінде айқындалған, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қолданыстағы табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейін төмендетуге, энергия тиімділігін, энергия үнемдеуді арттыруға, климаттың өзгеру салдарларын жұмсартуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған жобалар;
10) "жасыл" таксономия – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасы;
11) жергілікті үйлестіруші – құжаттарды дайындау және жинау бойынша кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның (қаланың/ауданның) құрылымдық бөлімшесі;
12) жоба – бизнестің әртүрлі бағыттарында кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын іс-қимылдар мен іс-шаралардың жиынтығы (бір жоба шеңберінде бірнеше банктік кредиттер/лизингтік мәмілелер болады);
13) жұмыс органы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – № 436 бұйрық) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17741 болып тіркелген) шеңберінде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің уәкілетті басқармасы;
14) кәсіпкер – өз қызметін осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі және өз қызметін тетік шеңберінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген заңды тұлғалар;
14-1) кәсіпкердің өтініші – кәсіпкердің қосылу шартына қосылу туралы өтініші;
15) кешендi кәсiпкерлiк лицензия (бұдан әрі – франчайзинг) – айрықша құқықтар кешенiнiң құқық иеленушiсi осы кешендi басқа тұлғаға өтеулi негiзде пайдалануға беретiн кәсiпкерлiк қызмет;
16) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;
16-1) қаржы агенттігінің уәкілетті органы – өз қызметін қаржы агенттігінің жарғысымен, қаржы агенттігінің кредиттік саясатымен берілген және қаржы агенттігінің ішкі құжаттарында бекітілген өкілеттіктері шеңберінде жүзеге асыратын, тұрақты түрде жұмыс істейтін алқалы орган;
17) қаржылық лизинг шарты – лизингтік компания/банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша лизингтік компания/банк кәсіпкерге қаржылық лизинг береді;
17-1) қосылу шарты – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін және қаржы агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылатын стандартты нысандағы қосылу шарты нысанындағы субсидиялау шарты, оның талаптарын кәсіпкер және банк/лизингтік компания ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолымен қабылдайды;
17-2) қосылу шарты бойынша төлемдер кестесі – осы Субсидиялау қағидаларында белгіленген тәртіппен келісілген банк/лизингтік компания мен қарыз алушы арасындағы банктік қарыз/қаржы лизингі шарты шеңберінде қол қойылатын кесте;
18) лизингтік компания – қызметін осы Субсидиялау қағидаларын іске асыру шеңберінде жүзеге асыратын лизингтік мәмілеге қатысушы;
19) лизингтік мәміле (лизинг) – лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған келісілген іс-қимыл жиынтығы;
20) мемлекеттік даму институттары – экономиканың әртүрлі салаларында мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, акцияларының бақылау пакеттері ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі акционерлік қоғамдар;
21) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік пен жекеше әріптес арасындағы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;
21-1) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – микрокредиттер беру жөніндегі микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым;
21-2) микрокредит – микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушыға "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мөлшерде және тәртiппен ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында беретiн ақша;
21-3) микрокредит бойынша шарт – микрокредит беру туралы шарт, оған сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушыға микрокредит береді;
21-4) нақты өңірлік бағдарлама – нақты өңірдің/қаланың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін одан әрі қаржыландыру мақсатында қаржы агенттігі жергілікті атқарушы органмен немесе өзге де заңды тұлғалармен бірлесіп іске асыратын, қаржы агенттігінің уәкілетті органы бекіткен бағдарлама;
22) өңірлік үйлестіруші – облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
23) секьюритилендіру – бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығару арқылы ақшалай талап етуді беруге орай қаржыландыру;
24) субсидиялар – субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде қаржы агенттігі банкке/лизингтік компанияға өтеусіз және қайтарымсыз негізде төлейтін мерзімді төлемдер;
25) субсидиялау – кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды болашақта орындаудың орнына кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде кәсіпкер банкке/лизингтік компанияға төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны.
Банктердің кәсіпкерлерді секьюритилендіру тетігі арқылы қаржыландыруға бағытталған кредиттері де субсидиялауға жатады. Мұндай жағдайда осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде субсидиялау құралы бойынша қолдау тапқан кәсіпкерлердің кредиттерін әкімшілендіру (сүйемелдеу) функцияларын осындай кредиттерді арнайы қаржы компаниясына берген банк жүзеге асырады.
Секьюритилендіру тетігі арнайы қаржы компаниясының банк бөлген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығаруы; қаржы агенттігінің арнайы қаржы компаниясы шығарған, бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды сатып алуы (секьюритилендіру мәмілесі); арнайы қаржы компаниясының банкке қаржы агенттігінен тартылған қаражатты беруі арқылы кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысанын көздейді;
26) субсидиялау шарты – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша қаржы агенттігі, банк/лизингтік компания мен кәсіпкер арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенттігі кәсіпкердің банк/лизингтік компания берген кредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялайды;
27) сыртқы бағалау ("жасыл" жоба бойынша) – "жасыл" таксономия жобаларының кіші секторларына іске асырылуы көзделіп отырған немесе іске асырылып жатқан "жасыл" жобаның осы кіші сектор үшін көзделген шекті мәндерді сақтау бөлігінде сәйкестігін бағалау рәсімі;
28) сыртқы бағалау провайдері – қаралып отырған жобаның "жасыл" таксономияның шекті мәніне сәйкестігі туралы тиісті қорытынды дайындай отырып, іске асырылуы көзделіп отырған немесе іске асырылып жатқан "жасыл" жоба бойынша тәуелсіз бағалауды жүзеге асыратын ұйым;
28-1) санкциялар – ел немесе елдер тобы басқа елге қолданатын экономикалық сипаттағы, оның ішінде қаржылық операциялар жүргізудегі шектеу шаралары.
29) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;
30) шекті мән ("жасыл" таксономияның кіші секторы бойынша шекті өлшемшарт) – "жасыл" таксономияның кіші секторы үшін белгіленген жобалардың немесе активтердің сандық және сапалық өлшемшарттарының шекті мәндері, оларға қол жеткізу жобаларды "жасыл", яғни тиісті "жасыл" таксономия ретінде саралау үшін қажет. Кіші сектор бойынша шекті өлшемшарт сертификаттау/таңбалау талаптарында ("жасыл" таксономияда көрсетілген стандарттардың талаптарына сәйкестікті растау не жекелеген кіші секторларға қатысты таңбалардың болуы) көрсетілуі мүмкін;
31) электрондық құжаттар топтамасы – мемлекеттік көрсетілген қызметті алушы өзі қатысқан кезде берген жазбаша келісімі негізінде өтініш берушінің немесе осы құжатты куәландыруға өкілеттілігі бар тұлғаның не кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының уәкілетті қызметкерінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, төлнұсқа құжаттың түрін және мәліметтерін (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толық көрсететін құжаттар;
32) электрондық өтінім – мемлекеттік қолдау алуға өтінім, ондағы ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылады және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Субсидиялау қағидалары шеңберінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен субсидиялау үшін көзделген қаражатты өңірлік үйлестіруші өздерінің араларында жасалатын субсидиялау және (немесе) кепілдік беру туралы шарт негізінде қаржы агенттігіне аударады.
Субсидиялау және (немесе) кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – "БЖК-2020" бағдарламасы)/Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – "БЖК-2025" бағдарламасы)/ұлттық жоба/тетік шеңберінде мақұлданған және қол қойылған жобалар бойынша субсидиялау нысанындағы қолдау шарасын қаржыландыру "БЖК-2025" бағдарламасы/тетік/ұлттық жоба шеңберінде бөлінген республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан субсидиялауға бөлінген және БЖК-2025" бағдарламасы/ұлттық жоба/тетік шеңберінде пайдаланылмаған қаражатты "БЖК-2020" бағдарламасы/"БЖК-2025" бағдарламасы/ұлттық жоба/тетік шеңберіндегі жобаларды субсидиялауға және кепілдік беруге пайдалануға болады.
Сондай-ақ кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат шеңберінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау;
2) шағын жеке және орта жеке кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру;
3) тетік шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін субсидиялау.
1) мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын;
2) банктердің/лизингтік компаниялардың сыйақы мөлшерлемесі осы Субсидиялау қағидаларын іске асыру шеңберінде арзандатылған кредиттерін/лизингтік мәмілелерін қоспағанда, олар бойынша сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражаты есебінен арзандатылған;
3) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;
4) овердрафт түріндегі;
5) қайтарымды, қайталама немесе сублизинг бойынша;
6) ломбардтардың, микроқаржы, факторингтік ұйымдарының және лизингтік компаниялардың қызметіне бағытталған кредиттер/лизингтік мәмілелер жатпайды.
1) тетік шеңберінде іске асырылатын жобаларды, сондай-ақ моторлы көлік құралдарын шығаруды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнімді (бальзамдардан басқа) шығаруды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын кәсіпкерлер;
2) қиыршықтас және құм карьерлерін игеруге арналған жобаларды қоспағанда, жобаны тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеруде іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер;
3) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тиесілі кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері;
4) меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер;
5) тетік шеңберінде 11-тармақтың 1) тармақшасында алып тастау көзделген қызмет түрлерін қоспағанда, кәсіпкерлердің Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын жобалары (осы тармақшаның күші 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады) осы Субсидиялау қағидаларын іске асыру шеңберінде қатысушылар бола алмайды.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
2-тарау. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тәртібі
1-параграф. "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыты бойынша субсидиялар беру шарттары
Бұл ретте республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде бір кәсіпкер үшін сауда қызметі саласында айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін 100 (жүз) млн теңгеден аспайтын сомаға субсидиялауға жол беріледі.
Кәсіпкердің кредиті/лизингтік мәмілесі ұлттық валютада беріледі.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Жаңа тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобалар деп салық декларациясы деректерінің, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін 10 %-ға кәсіпкерлердің жұмыс орындарының орташа жылдық санын міндетті түрде ұлғайтуды көздейтін жобалары түсініледі.
Сонымен бірге, кәсіпкер қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін 10 %-ға кірістің (сатудан түсетін кірістің: негізгі қызметтен түскен сатылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) өсуін немесе төленетін салықтар көлемінің ұлғаюын (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) растайды.
Кәсіпкерлік субъектілерінің айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттері бойынша осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген талаптар қолданылмайды.
Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау "жасыл" жобаларды іске асыруға берілетін және іске асырылатын жобада субсидиялау шарты жасалған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін шекті мәнге ("жасыл" таксономия кіші секторы бойынша шекті өлшемшарт болған кезде) қол жеткізуді көздейтін жаңа кредиттер бойынша да жүзеге асырылады (осы өлшемшартты орындау мерзімін ұзарту сыртқы бағалаумен айқындалған объективті себептер болған кезде қаржы агенттігінің шешімі негізінде жүзеге асырылады).
Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тауарларды таңбалауға арналған жабдықты сатып алуға бағытталған қаржы лизингі шарттары бойынша жүзеге асырылады.
1) Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын жобаларды (осы тармақшаның күші 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады);
2) ломбардтардың, микроқаржы, факторинг ұйымдары мен лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жобаларды салалық шектеулерсіз мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде іске асыру үшін берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.
Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде "жасыл" жобаларды іске асыру үшін берілетін банктердің кредиттеріне де қолданылады.
1) жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары, оның ішінде "жасыл" жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер, сондай-ақ жоба қаржы агенттігіне енгізілгенге дейін 12 (он екі) ай ішінде банктер/лизингтік компаниялар бұрын берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары;
2) осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде бұрын мемлекеттік қолдау алмаған, жоба қаржы агенттігіне енгізілгенге дейін 2 (екі) жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар және кредиттік серіктестіктер, қаржы ұйымдары бұрын берген кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған және осы Субсидиялау қағидаларында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келетін кредиттер/лизингтік мәмілелер.
Бұдан бұрын:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 354 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 1276 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 124 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы;
нақты өңірлік бағдарламалар шеңберінде мақұлданған/берілген жобаларды да салалық шектеулерсіз субсидиялауға жол беріледі.
Бұл ретте жоғарыда көрсетілген бағдарламалар шеңберіндегі жобалар бойынша санкциялар қолданылатын, банктер бұрын мақұлдаған/берген кредиттер 2 (екі) жылдан астам мерзімге қайта қаржыландыруға жатады.
Осы тармақшаның екінші және сегізінші абзацтарында көрсетілген шарттарда қарыздарды қайта қаржыландыруды жүргізу үшін банктің өтінішхатын қаржы агенттігі 2022 жылғы 1 қазанға дейін (қоса алғанда) қабылдайды;
3) егер кредиттеу негізгі құралдарды сатып алу және (немесе) жаңғырту және (немесе) өндірісті кеңейту шеңберінде жүзеге асырылатын болса, айналым қаражатын толықтыруға берілген, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын немесе 500 (бес жүз) млн теңгеден аспайтын сомадағы кредиттер;
4) жылдық 8 % номиналды сыйақы мөлшерлемесімен айналым қаражатын 100 % толықтыруға бағытталған кредиттер, оның 6 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 39 қаулысымен бекітілген Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы шеңберінде мемлекет субсидиялайды;
5) қайта бастау негізінде айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттер (айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитті қайта бастау мүмкіндігінің шарттары қаржы агенттігінің шешімінде көрсетілуі тиіс);
6) бір кәсіпкер үшін 100 % айналым қаражатын толықтыруға (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуларды жүргізуді қоспағанда және кәсіпкердің негізгі қызметін жүзеге асыруына байланысты емес өзге де мақсаттарды қоспағанда) бағытталған 500 (бес жүз) млн теңгеге дейінгі кредиттер;
7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың бұрын бекітілген мемлекеттік бағдарламасының шарттарында Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін ұсынған даму банкінің кредиттері;
8) егер кредиттеу негізгі құралдарды сатып алу және (немесе) жаңғырту және (немесе) өндірісті кеңейту шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ кредит сомасының 20 %-ынан аспайтын болса, "жасыл" жобаларды іске асыру үшін айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттер.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Бір мезгілде мына 2 (екі) өлшемшартқа сәйкес келетін екі және одан көп жобалардың жиынтығы бір бизнес-жоба болып саналады:
жоба бір объект ретінде (физикалық немесе технологиялық тұрғыдан ажырағысыз байланысқан бірыңғай ғимарат/құрылыс/объект болып табылады) іске асырылады;
жоба ЭҚЖЖ бір кіші сыныбы шеңберінде іске асырылады.
Республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендердегі, оның ішінде моно- және шағын қалалардағы, ауылдық елді мекендердегі жобалар бойынша қолданыстағы барлық кредиттерді/лизингтік мәмілелерді ескере отырып, кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 1,5 млрд теңгеден аспауға тиіс. Жобаларды елді мекендерде, оның ішінде моно-, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде осы Субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторлары шеңберінде іске асыратын кәсіпкерлер үшін кредит/қаржылық лизинг шартының сомасы 3 (үш) млрд теңгеден аспайды.
Осы Субсидиялау қағидаларында белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын кредит бойынша негізгі борыш ішінара/мерзімінен бұрын толық өтелген жағдайда, кәсіпкерлердің кредиттерін субсидиялауға жол беріледі.
Бұл ретте 2018 жылғы 27 қаңтарға дейін мақұлданған 4,5 млрд теңгеге дейінгі кредиттік лимиті бар жобалар бойынша субсидиялау "БЖК-2020" бағдарламасының бұрын мақұлданған шарттарымен жүзеге асырылады.
Ескерту. 17-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Өз қызметін осы Субсидиялау қағидаларына 1-1-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі салаларының тізбесіне сай жүзеге асыратын және жобаларды Шымкент қаласында, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, оның ішінде көрсетілген өңірлердің облыс орталықтарында іске асыратын кәсіпкерлер үшін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 5 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) кәсіпкер бастама жасаған кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының өзгеруіне байланыстыларды;
2) кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді кәсіпкердің бұзуы себебінен өндіріп алынатындарды;
3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланыстыларды;
4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланыстыларды (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерді, банктердің көрсетілетін қызметтерін өтеуді) қоспағанда, банк/лизингтік компания кредитке/қаржылық лизинг шартын жасасуға, оның ішінде "жасыл" жобаны іске асыру үшін берілген кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе басқа да төлемдер барлық тараптар бірінші субсидиялау шартына қол қойған нақты күннен бастап 3 (үш) ай ішінде кәсіпкерге қайтарылуға жатады.
2-параграф. "Шағын жеке және орта жеке кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру" бағыты бойынша субсидиялар беру шарттары
Өңірлік бағдарлама шеңберінде субсидиялау әлеуметтік осал өңірлерде немесе төтенше жағдай/төтенше жағдай енгізілген кезеңде немесе өзге де жағдайларда жергілікті атқарушы органның кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен жазбаша келісімі бойынша жүзеге асырылады.
Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары Өңірлік бағдарламаға қатысушылар бола алмайды.
инвестициялар (негізгі бизнесті сатып алу, құру және жаңғырту және (немесе) қолданыстағы бизнесті кеңейту);
айналым қаражатын толықтыру (кредиттерге/микрокредиттерге қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерге ақы төлеу бойынша есеп айырысуларды жүргізуді қоспағанда және кәсіпкердің негізгі қызметін жүзеге асыруына байланысты емес өзге де мақсаттарды қоспағанда).
Тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобалар деп салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жоба қаржыландырылған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтауды/ұлғайтуды немесе кірістерді (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) өсіруді немесе төленетін салықтардың (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемін 10 %-ға ұлғайтуды көздейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары түсініледі. Кәсіпкерлік субъектілерінің айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттері/микрокредиттері бойынша осы тармақта көзделген талаптар қолданылмайды.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
МҚҰ үшін бір шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне қаржыландырудың ең жоғары лимиті 8 000 (сегіз мың) АЕК-тен аспайды.
Ескерту. 35-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бастама жасайтын кредит беру/микрокредит беру шарттарының өзгеруіне байланыстыларды;
2) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің кредит/микрокредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен өндіріп алынатындарды қоспағанда, Өңірлік бағдарлама шеңберінде банк/МҚҰ кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және (немесе) өзге де төлемдерді алмайды.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер барлық тараптар бірінші субсидиялау шартына нақты қол қойған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне өтелуге жатады.
Банк/МҚҰ Субсидиялау қағидаларының осы тармағында көрсетілген мерзімдерде шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне ағымдағы жылы алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді уақтылы өтемеген жағдайда банк/МҚҰ қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.
Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3-параграф. Тетік шеңберінде субсидиялау шарттары
осы Субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу жөніндегі;
осы Субсидиялау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс жөніндегі;
осы Субсидиялау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер жөніндегі жобалар шеңберіндегі кредиттер/лизинг бойынша субсидиялауға арналған тауарлар тізбесіне сәйкес инвестицияларға және айналым қаражатын (оның ішінде жаңартылатын негізде) толықтыруға берген (беретін) жаңа және қолданыстағы кредиттер/лизингтік мәмілелер субсидиялауға жатады.
"Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысы күшіне енгеннен кейін банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар беретін кредиттер/лизингтік мәмілелер қолданыстағы кредиттер/лизингтік мәмілелер деп түсініледі.
Бұл шектеу банктердің/лизингтік компаниялардың және "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ның меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылатын агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жобаларды, сондай-ақ кредитті қаржыландыру көзіне қарамастан, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобаларды қаржыландыруға қолданылмайды. Бұл ретте, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобалар 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімге қаржыландырылады.
Тетіктің шеңберінде банктердің/лизингтік компаниялардың меншікті қаражаты есебінен агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу және өндіру жөніндегі жобалар бойынша айналым қаражатын толықтыру мақсатына 100 % қаржыландыру кезінде мынадай іріктеу өлшемшарттары белгіленеді:
өтінім беру кезінде мерзімі өткен салық берешегінің болмауы;
кредиттерге/қаржылық лизингке қызмет көрсету жөніндегі ағымдағы төлемдер бойынша есеп айырысуларды жүргізу мақсатына қаражат жұмсауына жол берілмейді.
Тетік шеңберінде қатысу үлестерін сатып алуға жол берілмейді.
Ескерту. 43-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Жеке кәсіпкерлік субъектісі көрсетілген қорытындыны алғанға дейін банкке/лизингтік компанияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш беруші бекіткен жобаның паспорты (өтініш берушінің толық атауы; заңды мекенжайы (индекс, облыс, қала/аудан, елді мекен, көше, телефон); бірінші басшы (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы, жұмыс/ұялы телефон нөмірі, электрондық мекенжайы туралы ақпаратты қоса алғанда); өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі мен күні; өтініш берушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі; саланың, кіші саланың атауы; негізгі қызмет түрі (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішінің кодын көрсете отырып); шығарылатын өнімнің заттай мәндегі 3 (үш) жылғы номенклатурасы; өтініш берушінің белгіленген қуаттылығы (заттай және ақшалай мәнде); қуаттылықтың ағымдағы жүктемесі (пайызы); өндірістік жабдықтың ағымдағы тозуы (пайызы); ағымдағы еңбек өнімділігі (мың теңге/адам және мың АҚШ доллары/адам);
2) өтініш беруші бекіткен жобаның бизнес-жоспары;
3) өтініш беруші бекіткен жобаны іске асыру жоспар-кестесі.
Банк/лизингтік компания осы тармақта көрсетiлген құжаттарды мақұлдаған жағдайда банк/лизингтік компания оларды банктiң/лизингтік компанияның кредиттiк комиссиясы шешiм қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаржы агенттігіне жiбередi. Банктің/лизингтік компанияның кредиттік комиссиясының шешімі көрсетілген құжаттармен бір уақытта жіберіледі.
Олар тетік шарттарына сәйкес келген жағдайда салалық қорытындыны алу үшін тиісті салалық орталық уәкілетті органға сұрау салу жіберіледі.
Қажет болған жағдайда орталық уәкілетті мемлекеттік орган жеке кәсіпкерлік субъектісінен қосымша ақпарат/құжаттар сұратады.
ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру) бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 7,5 %-ын ЖКС төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады.
Кредит/лизинг жеке кәсіпкерлік субъектісіне ұлттық валютамен беріледі.
Осы тармақ 2018 жылғы 11 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылдан аспайтын мерзімді құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалса, субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған күннен бастап белгіленеді.
Ескерту. 51-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
51-1. Санкциялар қолданылатын банктер/лизингтік компаниялар бұрын мақұлдаған/берген және осы тетікте көрсетілген талаптарға сәйкес келетін кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады.
Бұл ретте қайта қаржыландыру банктердің/лизингтік компаниялардың меншікті қаражаты есебінен ғана жүзеге асырылады.
Ескерту. Қағида 51-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) кредит беру шарттарының жеке кәсіпкерлік субъектісінің бастамасымен өзгеруіне байланысты;
2) жеке кәсіпкерлік субъектісінің кредит бойынша міндеттемелерін бұзуы себебінен алынатын;
3) кепіл затына тәуелсіз бағалау жүргізуге, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;
4) қаржылық лизинг шартын орындауға (кедендік тазарту жөніндегі қызметтерді, лизинг нысанасын арнайы органдардың тіркеу қызметтерін өтеу) байланысты;
5) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерді қоспағанда, қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер барлық тараптар бірінші субсидиялау шартына қол қойған нақты күннен бастап 3 (үш) ай ішінде кәсіпкерге өтелуге тиіс.
Банк/лизингтік компания ағымдағы жылы алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді осы Субсидиялау қағидаларының тармағында көрсетілген мерзімдерде кәсіпкерге уақтылы өтемеген жағдайда банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.
4-параграф. Экономиканың неғұрлым көп зардап шеккен секторларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары
2020 жылғы 16 наурыздан бастап 2021 жылғы 15 наурызға (қоса алғанда) дейінгі кезеңде сыйақы мөлшерлемесі мен өтеу мерзімі ұлғайтылмай қайта қаржыландырылған, бірақ 2020 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша қолданыстағы кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидиялауға жатады.
Кредит 2020 жылғы 31 тамызға дейін (қоса алғанда) толық өтелген жағдайда субсидиялауға жол берілмейді.
Экономиканың неғұрлым көп зардап шеккен секторларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау берілген кредиттің/лизингтің ескіру мерзімі есепке алынбай жүзеге асырылады.
Бұл ретте мемлекеттің номиналды сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мөлшері мынадай болады:
1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі кредиттік шарт/лизингтік мәміле бойынша төлемдерді 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) төлеген жағдайда 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) кредит бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі мен 6 (алты) пайыз арасындағы айырма;
2) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 15 наурызға дейін (қоса алғанда) кредит бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі мен 6 (алты) пайыз арасындағы, бірақ 12 %-дан аспайтын айырма.
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап (қоса алғанда) 2021 жылғы 15 наурызға дейін (қоса алғанда), 2021 жылғы 1 сәуірден бастап (қоса алғанда) 2021 жылғы 31 тамызға дейін (қоса алғанда) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің номиналды сыйақы мөлшерлемесі 18 %-дан асатын кредиттік шарттары/лизингтік мәмілелері, оның ішінде 2020 жылғы 16 наурыздан бері төлемдерді төлеу жүзеге асырылмаған кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша номиналды мөлшерлемені банк/лизингтік компания 18 %-ға дейін төмендетуге (қайта құрылымдауға) тиіс.
Осы Субсидиялау қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша экономиканың ең көп зардап шеккен секторларында қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиті бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 18 %-дан аспауға тиіс.
Кредиттік шарт/лизингтік мәміле 2020 жылғы 16 наурыздан кейін жасалған кезде субсидиялау мерзімі кредиттік шарт/лизингтік мәміле жасалған күннен бастап 2021 жылғы 15 наурызға дейін (қоса алғанда) есептеледі.
2021 жылғы 1 сәуірден бастап 2021 жылғы 31 тамызға дейін (қоса алғанда) осы Субсидиялау қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес қызметін экономиканың ең көп зардап шеккен секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемелері де субсидиялауға жатады.
2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2020 жылғы 20 қазанға дейінгі кезеңде кредит өтелген жағдайда 2020 жылғы 16 наурыздан бастап кредитті өтеу күніне дейінгі кезең үшін сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бір бөлігінің сомасы қарыз алушыға банктің/лизингтік компанияның хаты және төленуге тиіс субсидиялар сомасы көрсетілген электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) төлемдер кестесі не шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесі (төлемдер тізілімі) және тиесілі субсидиялар сомасы және субсидияларды төлеу үшін қажетті деректер (жобаны тіркеу және іске асыру орны, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, кредиттік шарттың деректемелері) негізінде төленеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің қолданысы 2020 жылғы 16 наурыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
1) кредит/лизингтік мәміле бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін;
2) осы Субсидиялау қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш-сауалнаманың көшірмесін ұсынады.
Бұл ретте алуға тиесілі субсидия сомасын банк/лизингтік компания осы Субсидиялау қағидаларының нормаларын ескере отырып, дербес есептейді, қаржы агенттігі көрсетілген есеп-қисаптарды тексеруді жүзеге асырмайды.
Қарыз алушының кредиттері/лизингтік мәмілесі бойынша төлемдер кестесі өзгерген жағдайда (кредитті/лизингтік мәмілені ішінара өтеу, қайта құрылымдау және өзге де себептер) банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне банктің/лизингтік компанияның хатын және төлеуге тиесілі субсидиялар сомасы/өзгертілген тиесілі субсидиялар сомасы көрсетілген электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) өзгертілген төлемдер кестесін ұсынады.
Қаржы агенттігі қаражатты аударуды банк/лизингтік компания ұсынған субсидиялардың тиесілі сомалары көрсетілген төлемдер кестесіне/төлемдер тізіліміне сәйкес қаржы агенттігінің банктегі/банк-төлем агентіндегі шоттарына өткен кезең үшін өтеуге арналған сомаларды ескере отырып (қажет болған кезде) жүргізеді.
Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4-1-параграф. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары
Ескерту. 2-тарау 4-1-параграфпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
68-1. Кодекстің 232-1-бабында көзделген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау салалық шектеулерсіз және жобаны тіркеу және іске асыру орны ескерілмей жүзеге асырылады.
68-2. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін банктің/лизингтік компаниялардың жаңа кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша жүзеге асырылады.
68-3. Осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде бұрын мемлекеттік қолдау алмаған, кредиттерді/лизингтік мәмілелерді қайта қаржыландыруға бағытталған, бұрын банктер/лизингтік компаниялар қаржы агенттігіне жоба енгізілгенге дейін 2 (екі) жыл ішінде (мерзім бірінші кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) берген және осы Субсидиялау қағидаларында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келетін кредиттер/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады.
Қаржы агенттігінің субсидиялау құралы бойынша мақұлдауын алған әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бұрын мақұлданған субсидиялау шарттарында басқа банктерде/лизингтік компанияларда қайта қаржыландырылуы мүмкін.
68-4. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау әлеуметтік кәсіпкерлік шеңберінде мына мақсаттарға берілетін кредиттер/лизинг бойынша жүзеге асырылады:
инвестициялар (негізгі құралдарды сатып алу, құру және жаңғырту және (немесе) қолданыстағы бизнесті кеңейту);
айналым қаражатын толықтыру (кредиттерге/лизингтік мәмілелерге қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуларды жүргізуді қоспағанда және әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің негізгі қызметті жүзеге асыруымен байланысты емес өзге де мақсаттарды қоспағанда).
68-5. Жаңа кредиттерге/лизингтік мәмілелерге қаржы агенттігіне жоба енгізілгенге дейін 12 (он екі) ай ішінде банктер/лизингтік компаниялар бұрын берген кредиттер/лизингтік мәмілелер де жатады.
68-6. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредит/лизинг сомасы бір әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі үшін 1,5 млрд теңгеден аспауға тиіс. Айналым қаражатын толықтыруға бір әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі үшін кредит сомасы 500 (бес жүз) млн теңгеге дейін құрайды.
68-7. Субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 5 %-ын әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған номиналды сыйақы мөлшерлемесімен кредиттер/лизинг бойынша жүзеге асырылады.
68-8. Кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша субсидиялау мерзімі 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді/лизингтік мәмілелерді субсидиялау мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.
68-9. Қаржы агенттігі қолданыстағы кредитті/лизингті субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, банк/лизингтік компания әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісіне ағымдағы жылдың басынан бастап қаржы агенттігі ағымдағы жылы шешім қабылдаған күнге дейінгі кезеңде ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.
Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісіне барлық тараптар бірінші субсидиялау шартына қол қойған нақты күннен бастап 3 (үш) ай ішінде өтелуге тиіс.
Банк/лизингтік компания ағымдағы жылы алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді Субсидиялау қағидаларының осы тармағында көрсетілген мерзімдерде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісіне уақтылы өтемеген жағдайда банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.
5-параграф. Субсидиялар беру үшін қатысушылардың өзара іс-қимыл жасауы
1) жаңа кредит/микрокредит/қаржылық лизинг шарты, оның ішінде "жасыл" жобаны іске асыруға арналған кредит бойынша осы Субсидиялау қағидаларына/тетікке сәйкес келетін шарттарда банктің/МҚҰ-ның/лизингтік компанияның ішкі нормативтік құжаттарында бекітілген нысан бойынша кредит/микрокредит беруге/қаржыландыруға арналған өтінішпен;
2) қолданыстағы кредит/микрокредит/қаржылық лизинг шарты, оның ішінде "жасыл" жобаны іске асыруға арналған кредит бойынша осы Субсидиялау қағидаларына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде "жасыл" жобаны іске асыру үшін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мүмкіндіктерін пайдалану мақсатында жобаны қарау кезінде оны "жасыл" таксономияның белгілі бір кіші секторына жатқызу жобаның мәлімделетін мақсатына және шеңберінде жобаны іске асыру жоспарланып отырған экономикалық қызмет түріне сәйкес жүзеге асырылады. "Жасыл" таксономияның тиісті кіші секторы бойынша шекті шектеулер болмаған жағдайда, қаралатын жобаны "жасыл" таксономияның белгілі бір кіші секторына жатқызуды банк дербес жүзеге асырады. Осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде қарыз алушыға қаржылық қолдау алуға жәрдемдесу мақсатында банк қарыз алушыны қаржы агенттігіне қайта жібереді және осы қолдауды алу шарттарын түсіндіреді, оның ішінде қаржы агенттігіне қаралатын жобаның "жасыл" таксономияның шекті шектеуіне сәйкестігі туралы сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысын ұсынудың ықтимал қажеттігі туралы хабарлайды.
"Жасыл" таксономия қаралатын жоба жататын белгілі бір кіші сектор бойынша шекті шектеуді көздеген жағдайларда, өтініш берушінің қаржы агенттігіне іске асырылуы көзделіп отырған немесе іске асырылып жатқан жобаның "жасыл" таксономияның шекті мәніне сәйкестігі туралы сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысын ұсынуы осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде қаржылық қолдау алудың міндетті шарты болып табылады.
Жобаларды сыртқы бағалау провайдерлерінің санаттары бойынша "жасыл" таксономияның шекті мәндеріне сәйкестігіне жекелеген ережелер, олар дайындайтын қорытындылардың форматы мен мазмұнына қойылатын талаптар осы Субсидиялау қағидаларының 8-параграфында белгіленеді. "Жасыл" таксономияны қолдану Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Шекті өлшемшарт сертификаттау/таңбалау ("жасыл" құрылыс, энергия тиімділігі, органикалық өнім өндіру, көлік және т.б. саласындағы "жасыл" таксономияда көрсетілген стандарттар мен таңбаланымдардың талаптарына сәйкестікті растау) болып табылатын жағдайларда, тиісті сертификаттарды/таңбаланымдарды ұсыну жеткілікті растау (сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысына балама) болып табылады. Белгіленген жоба бойынша стандарттарға, таңбаларға және талаптарға жоспарланған сәйкестік мәлімделетін жағдайларда ғана сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысын алу талап етіледі. Кейіннен осы стандарттарға, таңбалануға және талаптарға сәйкестікті куәландыратын сертификаттар мен құжаттардың көшірмелері қаржыландырудың мақсатты пайдаланылуын растау болып табылады.
Ескерту. 70-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжат (кәсіпкердің қолымен және мөрімен (бар болса) расталған көшірме), дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама;
2) кәсіпкер жобасының бизнес-жоспары, ол мыналарды қамтиды:
салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту бойынша, сондай-ақ кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу бойынша немесе қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемін 10 %-ға өсіру бойынша кезеңдер (осы абзацтың талабы "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берілген жағдайда қолданылады);
өңірлік бағдарлама бойынша:
салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түсетін кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) өсуін ұлғайту немесе жобаны қаржыландыру күнінен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемін 10 %-ға ұлғайту;
тетік бойынша:
салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % инвестициялық мақсаттарға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу шарты;
салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар немесе салық төлемдері бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын немесе салық төлемдерін немесе өндіріс көлемін сақтау/ұлғайту (ақшалай мәнде) немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі қарыз алушының бір жобасы шеңберінде инвестициялық мақсаттарға және 50 %-дан аспайтын мөлшерде айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу шарты (тетіктің талаптарына сәйкес салықтар төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді);
салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар немесе салық төлемдері бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе өндіріс көлемін ұлғайту (ақшалай мәнде) немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % айналым қаражатын толықтыру мақсаттарына берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу шарты (тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді);
3) тауарлардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына өткізілуін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері (бар болса);
4) "жасыл" жоба бойынша сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысы/сертификат ("жасыл" таксономия қаралатын жоба жататын белгілі бір кіші сектор бойынша шекті шектеуді көздейтін жағдайларда "жасыл" жобаны іске асыру мақсаттары үшін кредит алуға арналған өтініш берілген кезде).
Кәсіпкер өңірлік/жергілікті үйлестірушіге өтінім дайындау және құжаттар жинау мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу үшін жүгіне алады.
Кәсіпкер өтінім берген сәтте сұратылып отырған кезең үшін салық берешегінің жоқ екені туралы анықтаманың болуы талап етіледі;
5) ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру) бойынша акцизделетін өнімді шығаратын жобаларға мынадай талаптар қойылады:
100 % инвестициялық мақсаттар: жұмыс орындарын ұлғайту немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін кірісті 20 %-ға өсіру;
қарыз алушының бір жобасы шеңберінде инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын 50 %-дан аспайтын мөлшерде толықтыруға: жұмыс орындарын және/немесе салық төлемдерін және/немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайту және/немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кірісті 20 %-ға өсіру (тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді).
Ескерту. 71-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Кәсіпкер және (немесе) ұсынылған материалдар осы Субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкес келген және (немесе) құжаттар топтамасы бойынша кемшіліктер болмаған жағдайда қаржы агенттігі құжаттар топтамасын алғаннан кейін төртінші күні кәсіпкердің жобасын қаржы агенттігінің уәкілетті органының отырысына шығарады.
Қаржы агенттігі жоба осы Субсидиялау қағидаларының 1-тарауының 10 және 11-тармақтарында, 2-тарауының 1, 2, 3, 5, 7 және 8-параграфтарында көрсетілген шарттарына сәйкес келмеген жағдайда дәлелді негіздемесімен субсидиялар беруден бас тартады.
Ескерту. 72-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар немесе салық төлемдері бойынша деректердің негізінде қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту бойынша кәсіпкерлердің міндеттемесі, сондай-ақ кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу немесе төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің өсуі бойынша кәсіпкерлердің міндеттемесі ("Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыты шеңберіндегі кәсіпкерлердің жобалары бойынша);
орындалуы тиіс "жасыл" жоба бойынша мәлімделген "жасыл" таксоманияның шекті өлшемшарттары:
1) энергия тұтынуды төмендетудің нақты ең төменгі мәндерін;
2) парниктік газдар шығарындыларының ең төменгі деңгейлерін;
3) қалдықтардың үлесін азайтуды/кәдеге жаратуды;
4) су тұтынуды төмендетуді;
5) ең озық қолжетімді технологиялар анықтамалықтарының талаптарына сәйкестікті (шекті өлшемшартта көрсетілген бөлігінде) көздейтін жағдайларда жобаны субсидиялау басталғаннан бастап 2 (екі) жыл өткен соң, кәсіпкер ұсынған сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысы негізінде кәсіпкердің шекті өлшемшарттарға қол жеткізуі жөніндегі міндеттемесі көрсетіледі.
75-1. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы өңірлік бағдарлама шеңберінде оң шешім қабылдаған жағдайда шешімде салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түсетін кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) өсуін ұлғайту немесе жоба қаржыландырылған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемін 10 %-ға ұлғайту көрсетіледі.
Ескерту. Қағида 75-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тиісті салалық орталық уәкілетті органның қорытындысы бар қаржы агенттігінің шешімі құжаттар топтамасы мен қажетті ақпарат банктен қаржы агенттігіне келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде беріледі.
Бұл ретте, қаржы агенттігінің уәкілетті органы оң шешім қабылдаған жағдайда шешімде жеке кәсіпкерлік субъектісінің мыналар бойынша міндеттемелері көрсетіледі:
салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % инвестициялық мақсаттарға берілетін кредиттік қаражат бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу;
салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар немесе салық төлемдері бойынша деректердің негізінде жұмыс органы/қаржы агенттігі қарыз алушының бір жобасы шеңберінде 50 %-дан аспайтын мөлшерде инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу (тетіктің талаптарына сәйкес салықтар төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді);
салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар немесе салық төлемдері бойынша деректердің негізінде жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % айналым қаражатын толықтыру мақсатына берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу (тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді);
Ескерту. 77-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Бұл ретте 2018 жылғы 27 қаңтарға дейін мақұлданған жобалар бойынша субсидиялау шарттарын жасау өңірлік үйлестіру кеңесі хаттамасының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бұрын мақұлданған шарттармен жүзеге асырылады.
Қаржы агенттігінің уәкілетті органы мақұлдаған жобалар бойынша 2021 жылғы 1 маусымнан бастап 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешімінің мерзімі бұрын мақұлданған шарттармен 2022 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылады.
6-параграф. Кәсіпкердің "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық өтінім беруі
1) кәсіпкердің жобаны іске асыру бизнес-жоспары не жоба бойынша сараптамалық қорытынды (банктің/МҚҰ-ның/лизингтік компанияның тиісті жұмыскерінің техникалық-экономикалық қорытындысы/экономикалық қорытындысы, бұл құжаттар болмаған жағдайда жобаның мәнін ашатын басқа құжаттар), сондай-ақ жобаның тиімділігін орындау кезеңдері;
2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекет аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды өткізуді растайтын тауарларға ілеспе құжаттардың көшірмелері (бар болса);
3) банктің/МҚҰ-ның/лизингтік компанияның ұлттық жобаға/тетікке қатысуға мүмкіндік беретін шарттармен кредит беру/қаржылық лизинг шартын жасау немесе кәсіпкердің кредиті/микрокредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатының сканерленген көшірмесі;
4) сыртқы бағалау провайдері қорытындысының/сертификаттың сканерленген көшірмесі ("жасыл" таксономия қаралатын жоба жататын белгілі бір кіші сектор бойынша шекті шектеуді көздейтін жағдайларда, "жасыл" жобаны іске асыру мақсаттары үшін кредит алуға өтініш берген кезде).
Ескерту. 79-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) тіркелген өтінімді осы Субсидиялау қағидалары/тетік шарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарауға қаржы агенттігіне жіберу;
2) кәсіпкерден түскен өтінімді қаржы агенттігінің қарауы.
Ескерту. 88-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
7-параграф. Субсидиялау тетігі
Ескерту. 90-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) кәсіпкер бастама жасаған кредит беру/микрокредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының өзгеруіне байланыстыларды;
2) кәсіпкердің кредит/микрокредит/лизинг бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен өндіріп алынатындарды;
3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланыстыларды;
4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланыстыларды (бөгде ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, арнаулы органдардың лизинг нысанасын тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерді, банктердің көрсетілетін қызметтерін өтеуді) қоспағанда, кәсіпкерден кредитке/лизингке байланысты комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмауға және белгілемеуге міндеттенеді.
Ескерту. 91-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) кәсіпкер бастама жасаған кредит беру талаптарының өзгеруіне байланысты;
2) кәсіпкердің кредит/лизинг бойынша міндеттемелерді бұзуының себебі бойынша алынатын;
3) кепіл затына тәуелсіз бағалау жүргізуге, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;
4) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерді қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісінен кредитке/лизингке байланысты комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмауға және белгілемеуге міндеттемелер қабылдайды.
Ескерту. 92-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) банк/МҚҰ/лизингтік компания:
қаржы агенттігінен хаттама/шешім алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;
2) қаржы агенттігі:
банктен/МҚҰ-дан/лизингтік компаниядан субсидиялау шартын алған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жасайды.
Субсидиялау шарты қағаз жеткізгіште/электрондық нысанда жасалады, бұл ретте субсидиялау шартының электрондық нысанына Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба қойылады.
Ескерту. 93-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 94-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 95-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 96-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 97-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 98-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Субсидиялау шартына қол қойылған күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын субсидиялау мерзімінің басталуы ашық кредиттік желілер шеңберінде берілген кейінгі кредиттерге (транштарға) қолданылмайды. Осы абзац ұлттық жоба шеңберінде Субсидиялау қағидалары бекітілген күннен бастап мақұлданған жобаларға қолданылады.
Ескерту. 99-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 100-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Жобалар бойынша субсидиялар тиісті өңірлік үйлестірушіден/кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органнан қаражат болған кезде төленеді.
101-1. Қосылу шарты бойынша кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидияланған жағдайда, кәсіпкер 3 (үш) айды құрайтын қаржы агенттігінің уәкілетті органының оң шешімінің қолданылу мерзімі ішінде кәсіпкердің өтінішіне қол қояды және банкке/лизингтік компанияға ұсынады. Банк/лизингтік компания кәсіпкердің банктік қарыз/қаржылық лизинг шартымен қоса берілген қол қойылған өтінішін және қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешімі қабылданған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде қаржы агенттігіне қосылу шарты бойынша төлемдер кестесін жібереді.
Қаржы агенттігі субсидиялау үшін қаражат болған кезде кәсіпкердің банктік қарыз/қаржылық лизинг шартымен қоса берілген өтінішін және қосылу шарты бойынша төлемдер кестесін субсидиялаудың толтырылған талаптарының қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешіміне сәйкестігі тұрғысынан қарайды, сондай-ақ қосылу шартына төлемдер кестесін сыйақының субсидияланатын бөлігін есептеудің дұрыстығы тұрғысынан келіседі және кәсіпкердің өтінішін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жауапты жұмыскердің қолымен растайды.
Ескертулер болған жағдайда қаржы агенттігі кәсіпкердің банктік қарыз/қаржылық лизинг шартымен қоса берілген өтінішін және қосылу шарты бойынша төлемдер кестесін 1 (бір) жұмыс күні ішінде қайтарады.
Ескерту. 2-тарау 101-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
101-2. Субсидияларды төлеу банк/лизингтік компания ұсынған және қаржы агенттігі келіскен қосылу шарты (субсидияланатын және субсидияланбайтын сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін көрсете отырып) бойынша төлемдер кестесінің негізінде жүзеге асырылады.
Қосылу шарты бойынша төлемдер кестесі бойынша субсидиялау мерзімі банк/лизингтік компания және кәсіпкер төлемдер кестесіне қол қойған күнге дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын белгіленеді. Көрсетілген шарт ашық кредиттік желілер шеңберінде берілген кейінгі кредиттерге (транштарға) қолданылмайды, бұл ретте қосылу шарты бойынша төлемдердің кейінгі кестелері кәсіпкердің өтінішінсіз ұсынылады.
Ескерту. 2-тарау 101-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
101-3. Жобалар бойынша субсидиялар тиісті өңірлік үйлестірушіден/кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органнан қаражат болған кезде төленеді.
Ескерту. 2-тарау 101-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
101-4. Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін төлеу күнін кәсіпкер, банк/лизингтік компания дербес айқындайды. Егер кредит/лизинг бойынша сыйақыны есептеу кәсіпкер, банк/лизингтік компания қосылу шарты бойынша төлемдер кестесіне қол қойған күннен кейінгі күннен басталатын жағдайда, кәсіпкер, банк/лизингтік компания қосылу шарты бойынша төлемдер кестесіне қол қойған күн субсидиялау кезеңіне қосылмайды.
Ескерту. 2-тарау 101-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 102-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 103-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
104-1. Өңірлік үйлестіруші қаржы агенттігіне тиісті қаржы жылында "Шағын жеке және орта жеке кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру" бағытын іске асыруға бөлінген соманың 50 % мөлшерінде қаржы агенттігі көрсеткен шотқа қаражат аударуды жүзеге асырады. Кейінгі төлемдер қаржы агенттігінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Ескерту. 2-тарау 104-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 105-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 106-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Standard&Poors рейтингтер шәкілі бойынша халықаралық рейтингтік агенттіктер беретін кредиттік рейтингі "В" деңгейінен төмендеген;
К4 коэффициентінің мәні 0,4 деңгейінен төмендеген;
пруденциялық нормативтер қатарынан 2 (екі) ай бойы бұзылған кезде кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды қаржы агенттігі банктің/даму банкінің/МҚҰ-ның/лизингтік компанияның кәсіпкердің кредит/микрокредит/лизинг бойынша толық төлем жүргізу (негізгі борыш, субсидияланатын және субсидияланбайтын сыйақы бөлігі) фактісі туралы хабарламасының негізінде не субсидиялау шарттарына төлем кестелерін негізге ала отырып, қысқа мерзімді кезеңге сыйақының субсидияланатын бөлігі бойынша кәсіпкердің алдағы міндеттемелерін өтейтін төлемдермен жүзеге асырады.
Банкте/даму банкінде/банк-төлем агентінде жоғарыда аталған көрсеткіштер түзетілген жағдайда қаржы агенттігі субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды субсидиялау шартына төлемдер кестесін/қосылу шарты бойынша төлемдер кестесін ескере отырып, аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) жүзеге асырады.
Ескерту. 107-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 108-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 109-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 111-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) кәсіпкер банк/МҚҰ/лизингтік компания алдында төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамаған;
2) кәсіпкер лизингтік компания/банк алдында лизингтік төлемдерді енгізу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) рет және одан көп орындамаған жағдайларда бұл туралы қаржы агенттігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде тиісті хатпен хабардар етеді.
Ескерту. 112-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 113-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Бұл ретте жеңілдікті кезеңнің/кейінге қалдырудың мерзімі осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде қаржы агенттігінің шешімінде көрсетіледі.
Кәсіпкердің жағдайын нашарлататын мән-жайлар туындаған жағдайда ол сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе кредит/микрокредит/лизинг бойынша негізгі борышты өтеу бойынша кредит/микрокредит/лизинг мерзімі ұзақтығының жартысынан аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең алуға/кейінге қалдыруға құқылы. Бұл ретте мұндай мән-жайлардың туындағаны Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімдерімен және/немесе уәкілетті органдардың құжаттарымен расталуға тиіс.
Кәсіпкер кредитті/микрокредитті/лизингтік мәмілені (негізгі борышты және сыйақыны) мерзімінен бұрын өтеген/қайта қаржыландырған жағдайда жеңілдікті кезеңнің/кейінге қалдырудың қолданылу уақытында кәсіпкерге субсидиялау мерзімі басталған күннен бастап мерзімінен бұрын толық өтеу/қайта қаржыландыру күніне дейінгі кезең үшін субсидиялар өтеледі.
Ескерту. 115-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Бұл ретте жеңілдік кезеңі/кейінге қалдыру мерзімі тетік шеңберінде қаржы агенттігінің шешімінде көрсетіледі.
Бұл тармақтың қолданылуы 2018 жылғы 11 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Кәсіпкер кредитті/лизингтік мәмілені (негізгі борышты және сыйақыны) мерзімінен бұрын өтеген/қайта қаржыландырған жағдайда жеңілдік кезеңінің/кейінге қалдырудың қолданылу уақытында кәсіпкерге субсидиялау мерзімі басталған күннен бастап мерзімінен бұрын толық өтеу/қайта қаржыландыру күніне дейінгі кезең үшін субсидиялар өтеледі.
Ескерту. 116-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 117-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 118-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Бұл ретте қаржыландыру талаптарына жүргізілген өзгерістер (келісуден бас тарту) келісу хатында анық көрсетіледі.
Ескерту. 119-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
119-1. Қосылу шарты бойынша субсидиялау кезінде төлем кестесінде көзделген қолданыстағы банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының талаптарына өзгерістер енгізілген кезде банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне өзгерістерді ескере отырып, банктің/лизингтік компанияның хатын және қосылу шарты бойынша төлемдер кестесін жібереді.
Бұл ретте егер банк/лизингтік компания кредит/лизинг сомасын және (немесе) сыйақы мөлшерлемесін, жеке сәйкестендіру нөмірін/бизнес-сәйкестендіру нөмірін ауыстыра отырып, кәсіпкердің атауын/борышты аудару мынадай шарттарды өзгерткен жағдайда, бұл өзгерістерді қаржы агенттігі 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігінің уәкілетті органның қарауына шығарады. Қарау нәтижелері бойынша қаржы агенттігінің уәкілетті органы қаржыландырудың қолданыстағы шарттарына өзгерістер енгізу мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді.
Қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылданғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігі хаттамадан үзінді көшірмені банкке/лизингтік компанияға және кәсіпкерге жібереді.
Кәсіпкердің өтінішінде көзделген талаптар өзгерген жағдайда, кәсіпкер қаржы агенттігінің үзінді көшірмесін алғаннан кейін банкке/лизингтік компанияға қосылу шартына қосымша өтініш жібереді, ол, өз кезегінде, осы өтінішті қаржы агенттігіне қосылу шартына өзгертілген кестемен ұсынады.
Ескерту. 2-тарау 119-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 120-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
8-параграф. "Жасыл" жобаларды іске асыруға арналған кредиттер бойынша сыйақыны субсидиялау шеңберінде жобаларды сыртқы бағалау
1) сәйкес келеді;
2) сәйкес келмейді.
Берілген қорытындының қолданылу мерзімі 6 (алты) айды құрайды.
1) сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі ұлттық орган аккредиттеген сәйкестікті растау жөніндегі органдар, сондай-ақ мәртебесі өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының аккредиттеуімен расталатын сәйкестікті растау жөніндегі шетелдік органдар;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган лицензиялаған, табиғат қорғауға қатысты жобалау мен нормалау, экологиялық сараптама және экологиялық аудит саласындағы ұйымдар (экологиялық аудиторлар);
3) "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты" акционерлік қоғамы жүргізетін энергия-аудиторлық сараптамаларды талдау нәтижелері бойынша ескертулері жоқ энергия-аудиторлық ұйымдар;
4) АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетінің жасыл қаржыландыру саласындағы лицензиясы бар консалтингтік компаниялар;
5) жаңа ғимараттар салуға, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған ғимараттар мен құрылыстарды өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыруға сараптама ұйымы өкілеттіктерінің құзыретін аккредиттеу жөніндегі уәкілетті орган аккредиттеген мемлекеттік сараптама ұйымдары немесе мемлекеттік емес сараптама ұйымдары;
6) "жасыл" технологиялардың сервистік операторы – "жасыл" технологиялар мен жобалардың тізілімін жүргізу, "жасыл" технологияларды коммерцияландыру және технологиялық бизнес-инкубациялау, "жасыл" жобаларды іске асыру үшін "жасыл" қаржыландыруды, оның ішінде инвестициялар мен гранттарды тартуға жәрдемдесу, "жасыл экономика" мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық, құқықтық, әдіснамалық, консультациялық және сараптамалық-талдамалық қолдауды жүзеге асыру "Жасыл көпір" әріптестік бағдарламасы бойынша халықаралық ынтымақтастықты және тәжірибе алмасуды ұйымдастыру бойынша кешенді қызметтер көрсететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы;
7) мақұлданған халықаралық верификатор ретінде климаттық облигациялар бастамасын (Climate Bonds Initiative) аккредиттеу туралы куәлігі бар халықаралық және ұлттық аудиторлық және консалтингтік ұйымдар.
9-параграф. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қайта бастау
Ескерту. 128-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) субсидиялау жүзеге асырылатын кредитті/микрокредитті мақсатсыз пайдалану фактілері анықталған кезде кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұрады, бұл ретте субсидиялау кредит қаражатын/лизингтік мәмілелерді мақсатсыз пайдалану сомасына барабар түрде тоқтатыла тұрады;
2) кәсіпкердің субсидиялау жүзеге асырылатын қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын алмауы;
3) жобаның және/немесе кәсіпкердің осы Субсидиялау қағидаларының шарттарына және/немесе уәкілетті органның шешіміне сәйкес келмеуі;
4) төтенше жағдайдың/ахуалдың қолданысы кезеңінде туындаған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкердің банктік қарыз шартына/микрокредит бойынша шартқа/субсидиялау шартына төлемдер кестесіне/қосылу шарты бойынша төлемдер кестесіне сәйкес төлемдерді төлеу бойынша банк/МҚҰ алдындағы міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамауы;
5) төтенше жағдайдың/ахуалдың қолданысы кезеңінде туындаған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкердің қаржылық лизинг шартына төлемдерді өтеу кестесіне/қосылу шарты бойынша төлемдер кестесіне сәйкес лизингтік төлемдерді енгізу бойынша лизингтік компания/банк алдындағы міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) рет және одан көп орындамауы;
6) кәсіпкердің шоттарындағы ақшаға тыйым салу (талап қоюды толық көлемде қамтамасыз ететін шоттағы ақша жеткілікті болған жағдайда талап-арызды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) және/немесе кәсіпкердің шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
7) Қазақстан Республикасының қаржылық лизинг туралы заңнамасында көзделген жағдайларда борышкерден лизинг нысанасын талап ету;
8) кәсіпкерлердің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту бойынша, сондай-ақ кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу бойынша немесе қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін бюджетке төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемін 10 %-ға өсіру бойынша міндеттемелерді орындамауы (кәсіпкерлердің "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағытындағы жобалары бойынша);
9) өңірлік бағдарлама шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту бойынша немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу бойынша немесе жоба қаржыландырылған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемін 10 %-ға өсіру бойынша міндеттемелерді орындамауы;
10) кәсіпкерлердің тетік шеңберінде мыналар:
салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % инвестициялық мақсаттарға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу;
салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар немесе салық төлемдері бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын немесе салық төлемдерін немесе өндіріс көлемін сақтау/ұлғайту (ақшалай мәнде) немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі қарыз алушының бір жобасы шеңберінде инвестициялық мақсаттарға және 50 %-дан аспайтын мөлшерде айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу (тетіктің талаптарына сәйкес салықтар төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді);
салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар немесе салық төлемдері бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе өндіріс көлемін ұлғайту (ақшалай мәнде) немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % айналым қаражатын толықтыру мақсаттарына берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу (тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді) бойынша міндеттемелерді орындамауы;
11) кәсіпкердің жоспарланған "жасыл" жоба бойынша мәлімделген "жасыл" таксоманияның шекті өлшемшарттары:
1) энергия тұтынуды төмендетудің нақты ең төмен мәндерін;
2) парниктік газдар шығарындыларының ең төмен деңгейлерін;
3) қалдықтардың үлесін азайтуды/кәдеге жаратуды;
4) су тұтынуды төмендетуді;
5) ең озық қолжетімді технологиялар анықтамалықтарының талаптарына сәйкестікті (шекті өлшемшартта көрсетілген бөлігінде) көздейтін жағдайларда жоба субсидияланғаннан бастап 2 (екі) жыл өткен соң кәсіпкер ұсынатын сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысы негізінде шекті өлшемшарттарға қол жеткізбеуі;
12) ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру) бойынша акцизделетін өнімді шығаратын жобалар бойынша мынадай:
100 % инвестициялық мақсаттар: жұмыс орындарын ұлғайту немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін кірісті 20 %-ға өсіру;
қарыз алушының бір жобасы шеңберінде инвестициялық мақсаттарға және 50 %-дан аспайтын мөлшерде айналым қаражатын толықтыруға: жұмыс орындарын ұлғайту;
және/немесе салық төлемдерін және/немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) және/немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кірісті 20 %-ға өсіру (тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді) талаптарын орындамау фактілері анықталған кезде субсидиялауды тоқтата тұрады.
Ескерту. 129-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Бұл ретте қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімінде субсидиялауды тоқтату/қайта бастау туралы негіздеме көрсетіледі.
Субсидиялауды тоқтату немесе қайта бастау қаржы агенттігі субсидиялауды тоқтата тұрған күннен бастап жүзеге асырылады, бұл ретте кредитті/микрокредитті/лизингтік мәмілені мақсатсыз пайдаланған кезде субсидиялау кредит қаражатын/лизингтік мәмілелерді мақсатсыз пайдалану сомасына барабар түрде тоқтатылады. Мақсатқа сай пайдаланылуын растайтын кредиттің/микрокредиттің/лизингтің қалған бөлігі бойынша және кәсіпкер мақсатсыз пайдаланудың мөлшеріне барабар түрде төленген субсидиялар сомасын қайтарған жағдайда субсидиялау төлемдер кестесіне/қосылу шарты бойынша төлемдер кестесіне сәйкес жалғастырылады. Кредиттің/микрокредиттің/лизингтік мәміленің толық мақсатсыз пайдаланылғаны анықталған жағдайда субсидиялау мерзімі басталған күннен бастап субсидиялау тоқтатылады.
Ескерту. 130-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 132-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Осы Субсидиялау қағидаларының 120-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлерді субсидиялауды тоқтату туралы қаржы агенттігінің шешімі бар кредиттер/микрокредиттер/лизинг қайта бастауға жатпайды.
Ескерту. 134-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) кәсіпкер банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания алдында банктік қарыз шарты/микрокредит бойынша шарт/қаржылық лизинг шарты бойынша кредитті/микрокредитті/лизингті толық өтеген (кәсіпкердің банкке/МҚҰ-ға/лизингтік компанияға кредитті/микрокредитті/лизингті толық өтеген күні субсидиялау тоқтатылған күн болып саналады);
2) қаржы агенттігінің уәкілетті органы субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдаған;
3) субсидиялау шарты кәсіпкердің бастамасы бойынша бұзылған жағдайларда субсидияларды төлеу тоқтатылады, ал субсидиялау шарты бұзылды деп танылады.
Ескерту. 135-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
135-1. Мынадай:
1) кәсіпкер банк/даму банкі/лизингтік компания алдында банктік қарыз шарты/қаржылық лизинг шарты бойынша кредитті толық өтеген (кәсіпкердің банкке/лизингтік компанияға кредитті/лизингті толық өтеген күні субсидиялау тоқтатылған күн болып саналады);
2) қаржы агенттігінің уәкілетті органы субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдаған;
3) кәсіпкер өзінің бұрын қол қойылған өтініші бойынша субсидиялау шарттарынан өз бастамасы бойынша бас тартқан жағдайларда қосылу шарты бойынша субсидияларды төлеу тоқтатылады.
Ескерту. 2-тарау 135-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 137-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 138-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Кәсіпкер күнтізбелік ай ішінде кредит/лизинг бойынша негізгі борышты бірнеше рет мерзімінен бұрын ішінара өтеген жағдайда банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігіне төлемдерді өтеу кестесін немесе қосылу шарты бойынша төлемдер кестесін өзгерте отырып, субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімді қоса бере отырып, банктік қарыз шартына/микрокредит бойынша шартқа/қаржылық лизинг шартына қосымша келісімнің осындай жағдайлар бойынша біріктірілген көшірмелерін не банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) өзгертілген төлемдерді өтеу кестесі бар және төленуге тиісті субсидиялар сомасы көрсетілген хатын ұсынуға жол береді.
Ескерту. 139-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Бұл ретте банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания салыстырып тексеру актісінде субсидияларды іс жүзінде есептен шығару сомалары мен күндерін көрсетеді, ал қаржы агенттігі субсидияларды аудару сомалары мен күндерін көрсетеді.
Ескерту. 140-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 141-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3-тарау. Жобалардың іске асырылуын мониторингтеу
Қаржы агенттігінің функцияларына мыналар жатады:
1) банк/даму банкі/МҚҰ ұсынатын деректер мен құжаттар негізінде субсидиялау шарты жасалған кәсіпкердің жаңа кредитті/микрокредитті мақсатты пайдалануын мониторингтеу;
2) банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания ұсынатын деректер негізінде кәсіпкердің төлем тәртібін мониторингтеу;
3) жобаның іске асырылуын (қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын пайдалануды) мониторингтеу;
4) жобаның және (немесе) кәсіпкердің осы Субсидиялау қағидаларының/тетіктің талаптарына және (немесе) қаржы агенттігінің шешіміне сәйкестігі тұрғысынан мониторингтеу.
"Жасыл" кредиттер бойынша қаржылық қолдау қаражатының мақсатты пайдаланылуын мониторингтеу шеңберінде шекті өлшемшарттар:
1) энергия тұтынуды төмендетудің нақты ең төменгі мәндерін;
2) парниктік газдар шығарындыларының ең төменгі деңгейлерін;
3) қалдықтардың үлесін азайтуды/кәдеге жаратуды;
4) су тұтынуды төмендетуді;
5) ең озық қолжетімді технологиялар анықтамалықтарының талаптарына сәйкестікті (шекті өлшемшартта көрсетілген бөлігінде) көздейтін жағдайларда провайдерлердің сыртқы бағалауы негізінде қаржы агенттігі қарыз алушының орындалуы тиіс "жасыл" жоба бойынша мәлімделген "жасыл" таксоманияның шекті өлшемшарттарға қол жеткізуін тексереді.
Сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысын қарыз алушы ұсынады.
Жобаны субсидиялау басталғаннан бастап 2 (екі) жыл өткен соң қарыз алушы мәлімделген көрсеткіштерге қол жеткізуге тиісті тәуелсіз бағалау не қаржы агенттігіне ұсынылатын энергия аудитін жүргізеді. Қарыз алушы мәлімдеген жоба бойынша "жасыл" таксономияның шекті өлшемшарттарының кейіннен орындалуына сыртқы тексерулерді жобаның "жасыл" таксономияның шекті өлшемшарттарына сәйкестігі туралы бастапқы қорытындыны берген бағалау провайдерлері жүргізуі мүмкін.
Ескерту. 142-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4-тарау. Өтпелі ережелер
Ескерту. 143-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 144-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қаржыландырудың ағымдағы шарттары өзгерген жағдайда, жобаның осы Субсидиялау қағидаларының қолданыстағы шарттарына сәйкес келуі қамтамасыз етіледі.
Қаржыландырудың ағымдағы шарттары өзгерген жағдайда, жобаның осы Субсидиялау қағидаларының қолданыстағы шарттарына сәйкес келуі қамтамасыз етіледі.
Қаржыландырудың ағымдағы шарттары өзгерген жағдайда, жобаның осы Субсидиялау қағидаларының қолданыстағы шарттарына сәйкес келуі қамтамасыз етіледі.
Осы Субсидиялау қағидалары бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар бойынша кепілгерге, тең қарыз алушыға, кредиттің мақсаты мен мерзіміне, кредит сомасын азайтуға, сыйақы мөлшерлемесіне, банкке/лизингтік компанияға, кейінге қалдыруға/жеңілдікті кезеңге, өтеу күніне, өтеу шарттарына, айналым қаражатын толықтыруға арналған лимиттің жаңартылуына/жаңартылмауына, кәсіпкер атауын, ЭҚЖЖ кодын өзгертуге қатысты қаржыландырудың ағымдағы шарттарына өзгерістер енгізуге жол беріледі.
Қаржыландырудың өзге шарттары өзгерген жағдайда жобаны осы Субсидиялау қағидаларының қолданыстағы шарттарына сәйкес келтіру қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 148-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
148-1. Қаржы агенттігі жаңадан құрылған облыс орталықтарында 2022 жылғы 7 маусымға дейін (қоса алғанда) мақұлдаған жобалар бойынша субсидиялау шарттарына кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттармен қол қоюға тиіс.
Қаржы агенттігі жаңадан құрылған облыс орталықтарында 2022 жылғы 7 маусымға дейін (қоса алғанда) мақұлдаған жобалар бойынша қаржыландырудың ағымдағы шарттарына кепілгерге, тең қарыз алушыға, кредиттің мақсаты мен мерзіміне, кредит сомасын азайтуға, сыйақы мөлшерлемесіне, банкке/лизингтік компанияға, кейінге қалдыруға/жеңілдікті кезеңге, өтеу күніне, өтеу шарттарына, айналым қаражатын толықтыруға арналған лимиттің жаңартылуына/жаңартылмауына қатысты өзгерістер енгізуге, кәсіпкердің атауын, ЭҚЖЖ кодын өзгертуге жол беріледі.
Қаржыландырудың өзге де шарттары өзгерген жағдайда жобаны осы Субсидиялау қағидаларының қолданыстағы шарттарына сәйкес келтіру қамтамасыз етіледі.
Ескерту. Қағида 148-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
148-2. 2022 жылғы 26 шілдеге дейін мақұлданған тетік шеңберіндегі жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттармен қолданылады.
Қаржыландырудың ағымдағы шарттарына кепілгерге, тең қарыз алушыға, кредиттің мақсаты мен мерзіміне, кредит сомасын азайтуға, сыйақы мөлшерлемесіне, банкке/лизингтік компанияға, кейінге қалдыруға/жеңілдікті кезеңге, өтеу күніне, өтеу шарттарына, айналым қаражатын толықтыруға арналған лимиттің жаңартылуына/жаңартылмауына қатысты өзгерістер енгізуге, кәсіпкердің атауын, ЭҚЖЖ кодын өзгертуге жол беріледі.
Қаржыландырудың өзге де шарттары өзгерген жағдайда жобаны осы Субсидиялау қағидаларының қолданыстағы шарттарына сәйкес келтіру қамтамасыз етіледі.
Ескерту. Қағида 148-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
|
|
2021 – 2025 жылдарға арналған |
Экономиканың басым секторларының тізбесі
|
ЭҚЖЖ коды |
Атауы |
|
1 |
2 |
|
Агроөнеркәсіптік кешен |
|
|
01 |
01.11 "Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіруді" қоспағанда, өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету |
|
03 |
Балық аулау және балық өсіру |
|
10 |
Тамақ өнімдерін өндіру |
|
11.06 |
Уыт өндіру |
|
11.07 |
Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және басқа да бөтелкелерге құйылатын сусындарды өндіру |
|
Тау-кен өндіру өнеркәсібі |
|
|
08.12.1 |
Қиыршық тасты және құмды карьерлерді қазу |
|
09 |
Кен өндіру өнеркәсібінде кызметтер көрсету |
|
Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндірісі |
|
|
13 |
Тоқыма бұйымдарын өндіру |
|
14 |
Киім өндіру |
|
15 |
Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру |
|
16 |
Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру |
|
17 |
Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру |
|
18 |
Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту |
|
20 |
Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру |
|
21 |
Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру |
|
22 |
Резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру |
|
31 |
Жиһаз өндіру |
|
Құрылыс материалдары және өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі |
|
|
23 |
Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру |
|
Металлургия, металл өңдеу, машина жасау |
|
|
24 |
Металлургия өндірісі |
|
25 |
Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру |
|
26 |
Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру |
|
27 |
Электр жабдықтарын өндіру |
|
28 |
Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру |
|
29 |
Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру |
|
30 |
Басқа көлік құралдарын өндіру |
|
33 |
Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату |
|
Өнеркәсіптің басқа да секторлары |
|
|
32 |
Өзге де дайын бұйымдар өндіру |
|
35.11.4 |
Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі |
|
35.11.5 |
Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі |
|
35.11.9 |
Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі |
|
35.11.2 |
Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі |
|
38 |
Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру) |
|
39 |
Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер |
|
Көлік және қоймалау |
|
|
45.2 |
Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу |
|
49.3 |
Құрлықтағы өзге де жолаушылар көлігінің қызметі |
|
49.41 |
Жүк автомобиль көлігінің қызметі |
|
50 |
Су көлігінің қызметі |
|
52 |
Жүктерді қоймалау және қосалқы көлік қызметі |
|
53 |
Табиғи монополиялар саласына жататын қызметті қоспағанда, пошта және курьерлік қызмет |
|
Туризм |
|
|
55.10 |
Қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі |
|
55.20 |
Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне тұрғын үй беру |
|
55.30 |
Кемпингтердің, автофургондарға арналған тұрақтардың және тұруға арналған автотіркемелердің қызмет көрсетуі |
|
Ақпарат және байланыс |
|
|
58 |
Баспа қызметі |
|
59.14 |
Кинофильмдерді көрсету жөніндегі қызмет |
|
61 |
Телекоммуникациялар |
|
62 |
Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер |
|
Меншік немесе жалға алынған мүлікті басқару немесе жалға беру |
|
|
68.20.1 |
Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау |
|
68.20.2 |
Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау (қосалқы жалдау) |
|
Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет |
|
|
69.2 |
Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу бойынша консультация беру |
|
71 |
Сәулет, инженерлік ізденістер; техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет |
|
72 |
Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер |
|
74 |
Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет |
|
75 |
Ветеринариялық қызмет |
|
Жалдау, жалға беру және лизинг |
|
|
77.11 |
Жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау және лизинг* |
|
Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет |
|
|
81 |
Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет |
|
Білім беру |
|
|
85 |
Білім беру |
|
Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер |
|
|
86 |
Денсаулық сақтау саласындағы қызмет |
|
87 |
Тұратын жерді қамтамасыз етіп әлеуметтік қызметтерді көрсету |
|
88 |
Тұратын жерді қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтер көрсету |
|
Өнер, ойын-сауық және демалыс |
|
|
91 |
Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің қызметі және мәдениет саласындағы өзге де қызметтер |
|
93 |
Спорт, ойын-сауықты ұйымдастыру (дискотекалар мен караокені қоспағанда) саласындағы қызмет |
|
Өзге де көрсетілетін қызмет түрлерін ұсыну |
|
|
95 |
Компьютерлерді, жеке пайдаланатын заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу |
|
96.01 |
Тоқыма және тері бұйымдарын жуу және (химиялық) тазалау |
* Осы ЭҚЖЖ отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалға алуды және лизингті көздейді
|
|
2021 – 2025 жылдарға арналған |
Өңдеу өнеркәсібі салаларының тізбесі
Ескерту. Қағида 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
|
ЭҚЖЖ коды |
Атауы |
||
|
1 |
2 |
||
|
Тамақ өнімдері мен сусындар өндірісі |
|||
|
10 |
Тамақ өнімдерінің өндірісі |
||
|
11.06 |
Уыт өндірісі |
||
|
11.07 |
Шөлмектерге құйылатын алкогольсіз сусындар, минералды сулар және басқа да сусындар өндірісі |
||
|
Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндірісі |
|||
|
13 |
Тоқыма бұйымдарының өндірісі |
||
|
14 |
Киім өндірісі |
||
|
15 |
Былғары және оған жататын өнімдер өндірісі |
||
|
16 |
Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарының өндірісі; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндірісі |
||
|
17 |
Қағаз және қағаз өнімдерінің өндірісі |
||
|
18 |
Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту |
||
|
20 |
Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі |
||
|
21 |
Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндірісі |
||
|
22 |
Резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі |
||
|
31 |
Жиһаз өндірісі |
||
|
Құрылыс материалдары және өзге бейметалл минералды өнімдер өндірісі |
|||
|
23 |
Өзге бейметалл минералды өнімдер өндірісі |
||
|
Металлургия, металл өңдеу, машина жасау |
|||
|
24 |
Металлургия өндірісі |
||
|
25 |
Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарының өндірісі |
||
|
26 |
Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндірісі |
||
|
27 |
Электр жабдықтарының өндірісі |
||
|
28 |
Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі |
||
|
29 |
Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндірісі |
||
|
30 |
Өзге көлік құралдарының өндірісі |
||
|
33 |
Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату |
||
|
Өнеркәсіптің басқа да секторлары |
|||
|
32 |
Өзге де дайын бұйымдар өндірісі |
||
|
|
2021 – 2025 жылдарға арналған |
|
|
Агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу жобаларының шеңберіндегі кредиттер бойынша субсидиялауға арналған тауарлар тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
|
Р/с № |
Тауарлар тобының атауы |
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы |
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші |
Шығарылатын өнімдер мен тауарлардың тізбесі |
||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
||
|
1.АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫ |
||||||
|
1 |
Еттен және құс етінен жасалған өнімдер |
Етті өңдеу және консервілеу |
1011 |
Ұша/шағын ұша түрінде немесе мүшеленген жас немесе тоңазытылған ет өндірісі. Тағамдық субөнімдер |
||
|
Үй құсының етін өңдеу және консервілеу |
1012 |
Қасапханада үй құстарын сою, етті өңдеу немесе өлшеп орау, мүшеленген жас немесе мұздатылған ет өндірісі |
||||
|
Еттен және үй құсының етінен жасалған өнімдер өндірісі |
1013 |
Кептірілген, тұздалған немесе ысталған ет өндірісі, дайын орамалар. Ет өнімдерін: шұжық, салями, қызыл шұжық, сүрленген құрғақ шұжық, сервелат, ысталған болон шұжығы, бас, орамалар, пісірілген ветчина жасау |
||||
|
2 |
Сүт және ірімшік өнімдері |
Сүт өңдеу және ірімшік жасау |
1051 |
Жаңа сауылған, пастерленген, зарарсыздандырылған, гомогенделген және/немесе ультра тазартылған табиғи сүт өндірісі. Сүт негізіндегі сусындар өндірісі. Жаңа сауылған қаймағы алынбаған, пастерленген, зарарсыздандырылған және гомогенделген сүттен қаймақ жасау. Құрғақ сүт немесе қоюлатылған сүт, қатты түрдегі сүт немесе кілегей өндірісі. Сары май, йогурт, ірімшік және сүзбе, айран, кілегей, сары су, казеин немесе лактоза өндірісі |
||
|
Балмұздақ өндірісі |
1052 |
Балмұздақ өндірісі |
||||
|
3 |
Жемістер мен көкөністерді өңдеу және консервілеу |
Картопты өңдеу және консервілеу |
1031 |
Өңделген мұздатылған картоп, құрғақ картоп езбесінің, картоптан жасалған басытқы, картоп қытырлақтары, картоп ұны мен түйіршіктерінің өндірісі |
||
|
Жеміс және көкөніс шырындарының өндірісі |
1032 |
Жемістерден және (немесе) көкөністерден жасалған шырындар өндірісі. Жас жемістерден және көкөністерден жасалған концентраттар өндірісі |
||||
|
Жемістер мен көкөністерді қайта өңдеудің және консервілеудің өзге де түрлері |
1039 |
Мұздатылған немесе консервіленген түрдегі дайын тағамдарды қоспағанда, негізінен жемістерден немесе көкөністерден тұратын тамақ өнімдерінің өндірісі. Жемістерді, жаңғақтарды немесе көкөністерді сақтау: мұздату, кептіру, май немесе сірке суын сіңіру, консервілеу және т.б. Жемістерден немесе көкөністерден тамақ өнімдерінің өндірісі Джемдер, мармеладтар және асханалық желе өндірісі. Жаңғақ қуыру. Жаңғақтардан жасалатын паста және өзге де азық-түлік өнімдерінің өндірісі. Жемістерді, жаңғақтарды немесе көкөністерді консервілеу: тоңазыту, кептіру, май ішінде немесе сірке суында сіңіру, герметикалық ыдыста консервілеу және т.б. |
||||
|
4 |
Балықтан, шаян тәрізділер мен моллюскілерден жасалған өнім |
Балықты, шаян тәрізділер мен моллюскілерді өңдеу және консервілеу |
1020 |
Балық, шаян тәрізділер мен моллюскілерді дайындау және сақтау: мұздату, терең мұздату, кептіру, өңдеу, сақтау, тұздау, консервілеу және т.б. Балық, шаян тәрізділер мен моллюскілер өндірісі: балық сүбесі, уылдырық, жасанды уылдырық және т.б. Адамдардың тамаққа пайдалануы үшін немесе жануарларды азықтандыру үшін балық өнімдерінің өндірісі, адамдардың тамаққа пайдалануына жарамсыз балықтан және өзге де су жануарларының түрлерінен ұн және еритін заттар өндірісі, кемелердің балықты қайта өңдеуге және сақтауға, теңіз балдырларын қайта өңдеуге бағытталған қызметі |
||
|
5 |
Ауыл шаруашылығы |
Уыт өндірісі |
1106 |
Уыт өндірісі |
||
|
6 |
Май-тоңмай өнімі |
Май мен тоңмай өндірісі |
1041 |
Тазартылмаған өсімдік майының өндірісі: қытайбұршақ, күнбағыс, мақта, сафлор, рапс, қыша, зығыр. Тазартылған өсімдік майының өндірісі: қытайбұршақ, күнбағыс, мақта, рапс, қыша, зығыр. Өсімдік майын өңдеу: айдау, қайнату, дегидрация, гидрогенизация және т.б. |
||
|
Маргарин және ұқсас тағамдық тоңмай өндірісі |
1042 |
Маргарин өндірісі. Қоспалар және т.б. өндірісі. Тамақ дайындауға арналған құрама тоңмай өндірісі |
||||
|
7 |
Өзге тамақ өнімдерінің өндірісі |
Қант өндірісі |
1081 |
Қант қызылшасы мен қант қамысынан қант жасау |
||
|
Какао, шоколад және қантты кондитерлік тағамдар өндірісі |
1082 |
Шоколад және шоколад кәмпиттерінің өндірісі. Қантты кәмпиттер: карамель, какао, нуга, помадка, ақ шоколад өндірісі. Сағыз өндірісі. Қантталған жемістер өндірісі. Шоколадты жаңғақ, цукат өндірісі. Кәмпиттер, жастықша кәмпиттер, қақ өндірісі |
||||
|
Татымдылықтар мен дәмдеуіштер өндірісі |
1084 |
Дәмқосарлар, тұздықтар мен дәмдеуіштер: майонез, қыша ұны мен дән түйіршіктерінің, қыша және т.б. өндірісі. Сірке суы өндірісі. Өнімдерді тұздау үшін тұзды өңдеу, мысалы йодталған тұз |
||||
|
Басқа санаттарға енгізілмеген өзге де тамақ өнімдерінің өндірісі |
1089 |
Жұмыртқа өнімдерінің, жұмыртқа альбуминінің, жұмыртқа ұнтағы мен меланж өндірісі |
||||
|
Басқа санаттарға енгізілмеген өзге де тамақ өнімдерінің өндірісі |
10899 |
Жасанды бал және карамель өндірісі. Сэндвич, жаңа пісірілген пицца (жартылай фабрикат) сияқты тез бұзылатын дайын тамақ өнімдерінің өндірісі). Басқа санаттарға енгізілмеген белсенді биологиялық қоспалар мен өзге де тамақ өнімдерінің өндірісі. Еттен, балықтан, шаян тәрізділерден немесе моллюскілерден жасалған тартылған ет өндірісі. Сүт өнімдері мен ірімшік өндірісі. Жасанды концентраттар өндірісі |
||||
|
8 |
Балалар тағамы |
Балалар тағамының және диеталық тамақ өнімдерінің өндірісі |
1086 |
Арнайы диеталар үшін пайдаланылатын тамақ өнімдерін: балалар тағамын; қосымша сүт және басқа да тамақ өнімдерін; сәбилерге арналған тамақ өнімдерін; калориясы аз және калориясы азайтылған өнімдерді жасау |
||
|
9 |
Ұн тарту өнеркәсібі өнімдерінің, крахмалдар мен крахмал өнімдерінің өндірісі |
Крахмал және крахмалдан жасалған өнімдер өндірісі |
1062 |
Күріштен, картоптан, жүгеріден, бидайдан крахмал жасау. Шикі жүгеріні майдалау. Глюкоза және (немесе) глюкоза-фруктоза шәрбатын, қант шәрбатын, мальтоза, инулин жасау. Дәннің маңызын жасау. Жүгері майын жасау |
||
|
Ұн-жарма өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі |
1061 |
Құрғақ бұршақ дәндерінің, тамырлар немесе сабақтар немесе жеуге жарамды жаңғақтар өндірісі. Құрғақ таңғы ас сияқты дәнді тамақ өнімдерінің өндірісі. Ұн қоспаларының және нанға, тортқа, бәлішке, пирогтар мен бисквиттерге, печеньелерге немесе құймақтарға арналған дайын ұн қоспалары мен қамырлар өндірісі. Бидай қауыздарының, қара бидай, сұлы, жүгері немесе басқа да дән қауыздарының өндірісі. Бидай, қара бидай, сұлы, жүгері, қарақұмық жармасы өндірісі. Қырналған, ұнтақталған, жылтыратылған, тегістелген, глазурьленген, буланған күріш өндірісі. Ұн өндірісі |
||||
|
10 |
Нан-бөлке және ұннан жасалған өнімдер өндірісі |
Нан өндірісі; ұннан жаңа пісірілген кондитерлік өнімдер, торттар мен бәліштер өндірісі |
1071 |
Наубайхана өнімдерінің өндірісі: нан, тоқаш пен орамалар, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, торттар, тәттінандар, бәліштер мен бисквиттер, жеміс тәттінандары, құймақ, вафли және т. б. |
||
|
Кептірілген нан және печенье өндірісі; ұзақ сақтауға арналған ұннан жасалған кондитерлік бұйымдар, торттар, тәтті тоқаштар, бәліштер және бисквиттер өндірісі |
1072 |
Кептірілген нан, печенье және өзге де құрғақ нан пісіру өнімдерінің өндірісі. Ұзақ сақтауға арналған ұннан жасалған кондитерлік бұйымдар мен торттар, тәтті тоқаштар, бәліштер мен бисквиттер өндірісі. Печенье, крекерлер, крендельдер және т.б. сияқты тұздалған және тәтті өнімдер өндірісі |
||||
|
Макарон өнімдерінің өндірісі |
1073 |
Макарондар, кеспелер, кеспе және (немесе) олардан жасалған жартылай фабрикаттар (тез дайындалатын) өндірісі. Қамырдан жасалған консервіленген немесе тоңазытылған өнімдер, оның ішінде макарон өнімдерінің өндірісі |
||||
|
11 |
Дайын тамақ өнімдері (өндірістік ауқымда) |
Дайындалған тамақ өнімдерінің өндірісі |
1085 |
Ет тағамдарының өндірісі. Тартылған балық етін қоса алғанда, балық тағамдарының өндірісі. Көкөністерден жасалған тағамдар өндірісі. Тоңазытылған пицца немесе өзге тәсілмен сақтау үшін дайындалған пицца өндірісі |
||
|
12 |
Мал азығының өндірісі |
Фермаларда ұсталатын жануарларға арналған дайын азық өндірісі |
1091 |
ІҚМ, ұсақ малға, жылқыларға, құстар мен шошқаларға арналған азық өндірісі |
||
|
13 |
Сусындар өндірісі |
Минералды сулар және басқа да алкогольсіз сусындар өндірісі |
1107 |
Шөлмектердегі табиғи минералды су және өзге де минералды сулар өндірісі. Алкогольсіз сусындар өндірісі: алкогольсіз хош иістендірілген және/немесе тәттілендірілген сусындар: лимонад, оранжад, кола, жеміс сусындары, тониктер және т.б. |
||
|
|
2021 – 2025 жылдарға арналған |
|
||||
Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс жобалары шеңберіндегі кредиттер бойынша субсидиялауға арналған тауарлар тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
|
Р/с № |
Тауарлар тобының атауы |
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы |
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші |
Шығарылатын өнімдер мен тауарлардың тізбесі |
||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
||
|
1.АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫ |
||||||
|
1 |
Ауыл шаруашылығы |
Дәнді дақылдарды (күрішті қоспағанда), бұршақты дақылдар мен майлы тұқымдарды өсіру |
0111 |
Қытайбұршақ, жержаңғақ, мақта тұқымы, кәдімгі майкене, зығыр тұқымы, қыша тұқымы, майлы нуга тұқымы, рапс тұқымы, бояғыш мақсары тұқымы, күнжіт тұқымы, күнбағыс тұқымы, өзге де майлы тұқымдар сияқты майлы тұқымдарды өсіру. Бидай, жүгері, құмай, арпа, қара бидай, сұлы, тары, өзге де дәнді дақылдар, оның ішінде тұқымдық қорды қалыптастыру үшін |
||
|
Күріш өсіру |
0112 |
Күріш өсіру |
||||
|
Көкөністер және бақша өнімдерін, тамыржемістілер мен түйнекжемістілерді өсіру |
0113 |
Көкөніс, оның ішінде қызанақ, басты пияз, шалот пиязы, сарымсақ, порей пиязы және басқа да пиязды көкөністер, қауданды қырыққабат, гүлді қырыққабат, кольраби, жапырақты қырыққабат және басқа да осыған ұқсас жеуге жарамды көкөністер, картоп, сәбіз, шалқан, тамыр балдыры, шалғам басқа да осыған ұқсас жеуге жарамды тамыржемістілер, бұрыш, қияр мен корнишон, қант қызылшасы және асханалық қызылша, көкөніс, картоп, қант қызылшасының тұқымдарын өсіру. Бақша дақылдарын өсіру, оның ішінде қарбыз, қауын және асқабақ өсіру. Саңырауқұлақтар мен трюфельдерді өсіру |
||||
|
Талшықты иіру дақылдарын өсіру |
0116 |
Мақта, зығыр өсіру. Мақта тұқымын өсіру |
||||
|
Басқа да маусымдық дақылдарды өсіру |
0119 |
Тарна, жемдік қызылша, жем-шөп, беден, жоңышқа, эспарцет, жемдік жүгері және басқа шөптерді, жемдік қырыққабат және қарапайым жемдік өнімдерді өсіру. Қарақұмық өсіру. Қант қызылшасы (қант қызылшасы тұқымдарын қоспағанда) және азықтық өсімдіктер тұқымын өсіру |
||||
|
Жүзім өсіру |
0121 |
Шарап жүзімі және жүзімнің асханалық сорттары |
||||
|
Дәнді жемістер және сүйекті жемістер өсіру |
0124 |
Дәнді және сүйекті жемістер: алма, өрік, шие және қызыл шие, шабдалы және тақыр шабдалы, алмұрт және беже, қара өрік және шомырт өсіру |
||||
|
Өзге де жеміс ағаштарын, бұталар мен жаңғақ түрлерін өсіру |
0125 |
Жидек өсіру: қарақат/көкжидек, қарақат, қарлыған, киви, таңқурай, құлпынай/бүлдірген, өзге де жеміс түрлері. Жемістердің тұқымдарын өсіру. Жеуге жарамды жаңғақтарды өсіру: бадам, кешью, талшын, фундук/орман жаңғағы, пісте, грек жаңғағы, басқа да жаңғақ түрлері. Жеміс ағаштарының, бұталардың басқа түрлерін өсіру: айлауық жемістері |
||||
|
Малдың және қодастың басқа да тұқымдарын өсіру |
0142 |
Ет алу үшін ірі қара мал мен қодасты көбейту |
||||
|
Малдың сүтті тұқымдарын өсіру |
0141 |
Малдың сүтті тұқымдарын өсіру және көбейту. Шикі сүт алу |
||||
|
Жылқы өсіру |
0143 |
Жылқы өсіру |
||||
|
Түйелер мен түйе тұқымдастарды өсіру |
0144 |
Түйелер мен түйе тұқымдастарды өсіру және молайту |
||||
|
Қой мен ешкі өсіру | ||||||