Ақсуат ауданы Ақсуат ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ақсуат ауданы Ақсуат ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылдың 4 мамырына тағайындалсын.
- 2025 жылғы 4 мамырға тағайындалған Ақсуат ауданының Ақсуат ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында және аудандық «Тарбағатай» газетінде жариялансын.
Сайлау
комиссиясының төрағасы Ғ.Закариянов
Сайлау
комиссиясының хатшысы Н.Ахметова
Ақсуат ауылы
2025 жыл 26 наурыз
№ 10