Дүниежүзілік сайлау күні

           Дүниежүзілік сайлау күнін атап өтуге байланысты Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясы арнайы жасалған жоспар негізінде 2025 жылғы 5 ақпан күні Ақсуат ауылындағы К.Нұрбаев және  Қожагелді батыр атындағы орта мектептерінің жоғары сынып оқушыларымен сынып сағаттарын және аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен аудан мектептерінің оқушыларымен дөңгелек ұстел өткізді.  Сынып сағатында және дөңгелек үстел қатысушыларға "Сайлау органдары және олардың жүйесі" тақырыбында ақпарат баяндалып, болашақ жас сайлаушыларға “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан  Республикасының заңынан түсініктемелер берілді.  Оқушыларға жалпы сайлау ұғымы, дауыс берудің маңыздылығы және сайлаушылардың құқықтары туралы айтылып, қатысушылар  байқаушылар туралы, дауыс беруге қатысу тәртібі, сайлау  учаскелері туралы сұрақтар қойып, өз ойларын толықтыра түсті.

 

 

 

Дата публикации
05 февраля 2025