Дүниежүзілік сайлау күнін атап өтуге байланысты Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясы арнайы жасалған жопар негізінде аудан жастарымен аудандағы сайлаушылардың саяси мәдениетін қалыптастыру және ортақ өзекті мәселелерді талқылау, көкейде жүрген ойларын тыңдау мақсатында кездесу өткізді. Кездесуде "Сайлау органдары және олардың жүйесі", "Әкімді сайлау: ұсыну, тіркеу, қойылатын талаптар" тақырыбында ақпараттар баяндалып, түсініктемелер берілді. Кездесу пікіралмасу форматында өтіп, жастар тарапынан әкім сайлауына , сайлаушылар тізіміне, сайлау учаскелерінің жұмысына қатысты сұрақтар қойылып, сайлауға қатысты өз ойлары ортаға салынды.