Аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің 2024 жылы атқарылған жұмыстары туралы
Хабарлама
2024 жылдың 12 айында ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда өсу қарқыны қамтамасыз етілді.
Ауыл шаруашылығында өндірілген өнімнің жалпы көлемі 26 млрд 616 млн 500 мың теңгеге жетіп, өсу қарқыны 101,4 пайыз болды.
Аудандағы ірі қара 122894 мың басқа, қой мен ешкі – 185233 мың басқа, жылқы – 25971 мың басқа жетіп, тиісінше ірі қара – 51,4 пайызға, қой-ешкі – 17,2 пайызға көбейді, жылқы – 5,7 пайызға көбейді.
2024 жылдың 12 айында ауыл шаруашылығы саласында бірқатар үлкен жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда:
«Агробизнес» бағдарламасы арқылы 7 жобаға 195,1 млн теңгенің несие қаражаты алынды.
Қазіргі таңда мал басын өсіріп қана қоймай, нарықтың сұранысына сәйкес, аудан шаруашылықтары асылдандыру жұмысына да ерекше ден қойып отыр. Мысалы аудандағы асылтұқымды шаруашылықтар саны 75-ке жеткізіліп, былтырғы жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 104,1 пайыз болды.
Оның ішінде 58-і ірі қара, 12-сі қой, 5-уі жылқы өсірумен айналысуда.
Ауданда жалпы асыл тұқымды ірі қара малы – 25 006 басқа, қой – 125 142 басқа, жылқы – 1 770 басқа жеткізіліп, тиісінше ірі қараның – 19 пайызын, қойдың – 57 пайызын, жылқының – 6,1 пайызын құрады.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға аудан шаруашылықтары мемлекеттен 1 млрд. 930 млн. теңге көлемінде субсидия алу жоспарлануда, өсім 120,5 пайызды құрайтын болады. (2023 жылы 1 млрд 600 млн. теңге).
Аудан бойынша 2024 жылы 7560 га суармалы егістік жер игерілсе, 2025 жылы 8260 га суармалы егістік жер көлемдерін игеру жоспарланып отыр.
Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумында сөйлеген сөзінде ауыл шаруашылық техникалары паркін жылына 8-10 пайызға жаңалау тапсырмалары берілген болатын. Осыған орай ауданымызда ауыл шаруашылығы техникалар паркін жаңалау мақсатында ауданымыздың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері лизинг арқылы 2024 жылы аудан бойынша 43 бірлік жаңа тракторлар, 36 бірлік қосалқы құрылғыларын сатып алды.
2025 жылы аудан бойынша жаңадан 60 бірлік ауыл шаруашылық техникаларын және 60 бірлік қосалқы құрылғыларын сатып алу жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылығы техникалары паркін жаңалау жұмыстары жыл сайын жаңарып, жаңадан сатып алынатын техникалар саны артып келеді.
Абай облысы Ақсуат ауданында 1 357 290 гектардан астам ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімі бар. Оның ішінде: жайылымдық – 1 159 391 гектар, шабындық –55 709 гектар, егістік – 14 082 гектар.
Ауданның күн көрісі, негізгі бағыты ауыл шаруашылығы саласы болғандықтан, ауыл шаруашылығы саласының негізі тірегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері. 2018 жылы 4 мамыр күні ҚР Жер кодексіне өзгеріс енгелі аудандарда пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері анықталып, пайдаланылмай жатқан жер телімдері ҚР Жер кодексінің 94 – бабына сәйкес қайтарылып алынуға ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қайтарылып алынған жер телімдері ауданға келген жаңа шаруашылық құрушыларға, шаруашылығын кеңейтушілерге беріліп, айналымға енген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің кеңіп келеді.
ҚР Президетінің тапсырмасына сәйкес, жер телімдерін мақсатына сай пайдаланылмай отырған 2023 жылы 38 участок жалпы ауданы 69 513 гектар жер телімі қайтарылса, 2024 жылы жалпы ауданы 22 016 гектар жер телімі мемлекеттің арнайы жер қорына қайтарылды. Бұл дегеніміз облыстың берген жоспар тапсырмасы 122 пайызға артығымен орындалды.
Сонымен қатар пайдаланылмай жатқан жер телімін қайтарып алу мақсатында 2024 жылы «Абай облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің» қарауына Ақсуат ауылдық округінен 14 жер иеленушінің 611,4 гектар жер телімі, Құмкөл ауылдық округінен 10 жер иеленушінің 4 877 гектар жер телімі, Қызылкесік ауылдық округінен 2 жер иеленушінің 812 гектар жер телімдеріне зерттеу жұмыстары жүргізіліп жиыны 26 жер иеленушінің 6 300 гектар жер телімі ұсынылды.
2025 жылдық жоспарға келсек пайдаланылмай жатқан көшіп кеткен шаруа қожалық иелерінің жер телімдерін мөлшермен 36 000 гектар жер телімін қайтару жоспарда бар.
Осы жоспарды орындау мақсатында пайдаланылмай жатқан жер телімдерін мемлекеттің арнайы жер қорына, жер кодексінің 84 бабы бойынша елді мекендер мен ауыл тұрғындарының мал жайылымдығы мақсатында қайтарылады, жәнеде жер инспекторы сайты базасы арқырылы тексеріс жұмыстары жүргізіліп спутникті бақылау арқылы жер телімінің басында мал бастары жоқ шаруа қожалықтарға Хабарлама жолданатын болады. Егер жер иеленуші жер алып мақсатына сай, ұтымды пайдаланбаса жер инспекторы жер иеленушіні тексеріп, жер салығын 10 есе өсіріп 1 жылға нұсқама береді. Берген нұсқаманы жер иеленуші орындамаса ары қарай ҚР Жер кодексінің 92-94 баптарына сәйкес мемлекеттің меншігіне қайтаруға сотқа жолдайтын болады.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 «Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Ақсуат ауданы бойынша аукционға шығаруға 11 жер телімін жоспарлап отырмыз, сауда саттық мақсатында берілетін жер телімдерінің жалпы көлемі 1,5766 гектар жердің бағалау құны 3 180 735 теңгені құрайды. 2024 жылы аукциондық негізде жер телімдерінің бағасын көтеру әдісі бойынша 3 участок бағасы 1 763 088 теңгеге сатылып берілген болатын. Осы аукционға қойылып сатылған жерлердің қаражаты жергілікті ауылдық округтерінің бюджеттеріне аударылады.
Өнекәсіп өнімдерінің көлемі 588,9 млн. теңге болып, салыстырмалы кезеңде /516,7/ млн. теңге, 105,4 % артты.
Бөлшек сауда тауар айналымының 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 9896,135 млн. теңге болып, былтырғы жылдың осы кезеңінде 9152,3 млн. теңге, өсу қарқыны 108,1 %, НКИ 103,1 % артығымен орындалды.
Негізгі капиталға жеке тұлғалардан тартылған инвестиция, қаңтар-желтоқсан айларында, оның ішінде: шаруа қожалықтардың жаңадан сатып алынған техникалары 641,326 млн. теңге. 47 трактор, 2 мини 487,3 млн. теңге, 3 погрузчик 43,810 млн, 1 тамшылатып суару құрылғылары 17,667 млн, 39 қосалқы бөлшектер 92,549 млн. теңге.
Аудан бойынша жұмыс істеп тұрған 2076 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер бар. Оның ішінде: 103 шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар, 2 орта, 681 дара кәсіпкерлер, 1290 шаруа қожалықтар.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне мониторинг жүргізетін 1 аудандық жұмыс тобы мен 9 мобильдік топтар жұмыс істеуде.
Дүкен иегерлеріне атқарушы органның жасалатын мониторинг кезінде меморандумда көрсетілген баптарды сақтау, негізсіз бағаны өсірмеу туралы түсінік жұмыстары үнемі жүргізілді.
Ауданның атқарушы органдары мен азық-түлік саудалайтын сауда дүкендері иегерлері арасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне сауда қосымшасын 15 %-тен асырмау туралы 92 екі жақты меморандум жасалды. Тұрғындардан жыл көлемінде бағаның өскендігі туралы шағым түскен жоқ.
Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін тұрақты ұстау мақсатында бекітілген кестеге сәйкес, ауданда өндірілген өнімдерді халыққа қол жетімді бағада саудалау мақсатында әр айда екі мәртеден жәрмеңке тұрақты өткізілді.
12 айда 18 мәрте жәрмеңке өткізіліп, 38,2 млн. теңгенің өнімдері саудаланды. Сонымен қатар басқа да жергілікті жерде өндірілген өнімдер халыққа қол жетімді бағада ұсынылды.
Ауданның тауар өңдірушілері бекітілген кестеге сәйкес, екі мәрте Семей қаласындағы «Северный» сауда базарындағы жәрмеңкеге қатысып, сиыр, қой, жылқы еттерін бекітілген бағада 45,0 млн теңгенің ет өнімдерін саудаласа, бір рет Астана қаласында облыстың ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне белсене қатысып, 8,0 тонна ет өнімдерін немесе 17,6 млн. теңгенің, бір рет Алматы қаласына 3,0 тонна немесе 7,2 млн. теңгенің өнімдерін саудалады.
Бөлім басшысы С.Ахметов