2024 жылы Ақсуат ауданының жергілікті атқарушы органдары арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы
АҚПАРАТ
2024 жылы Ақсуат ауданы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өкілдеріне өкілдеріне 6920 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 217 қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, 695 қызмет мемлекеттік орган арқылы, қалған 6008 мемлекеттік қызмет электронды түрде көрсетілген.
Есепті мерзім ішінде мерзімі бұзылып орындалған мемлекеттік қызметтер жоқ. Аудан әкімі аппаратының тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді уақытылы орындау үшін «Мониторинг» ақпараттық жүйесі арқылы күнделікті талдау жүргізіліп отырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен Ережелерінде көрсетілмеген құжаттарды талап ету фактілері жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану фактілері тіркелмеген.
«Ашық диалог» порталында 2024 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 5 интернет коференциялар мен 5 сұраулар өткізілді.
Сонымен қатар аудан әкімінің ресми сайтындада қызметтерді алу жолдарын түсіндіруге бағытталған ақпараттар жарияланып отырады. Жалпы жыл басынан бері 89 ақпараттық материал жарияланған.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 42 тармағы, Ақсуат ауданы әкімі аппараты басшысының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 56 бұйрығымен бекітілген 2024 жылға арналған Ақсуат ауданының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына бақылау шараларын жүргізу жоспарына сәйкес тексеру жұмыстары жүргізіліп отырады. 2024 жылдың басынан бері 5 ішкі бақылуа жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша – 1 кемшілік анықталды. Ол қызмет көрсетудің бизнес процестерін бұзу – 1.
Халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселелері Ақсуат ауданы әкімі аппаратының жіті бақылауында.
Ақсуат ауданы әкімі аппаратының
ұйымдастыру жұмысы, заң,
ақпараттық технологиялар және
мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу
бөлімінің басшысы А. Абилбеков