2024 жылғы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
16.01.2025 жыл Ақсуат ауылы
2024 жылы жолдарға орташа жөндеу жұмыстары аяқталған және жүргізіліп жатқан жобалар бойынша төмендегідей:
1. «Абай облысы Ақсуат ауданы Кіндікті ауылына кіре беріс аудандық маңызы бар жолды орташа жөндеу 12-24 шқ» 2023 жылы 197 520,92 мың. теңге бөлініп игерілді, 4 шақырым жердің негізін көтеріліп, асфальт төселді. 2024 жылға 433 039,08 мың. теңге қарастырылған. Мердігер “СК Зайсан” ЖШС-і. Жолдың шетін көтеріп, қырып тегістеу жұмыстары жүргізіліп, биылғы жылға 7 шқ жолға асфальт төселді.
2. «Абай облысы Ақсуат ауданы KU AK-484 "Сатбаев-Көктүбек" 0-9,0 шақырым аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеу» 13.11.2023 жылы 450 092,5 мың. теңеге конкурс ойнатылып “СК Зайсан” ЖШС-і жұмыстарын толығымен атқарды.
3. «Абай облысы Ақсуат ауданы Сатпаев ауылы Қабанбай көшесі " 0-1,4 шақырым жолын орташа жөндеу» 31.01.2024 жылы 81 832,8 мың теңге. Мердігер “СК Зайсан” ЖШС-і жұмыстарын толығымен аяқтады.
4. «Абай облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылы "Т.Қалмақбаев 0-6,1 шақырым көлік жолдарын орташа жөндеу» 08.12.2023 жылмен 283 902,1 мың теңгеге мердігер “ПМК құрылыс” ЖШС-і 5,3 шқ асфальт жамылғысын төсеу жұмыстарын жүргізген.Жұмыс толығымен аяқталған.
5. «Абай облысы Ақсуат ауданы KU AK-75 "Қызылжұлдыз ауылына кіреберіс" аудандық маңызы бар автомобиль жолы 0-3,6 шақырымына орташа жөндеу» 147 026,2 мың теңгеге мердігер “ПМК құрылыс” ЖШС-і жолдың негізгі қабатын қырып тегістеп құм-қиыршық тас төгу жұмыстарын атқарып, асфальт төсеу жұмыстарын толығымен аяқтады.
6. « Абай облысы Ақсуат ауданы KU AK-175 Ойшілік ауылына кіреберіс аудандық маңызы бар автомобиль жолын 2,4-9,6 шақырымына орташа жөндеу» 27.06.2024 жылмен 768 661,6 мың теңгеге мердігер “Өскенмен Тазалық” ЖШС-і 3 шқ жолдын негізгі қабатын жасау жұмыстарын жүргізген. Жол жөндеу жұмыстары 2025 жылы аяқталады.
7. «Абай облысы Ақсуат ауданы Кіндікті ауылына кіре беріс аудандық маңызы бар тасжолында Боғас өзенінде орналасқан көпірге реконструкциялау» Жоба құны- 564 660,04 мың. теңге. Мердігер “СК Зайсан” ЖШС-і. Құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.
Құрылысы жұмыстары бойынша
1. «Абай облысы Ақсуат ауданы Сұлутал ауылындағы медициналық пунктке сыртқы инженерлік желілер салу және абаттандыру» ҚМЖ-на 40 516,452 мың. тенгеге 05.03.2024 жылмен конкурс ойнатылып 36984,076 мың теңгеге “ПМК құрылыс” ЖШС-і жеңімпаз атанып, 09.04.2024 жылмен №92 келісімшартқа отырды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.
2. «Абай облысы Ақсуат ауданы Үштөбе ауылындағы дәрігерлік - амбулаторияға сыртқы инженерлік желілер салу және абаттандыру» ҚМЖ-на 44 052,79 мың. теңгеге 05.03.2024 жылмен конкурс ойнатылып 40254,121 мың теңгеге “ПМК құрылыс” ЖШС-і Тел.: 87778537402, жеңімпаз атанып, 09.04.2024 жылмен №91 келісімшартқа отырды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.
3. «Абай облысы Ақсуат ауданы Екпін ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға сыртқы инженерлік желілер салу және абаттандыру» ҚМЖ-на 47 128, 043 мың. теңгеге 05.03.2024 жылмен конкурс ойнатылып 43469,444 мың теңгеге “ПМК құрылыс” ЖШС-і жеңімпаз атанып, 09.04.2024 жылмен №94 келісімшартқа отырды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.
4. «Абай облысы Ақсуат ауданы Айнабастау ауылындағы медициналық пунктке сыртқы инженерлік желілер салу жəне абаттандыру» ҚМЖ-на 31 995, 421 мың. теңгеге 05.03.2024 жылмен конкурс ойнатылып 28560,609 мың теңгеге "Dim Nur company” ЖШС-і жеңімпаз атанып, 23.04.2024 жылмен №95 келісімшартқа отырды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.
5. «Абай облысы Ақсуат ауданы Кіндікті ауылындағы фельдшерлік медициналық пунктке сыртқы инженерлік желілер салу және абаттандыру» ҚМЖ-на 39 215,220 мың. теңгеге 05.03.2024 жылмен конкурс ойнатылып 35910,652 мың теңгеге “ПМК құрылыс” ЖШС-і, жеңімпаз атанып, 09.04.2024 жылмен №93 келісімшартқа отырды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.
6. «Абай облысы Ақсуат ауданы Көктүбек ауылындағы медициналық пунктке сыртқы инженерлік желілер салу және абаттандыру» ЖСҚ-ы, “Облградпроект” ЖСШ-і арқылы меморандумға отырып 13.02.2024 ж. № SHYGYS-0013/24 сараптама қорытындысы алынған. Сметалық құны 35 570, 911 мың. теңгеге. Мердігер "Turan Project Group" ЖШС. Қазіргі уақытта электр желілерінің бағаналары толығымен орнатылған. Электр желілерінің сымдары тартылып жатыр.
7. «Абай облысы, Ақсуат ауданы, Аққала ауылындағы медициналық пунктке инженерлік желілерді жүргізу» жұмыс жобасы бойынша, 22.04.2024 ж. № EGI-0010/24, сараптама қорытындысы алынды. Сметалық құны 27 421, 473 мың теңге. Мердігер "Respect Stroy Project LTD" ЖШС. Қазіргі уақытта қажетті материалдар әкелініп, электр бағандарын толығымен орнатқан.
8. «Абай облысы, Ақсуат ауданы, Қызылжұлдыз ауылындағы медициналық пунктке инженерлік желілерді жүргізу» жұмыс жобасы бойынша 22.04.2024 ж. № EGI-0011/24, сараптама қорытындысы алынды. Сметалық құны 28, 866 мың теңге. Мердігер "АльфаСтрой-KZ" ЖШС. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.
9. «Абай облысы Ақсуат ауданы Қожакелді ауылындағы медициналық пунктке сыртқы инженерлік желілер салу және абаттандыру» жұмыс жобасы бойынша, 22.04.2024 ж. № ЭБК-0024/24, сараптама қорытындысы алынды. Сметалық құны 31 995,421 мың теңге. Жоба 2025 жылға өтпелі.
10. «Ақсуат ауылынан 300 орындық мектепке инженерлік желілерімен қатты отынмен жаңатын жылу қазандығын құрылысын салуға». Жобалаушы "Шымгорпроект" ЖШС-і. 8 703,4 мың теңгеге ЖСҚ-ры әзірленіп, тәуелсіз сараптамадан 28.12.2023 жылмен № AGDS-0263/23 оң қорытынды алынды. Қазіргі таңда облыстық мемлекеттік сатып-алу басқармасы арқылы Рейтингтік балды жүйемен 09.02.2024 жылмен конкурс жарияланып, жеңімпаз "Construction Group "SAMRUK" ЖШС-і 04.03.2024 жылмен №67 санды келісімшартқа 396 562 737, 30 мың. теңгеге отырды. 02.06.2024 жылмен құрылыс бастауға талон алынған. Су желілері 100%, кәріз желілері 100%, интернет желілері 90%, электр желілері құрылыс матери алдары тасымалдануда. Құрылыс жұмыстары 2025 жылға өтпелі.
11. 2022 жылы Қызылкесік, Үштөбе ауылдарына интернет желісін тарту мақсатында «Абай облысы Ақсуат ауданы Қызылкесік ауылында антенна діңгекті имарат құрылысын салу», «Абай облысы Ақсуат ауданы Үштөбе ауылында антенна діңгекті имарат құрылысын салу» жобалары бойынша облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленді. 2024 жылы аталған жобалардың құрылысына конкурс жарияланып, жеңімпаз Шымкент қаласынан " Prof-Fасade" ЖШС болып табылды. Облыстық бюджеттен қаражат бөлу үшін Абай облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасына бірнеше рет бюджеттік өтінім өткізілгенімен, қолдау таппады.
12. «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бойынан 5 АДҚ салу жоспарланған:
Базар ауылының батысына қарай 7,5 км, Қызылкесік ауылының оңтүстік- батысына қарай 36,7 км, Үштөбе ауылының солтүстігіне қарай 21 км жерден антенна-діңгек құрылысын салудың жобалық сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынып, республикалық бюджеттен қаражат бөлу үшін облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық щаруашылығы басқармасына бюджеттік өтінім өткізілді.
Қызылкесік ауылының оңтүстік- батысына қарай 20,5 км, Егіндібұлақ ауылының солтүстік-батысына қарай 1,4 км антенна-діңгектік имарат құрылысын салудың жобалық сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың 08.10.2024 жылы теріс қорытындылар алынды. Қазіргі уақытта аталған жобалар мемлекеттік сараптамаға 21.10.2024 жылы қайтадан енгізілді. Сараптаманың қорытындысы шығатын мерзім 13.01.2025 жылға жоспарлануда.
13. «Абай облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылының кәріз желілерінің құрылысын қайта жаңғырғу құрылысы» тәуелсіз сараптаманың 07.02.2022 ж. № KazEE-0003/24 санды оң қорытындысы алынған. Жобаның жалпы сметалық құны 1 115 026,0 мың тенге. Мемлекеттік сатып алу конкурсы 26.02.2024 жылы өткізіліп, Шымкент қаласынан мердігер «КАРАТ-Z» ЖШС жеңімпаз атанған. Мердігермен 1 042 395,7 мың теңге 27.03.2024 жылы №72 санды екі жақты келісім шарт жасалынған. 29.08.2024 жылы құрылысты бастауға талон алынған. Құрылыс жұмыстарының орындалу мерзімі 9 ай. Жоба 2024-2025 жылға өтпелі. Тартылатын кәріз желілерінің ұзындығы 22,8 шақырым. Қазіргі уақытта 2024 жылға жоспарланған 6,5 шақырымы толықтай қазылып, 170 кәріз сақиналары орнатылған. Нысан басында 15 адам, 3 экскаватор, 1 погрузщик жұмыс атқарды. Келесі жылы 16,3 шақырым кәріз желісі тартылады.
14. "Ақсуат ауылында су құбыры желілерін қайта жаңғырту және де жаңадан салынған Бөрітостаған, Ет комбинаты шағын мөлтек аудандарына су құбыры желілерін тарту" жұмыстарының ЖСҚ-н әзірлеуге 26 253,2 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы жеңімпаз "ШЫМГОРПРОЕКТ" ЖШС-мен (Шымкент қ-сы) келісім шарт жасалды. Тәуелсіз сараптама қортындысынан оң қортынды алынды.
15. "Қарғыба ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңғырту" жұмыстарының ЖСҚ-сы дайындалып тәуелсіз сараптаманың 08.11.2024 ж. № ЭО-0122/24 санды оң қорытындысы алынған. Жобаның жалпы сметалық құны 195 564,857 мың тенге. Абай облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім өткізілген.
15. 2025 жылға су құбыры желілерінің құрылысы бойынша төмендегі көрсетілген жобалардың ЖСҚ-ры әзірленіп, Абай облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім өткізілген:
-Кіндікті ауылына қайта жаңғырту жұмыстарына 21.11.2023 ж № SHYGYS-0121/23 сметалық құны 215471,2 мың теңгеге;
- Қызылжұлдыз ауылына су құбыры құрылысына 13.12.2023 ж № SHYGYS-0129/23 сметалық құны 507565,2 мың теңгеге;
- Қожагелді ауылдарына су құбыры құрылысына 04.12.2023 ж № SHYGYS-0124/23 сметалық құны 217363,4 мың теңгеге;
-Көкжыра ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңғырту (ескі ауылды үйлерге жеткізу)" жұмыстарына 15.01.2024 ж. № ЦЭ-0017/24 сметалық құны 1 442 212,0 мың теңге.
Мемлекеттік жеке-меншік әріптестік аясында салынып жатқан үйлер бойынша:
Ақсуат ауданы бойынша жеке меншік әріптестік аясында көп балалы және аз қамтылған отбасыларға 84 шаршы метрлі қоспәтерлі 52 үйдің (104 пәтер) құрылыс жұмыстары аяқталды. Тұрғын үй комиссиясының шешімі негізінде Ақсуат ауылында 70 пәтер, Екпін ауылында 8 пәтер, Көкжыра ауылында 6 пәтер, Ойшілік ауылында 6 пәтер, Құмкөл ауылында 4 пәтер, Қызылкесік ауылында 10 пәтер әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көп балалы отбасыларға берілді.
Құрылыс жұмыстары
1. «Абай облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау желісінің құрылысына» ЖСҚ-р әзірленіп, № ЦЭ-0116/23 27.03.2023 жылы ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытынды алынды. Жобаның сметалық құны 837 481,2 мың теңге. «Абай облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан» 17.08.2023 жылы №465/1206 санды экономикалық оң қорытынды алынып «Абай облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына» бюджеттік өтінім өткізілген.
2. «Абай облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылындағы Т. Қалмақпаев көшесін жарықтандыру желісінің құрылысы» 28.06.2024 жылы № KazE-0399/24 санды тәуелсіз сараптама қорытындысы алынған. Жобаның сметалық құңы 147431,0 мың теңге. Т. Қалмақпаев көшесіне тартылатын жарықшамның ұзындығы 5,323 шқ. Абай облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасына 2025 жылға бюджеттік өтінім өткізілді.
3. Білім саласында Көкжыра ауылындағы 100 орындық жаздық балалар лагерінің құрылысына ЖСҚ әзірленіп, сараптамадан өткізілді. Жоба құны 1 млрд 339 млн теңге.
4. Көктүбек ауылынан 80 орындық мектеп құрылысына ЖСҚ әзірленіп, сараптамадан өткізілді. Жоба құны 2 млрд. 10 млн. теңге.
5. «Ақсуат ауылынан 50 орындық оңалту орталығының құрылысына» ЖСҚ-ры әзірленіп, тәуелсіз сараптамадан 16.05.2024 жылы теріс қорытынды алды. Сметалық құны 3 358 429,0 мың теңге.
Бөлім басшысы С.Смагулов