2025 жылғы мемлекеттік сатып алу барысы туралы
Ақсуат ауданы бойынша 17 мемлекеттік мекеме, 4 коммуналдық мемлекеттік мекеме және 1 коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, 1 мемлекеттік комуналдық кәсіпорын 2025 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарларын ағымдағы жылдың 17 қаңтарына дейін жиыны 5 128,6 млн. теңгеге 1092 жоспар тармақтарын порталға еңгізіп, мекеме басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен бекітілген.
Оның ішінде:
Облыстық бірыңғай ұйымдастырушы арқылы 1 497,8 млн. теңге. Оның ішінде «Абай ауданы Ақсуат ауданы «Ойшілік ауылына жаяу жүргінші» облыстық маңызы бар жол бойындағы Тебіске өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңғырту» -752,1 млн.теңге. «Абай облысы Ақсуат ауданы «Ойшілік ауылына кіреберіс» аудандық маңызы бар автомобиль жолындағы Тебіске өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңғырту» жобасы бойынша техникалық қадағалау қызметтері -21,8 млн.теңге. «Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау желісінің құрылысы (инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, объектілер)»- 701,2 млн.теңге. «Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау желісінің (инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, объектілер) құрылысы» жобасы бойынша техникалық қадағалау қызметтері- 22,7 млн теңге рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып конкурс өткізілуде.
Аудандық бірыңғай ұйымдастырушы арқылы:
- 358,4 млн.теңгеге 1 ашық конкурс Абай облысы Ақсуат ауданының жергілікті маңызы бар жолдарды күтіп ұстау жұмыстарына берілді.
Аудандық экономика және
қаржы бөлімінің басшысы Ж. Бекбаев