2024 жылдың 12 айындағы Ақсуат ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамды орындалуы туралы ақпаратты хабарлауға рұқсат етіңіздер
Өткен жылдың 12 айында ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда өсу қарқыны қамтамасыз етілді.
Атап айтқанда:
Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 637,4 млн теңгені құрап, 127,8 пайызға өскен.(2023 жылы – 498,6 млн теңге).
Аудандағы өнеркәсіп өнімі негізінен тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (37,5 млн теңге) өңдеу өнеркәсібінен (189,5 млн теңге, тамақ өнімдерін өндіру, жеңіл өнеркәсіп, өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру), электр энергиясын беру және тарату (316,5 млн теңге, «ВК РЭК» ЖШС-і), суды жинау және тарату (93,9 млн теңге, «Ақсуат» мемлекеттік комуналдық кәсіпорны) қызметтерінен құралады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 1,9 есеге өсіп, 19 млрд. 550,2 млн. теңгені құрады.
Тартылған инвестицияның 31 пайызы (5 млрд. 978,8 млн.тг) бюджеттік қаражат есебіне, 50 пайызы (9 млрд. 867,2 млн.тг) жеке меншік қаражат есебінен, 19 пайызы (3 млрд. 694 млн.тг) басқа қарыз қаражат есебінен құралды.
Бюджеттік инвестиция негізінен аудандағы атқарылған кәріз жүйесін қайта жаңғырту, жолдарды орташа жөндеу, дәрігерлік-амбулатория құрылысы және басқада ЖСҚ әзірлеу жобаларынан құралып отыр.
Жекеменшік инвестиция негізінен ауылшаруашылығын дамытуға салынған қаржыдан (6,4 млрд теңге- мал қоралары, асыл тұқымды малдарды күтіп ұстау шығындары, техникалар алу), тұрғын үй құрылысына жұмсалынған қаржыдан (2,6 млрд теңге), кәсіпкерлік нысандарын салуға жұмсалған қаржыдан (480 млн теңге) және басқа салаларға жұмсалған қаржыдан (636,9 млн теңге) құралып отыр.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 6 млрд. 817,4 млн. теңгеге орындалып, былтырғы жылдың 12-айымен салыстырғанда 107 пайызға өсті.
Тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 143,8 пайызға орындалып, 12 123 шаршы метрді құрады.
Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен салынған тұрғын үйлер-56 пайыз, тұрғындардың жекеменшік қаражаты есебінен салынған тұрғын үйлердің үлесі 44 пайызды құрады.
Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 9,9 млрд. теңге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 101 пайыз болды.
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 2076 бірлікті құрады. Оның ішінде: Оның ішінде; шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 105, дара кәсіпкерлер – 681, шаруа немесе фермер қожалықтары – 1290 бірлік.
Биылғы жылдың 12-айында жергілікті бюджетке 4 млрд. 505,8 млн теңге салық төленіп, былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 2,8 есеге артық орындалды.
Ауыл шаруашылығында өндірілген өнімнің жалпы көлемі 28 млрд 849,1 млн. теңгеге жетіп, өсу қарқыны 113 пайыз болды.
Аудандағы ірі қара 123 мың басқа, қой мен ешкі – 185,2 мың басқа, жылқы – 26 мың басқа жетіп, тиісінше ірі қара – 51,4 пайызға, қой-ешкі – 17,2 пайызға көбейсе, жылқы – 2,5 пайызға көбейді.
Экономика және қаржы
бөлімінің басшысы Ж.Бекбаев