Ақсуат ауданы әкімінің
« 08 » қаңтар 2025 жылғы
№ 09 өкіміне қосымша
Ақсуат ауданы әкімі аппаратының персоналды
басқару қызметі (кадр қызметi) бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1.«Персоналды басқару қызметі (кадр қызметi) бөлімі» «Ақсуат ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.
2.Персоналды басқару қызметі (кадр қызметi) бөлімі өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын (бұдан әрі – Заң), мемлекеттiк қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3.Бөлімнің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Ақсуат ауданының әкімдігі бекітеді.
4.Персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) бөлімі:
1) Персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) бөлімінің басшысы (1 бірлік);
2) Персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) бөлімінің бас маманнан
(1 бірлік) тұрады.
2-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің
мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
Функциялары:
1) мемлекеттiк органның персоналды басқару стратегиясын әзiрлеу және iске асыру;
2) мемлекеттiк органның кадрларға, оның iшiнде мамандықтар және бiлiктiлiктер бойынша қажеттiлiгiн талдау және жоспарлау;
3) мемлекеттiк органның кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық iрiктеудi ұйымдастыру;
4) мемлекеттiк органның кадр мониторингi және кадрлық iс жүргiзудi, оның iшiнде «Е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесi арқылы жүргiзу.
Функциялары:
1) мемлекеттiк органда кәсiби бейiмделу мен тәлiмгерлiктi ұйымдастыру;
2) мемлекеттiк органның кадрларының кәсiби дамуын, оның iшiнде мемлекеттік қызметшілерді белгіленген мерзімдерге сәйкес тағылымдамалардан, даярлау, қайта даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру жолымен қамтамасыз ету;
3) конкурстық, тәртiптiк, аттестаттау және кадр мәселелерi жөнiндегi өзге де комиссиялардың қызметiн ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
4) мемлекеттiк әкімшілік қызметшілердің қызметіне аттестаттау мен оқытуды, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйесінде) қызметін өткеру, қызметтік тексерулер мен тоқтату рәсiмдерiн сақтауына, бағалау жүргізуді қамтамасыз ету;
5) кадрларды іріктеуді ұйымдастырады, мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттік қызметтi өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды жүргізуді ұйымдастыру.
3-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру
Аппарат басшысы Т. Конекбаев