Абай облысы Ақсуат аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/2-VIII «2024-2026 жылдарға арналған Ақсуат ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Абай облысы Ақсуат аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Абай облысы облысы Ақсуат аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/2-VII «2024-2026 жылдарға арналған Ақсуат ауданының бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 192009 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 8 994 629,6 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 4 008 995,7 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 31 156,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 168,0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 4 954 309,9мың теңге;

2) шығындар – 10 909 373,5 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 56 839,8 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 123 682,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 66 842,2 мың теңге;

4) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 273 804,4 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 273 804,4 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -2 245 388,1 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 2 245 388,1 мың теңге;

қарыздар түсімдері – 1 203 018,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 66 842,2 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланатын қалдықтары – 1 109 212,3 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Ақсуат ауданы

мәслихатының төрағасы                                                               Ж. Оразғалиев

 

 

 

 

                                                               

Дата публикации
19 ноября 2024