Ақсуат аудандық сайлау комиссиясының сайлауды ұйымдастырушылар мен басқа да сайлау процесіне қатысушыларды каскадты оқыту бойынша 2024 жылға арналған жоспардың орындалуы туралы
АҚПАРАТ
2024 жылдың 24 қазан күні аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ауылдық округ әкімі аппаратының мамандарымен және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандарымен «Сайлау учаскелерін мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бейімдеу, жабдықтау мәселелері туралы» оқыту өткізді.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Қ.Нұрбаев хабарлама жасады. Қ.Нұрбаев сайлау учаскелерін мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бейімдеу, жабдықтау мәселелері туралы қысқаша түсіндірді.
Оқытуға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңы аясында талқыланды.