«Ақсуат ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін    орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» 2024 жылғы    14 ақпандағы №60 Абай облысы, Ақсуат ауданы әкімдігінің қаулысына                                       өзгеріс енгізу туралы

ЖОБА

 

 

 

 

 

«Ақсуат ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін

   орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» 2024 жылғы

   14 ақпандағы №60 Абай облысы, Ақсуат ауданы әкімдігінің қаулысына

                                      өзгеріс енгізу туралы

 

           Ақсуат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Ақсуат ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» 2024 жылғы 14 ақпандағы №60 Абай облысы Ақсуат ауданы әкімдігінің қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №257-18 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

          көрсетілген қаулының кіріспе бөлігі (кіріспесі) келесі редакцияда жазылсын:

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының                  1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Ақсуат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

   Ақсуат ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Дата публикации
15 октября 2024