2024 жылдың 6 қазанда Республикалық референдум өткізуге байланысты ағымдағы жылдың 5 қыркүйек күні Ақсуат аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы, төраға орынбасары және хатшысының ұйымдастыруымен "Республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу мәселелері туралы" тақырыбында аудандық аумақтық референдум комиссия мүшелерін оқыту өткізді.
Оқыту кезінде оқытушылар облыстық сайлау комиссиясы берген плакаттарды, слайдыларды пайдаланып референдум комиссиясы мүшелерінің өкілеттіктері туралы түсіндірілді. Сонымен қатар, республикалық референдум өткізу кезінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі айтылды.