Перечень предложений, мнений, высказанных в ходе визита акима района в села

Аудан әкімінің ауылдық округтерге іс - сапар барысында ауыл тұрғындарынан

айтылыған ұсыныс пікірлер тізбесі

 

№

Мазмұны

Жауапты тұлғалар

Шешу жолдары

Ақсуат ауылдық округі

1

Мәмбетова мен Би Боранбай көшесінде өрт сөндіру жолы жоқ, жол ашып берсе

А.Аққазин С.Смағұлов     М.Иманбеков

Өтініш иесі М. Абдрахмановтың ауылда болмауына байланысты өткізілетін жиын кейінге қалдырылды. Тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілмеген

2

Бұрынғы су құбыры қоршаулары, қақпалары тоналып жатыр, осыны құрал мөлтек ауданындағы зираттарды қоршауға берсе

А.Аққазин С.Смағұлов     М.Иманбеков

"Құрал" мөлштек ауданының тұрғындарымен  және Ақсуат ауылдық жергілікті қоғамдастық кеңесімен 16.08.2024 жиналыс өтті. Хаттамасы ұсынылды. Осы айтылған тұрғындардың ұсыныс пікірлері бойынша жұмыстар 2024 жылдың тамыз айының 25-30 аралығында орындалатын болады.

3

Ақсуат ауылының маңынан алынған Мусин Ержанның 473 гектар жерін мемлекет меншігіне қайтарылып, резерівке қойылса

Қ.Мауадинов Б.Сербатыров М.Иманбеков

2023 жылы зерттеу жұмыстарын жүргізіліп, Абай облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне жолданған. Департамент жер иеленуші Е.Мусинге хаттама толтырып, 1 жылға нұсқама берген болатын. Алайда Жер иеленуші атына мал тіркетіп, 1 жылға берілген нұсқаманы шештіріп алған. Сондықтан ауыл әкімі қайта ұсыныс берсе, зерттеу акт толтырып, департаментке жолдауға мүмкүндік бар.

4

Ақсуат ауылындағы базар маңына орталық дәретхана және қоқыс төгетін орындар болса

Қ.Мауадинов Б.Сербатыров М.Иманбеков

"Титан строй холдинг" ЖСШ ұтып алып, Әжетхана орнату жұмыстары тамыз айының аяғында аяқталады.

5

Балаларға мопеттермен жүрулеріне шектеулер қойылса

Ә.Бауыржанұлы М.Иманбеков

08.08.2024 ж Аудан әкімі аппаратының атынан аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына хат жолданды.

6

Ақсуат ауылында мотоциклдермен мопеттер сатып отырған кәсіпкерлерде (мотоцикл, мопет) заңды құжаттары барма

Қ.Мауадинов Б.Сербатыров М.Иманбеков

08.08.2024 ж Аудан әкімі аппаратының атынан аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына хат жолданды.

7

Бұрынғы ескі емхана ғимаратында тұрып жатқан тұрғындардың үй жайларын қарап, жағдайларымен танысу (орталық ауыз суын, жарықтарын т.б)

А.Аққазин С.Смағұлов     М.Иманбеков

Орталықтандырылған ауыз суымен қамтамасыз ету мәселесі жаңа жобада қаралған. Ескім емхана ғимаратындағы тұрғындарымен сэс, ішкі істер бөлімімен, жергілікті қоғамдастық мүшелерімен жиын өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындардан ауыз су бойынша арыз шағым болған жоқ.

Ойшілік ауылдық округі

1

Егіннің жиын терін кезінде жеңілдетіліп берілетін жанар - жағармай Ақсуат ауылына жеткізіліп бір жерден берілсе

Қ.Мауадинов Б.Сербатыров

Жеңілдетілген бағада берілетін дизель отыны "Госагро кз" порталына тікелей шаруашылық құрылымдарының ЭЦП кілтерімен электронды өтінім беру арқылы жүзеге асырылады.Электронды өтінім бергеннен кейін Ақсуат ауданына ең жақын орналасқан Аягөз қаласындағы "Петроретайл" ЖШС-ін таңдаулары керек. "Петроретайл" ЖШС 1 литр дизель отынына босату бағасы 250теңге белгілеп отыр. Ары қарай екі жақты келісім шарт жасалады.Аудан әкімдігі тарапынан биылғы жылы Үштөбе ауылының тұрғыны Қайырбек деген азаматтың 40 тонналық бензовозы арқылы Аягөз қаласынан тасымалдап әкелу ұсынылған. Аягөз қаласынан Ақсуат ауылына тасымалдап әкелуге 1 литрге 10 теңге қосылады бензовоздың жол шығынына. Бұл жұмыстардың барлығы егер шаруашылықтар электронды өтінім беріп,келісім шарт жасасып, бөлінген  қажетті көлеміне тиісті қаражатын төлеп, кейін ғана жүзеге асырылады. Ауданымызда басқадай ешқандай мүмкіндіктер жоқ. Себебі, бүгінгі күні жеңілдетілген дизель отынын Аягөз қаласынан тасымалдап босатып беретін жанар-жағармай бекеттері жоқ.

2

Ойшілік ауылындағы орталықтандырылған ауыз су құбыры трубаларындағы кольцілердегі краниктері тозған, 50 краникті жаңадан айырбастап берсе

А.Аққазин С.Смағұлов Т.Мәселов

Функционированияға қаржы бөлінді, "Ақсуат" КМК арқылы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады

3

Облыстық маңызы бар "Ақсуат - Ойшілік" автокөлік жолын жөндеп берсе

А.Аққазин С.Смағұлов

автокөлік жолын жөндеуге мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілген. Алдағы уақытта мердігер өз жұмысын бастайтын болады.

4

Құмкөлдегі үлкен автокөлік көпірі және Қарабұлақтағы көпірге жөндеу жұмыстары жүргізілсе

А.Аққазин С.Смағұлов

ЖСҚ-лары әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға енгізілді.

5

Ойшілік ауылының ішкі көше жолдары жөнделсе

А.Аққазин С.Смағұлов Т.Мәселов

Қазіргі таңда техникалар жіберіліп, жөндеу жұмыстары толықтай жүргізілді.

6

Ойшілік ауылындағы "Тоғас батыр" орта мектебінің спорт зал кішкентай, сондықтан ауылға бірінші кезекте спорт модуль салынса, биылғы жылғы жоспарда барма

А.Аққазин С.Смағұлов Т.Мәселов

Осы сессиямен 15 000 млн теңге қаржы бөлінді. Облыстық құрылыс басқармасы арқылы мемлекеттік сатып алу конкурсына берілетін болады.

7

Ойшілік ауылында жылдан жылға егін көлемі ұлғайуда, сол себепті Ойшілік каналына жөндеу жұмыстарын жүргізіп берсе (17 шақырым)

Қ.Мауадинов Б.Сербатыров Т.Мәселов

 Ойшілік су каналы "Казсушар"РМК ШҚ филиалының теңгерімінде болғандықтан, егін науқаны аяқталғаннан кейін қазан айында ағымдағы күрделі жөндеу жұмыстарын "Қазсушар"РМК ШҚ филиалы тарапынан жүргізілетін болып келісілді.

Құмкөл ауылдық округі

1

Құмкөл ауылынан салынатын көп балалы, аз қамтылған отбасыларына салынатын тұрғын үйлердің құрлыс жұмыстарын жедел тұрде бастау

А.Аққазин С.Смағұлов Е.Құрманғазы

көп балалы, аз қамтылған отбасыларына салынатын тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде

2

Құмкөл ауылының ішкі көше жолдарын жөндеп берсе

А.Аққазин С.Смағұлов Е.Құрманғазы

Қазіргі таңда техника жіберіліп, жөндеу жұмыстары толығымен жүргізілді.

3

Құмкөл ауылының қазанбастау көшесін жарықтандыруға, жобалық сметалық құжаттарын әзірлеп, ұсыныс беру

А.Аққазин С.Смағұлов Е.Құрманғазы

көше жарығы бойынша жобалық сметалық құжат жасалуда

Қызыл - Кесік ауылдық округі

1

Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында шынжыр табанды экскаватормен ауылдағы арықтарды тазартып берсе

А. Аққазин С.Смағұлов                     Ө.Мәзенов

Қазіргі уақытта шынжыр табанды экскаватор ауыл іші арықтарын тазартып жатыр. Жақын күндері аяқталады.

2

Ауыл ішіне (баубақша суғарғанға) арықпен су әкелуге техникамен көмек көрсетілсе

А. Аққазин С.Смағұлов                     Ө.Мәзенов

Ауыл ішінің арықтары тазартылып болғаннан кейін бұл мәселе қарастырылады.

3

Жеке меншік иелігіндегі бұрынғы қойма ғимараты бар, осы ғимаратты сатып алу жолымен жастарға жаттығу залы қылып жөндеп берсе

А. Аққазин Ж.Бекбаев                     Ө.Мәзенов

Ғимарат иесімен әңгімелесу жүргізілді. Алдағы уақытта шешімі қарастырылады.

4

Үйдің қасындағы су ағар сливтегі суды тазалайтын арнайы ас машинасын белгілі бір уақытпен жіберіп отырса

А. Аққазин С.Смағұлов                     Ө.Мәзенов

Аудандық тиісті мекемелермен келіссөздер жүргізілді, шақырту бойынша қажетті уақытта келетін болды.

5

Үштөбе ауылына баратын автокөлік жолын асфальттаса

А. Аққазин С.Смағұлов                     Ө.Мәзенов

Үштөбе ауылына баратын автокөлік жолын асфальттау бойынша смета әзірленген. Ұлттық сападан сараптамадан 663 786 мың теңгеге 20.11.2023 жылы  оң қорытынды алған. Алдағы уақытта қаржы бөлінген жағдайда жоба іске асырылады.

6

Құқық қорғау органдарының басшылары ауыл тұрғындарымен кездесу өткізссе

Т.Конекбаев А.Әбілбеков

Құқық қорғау органы басшыларының келісімімен алдағы уақытқа жоспарланып отыр.

Кіндікті ауылдық округі

1

Жылқыбаева Серікқайша баласына (жалғыз басты ана) ауылдан тұрғын үй салуды немесе сатылатын үйлерден үй сатып алып берсе

А.Аққазин С.Смағұлов  А.Бұлантаев

Алдағы уақыттта 2025 жылға көп балалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға арналған тұрғын үйлер салынған жағдайда, кезегіне қарай үй берілетін болады.

2

Ауылға арендалық тұрғын үйлер салынса

А.Аққазин С.Смағұлов  А.Бұлантаев

Алдағы 2025 жылға жоспарға ұсынылатын болады.

3

Интернет мәселесін шешіп берсе

А.Аққазин С.Смағұлов  А.Бұлантаев

ЖСҚ-лары әзірленген, алайда қазір қаржы бөлінбеуіне байланысты нысан тоқтап тұр.

4

Алғабас ауылына ауыз құбыры тартылса

А.Аққазин С.Смағұлов  А.Бұлантаев

ЖСҚ-лары әзірленген, 21.11.2023 ж
№SHYGYS-0121/23 санды тәуелсіз сараптаманың оң қорытындысын алған, Абай облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім өткізілді 
алайда қазір қаржы бөлінбеуіне байланысты нысан тоқтап тұр.

Ырғызбай ауылдық округі

1

Ауылдың төменгі жағында интернет желісі дұрыс ұстамайды, жылдамдығын күшейтсе

28.06.2024 ж

А.Аққазин С.Смағұлов Б.Боранжанов

2

Мал сою алаңы  салынса, ауыл тұрғындарына мал стау жағында қиындықтар туғызуда

28.06.2024 ж

Қ.Мауадинов Б.Сербатыров Б.Боранжанов

3

Жәнтікей ауылының елді мекен жеріне қазығын қағып, шекарасын анықтап берсе

28.06.2024 ж

Қ.Мауадинов Б.Сербатыров Б.Боранжанов

4

Аудан орталығы Ақсуат ауылында орталық базар жаққа ақылы әжетқаналар болса

28.06.2024 ж

Қ.Мауадинов Б.Сербатыров М.Иманбеков

5

Ауылға кіре берістегі талдарды суғарып отырса

28.06.2024 ж

Б.Боранжанов

Сатпаев ауылдық округі

1

Сатпаев ауылының елді мекен жеріне қазығын қағып, шекарасын анықтап берсе

Қ.Мауадинов Б.Сербатыров А.Ерзатұлы

Қазығы толық қағылды

2

Сатпаев ауылының зейнеткері, зейнетақысын алуына байланысты Ақсуаттағы халық банкінің банкаматтағы қаржысы үздіксіз болуын қамтамасыз етуді сұрайды

А.Аққазин Ж.Бекбаев

Ақсуат ауылындағы халық банкінің 3 банкомат үздіксіз істеуі жөнінде, әсіресе зейнетақы төлеу уақытында басшылығы мен қызметкерлеріне ескертілді, келекшекте қатан бақылауға алынады.

3

Көктүбек ауылының көшесін жарықтандырып берсе

А.Аққазин С.Смағұлов А.Ерзатұлы

Конурс өткізілді. ТОО "Мега Құрлысы Групп" ұтып алды. Жарықтандыру жұмыстары 25 тамызда басталады. Жұмыстың аяталу мерзімі 25 қыркүйек

Көкжыра ауылдық округі

1

Мүзды сайдағы жолды жөндеп берсе (2 шақырым)

01.07.2024 ж

А.Аққазин С.Смағұлов  А.Абылаев

2

Баспандағы талдарға құрт тұсіп  талдар қурап жатыр, қандайда бір іс - шара қолданса

01.07.2024 ж

Қ.Мауадинов Б.Сербатыров

3

Базар каналының көктемдегі қарғын судан қираған жерлеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жұргізілсе

01.07.2024 ж

Қ.Мауадинов К.Шыныбаев Б.Сербатыров

4

Ет, жұн өткізу орындары болса

01.07.2024 ж

Қ.Мауадинов Б.Сербатыров

5

Ескі ауылға орталықтандырылған ауыз су құбыры үйді үйлерге жеткізіліп берілсе

01.07.2024 ж

А.Аққазин С.Смағұлов  А.Абылаев

6

Мәдениет үйі салынса

01.07.2024 ж

А.Аққазин С.Смағұлов  А.Абылаев

7

Ішкі көше жолдарын жөндеп берсе

01.07.2024 ж

А.Аққазин С.Смағұлов  А.Абылаев

8

Өзен жағалауында тұратын үйлерге қауіптің алдын алу мақсатында өзен жағалауларын қомдап берсе

01.07.2024 ж

А.Аққазин А.Шарипова А.Абылаев

9

Серіктес ауылына тартылған ауыз су құбырларының орындары опырылып түсіп жатқан жерлерін тегістеп қырып, берсе

01.07.2024 ж

А.Аққазин С.Смағұлов  А.Абылаев

10

Көкжыра - Серіктес аралығындағы автокөлік жолын грейдермен қырып, тегістеп берсе

01.07.2024 ж

А.Аққазин С.Смағұлов  А.Абылаев

Екпін ауылдық округі

1

Жайлы мектеп құрылысы неге басталмай жатыр

18.01.2024 ж

А.Аққазин   С.Смағұлов  

2

Екпін ауылының тұрғындары жиналып салып жатқан қатымқана құрылысына техникамен құм, топырақ тасуға көмек көрсетілсе

18.01.2024 ж

А.Аққазин   С.Смағұлов   А.Қараталов

3

Екпін ауылына жаңадан дәрігерлік емхана салынып жатқандықтан, қазіргі отырған дәрігерлік емхана ғимараттарын ветеринарлық пункітке берілсе

18.01.2024 ж

А.Аққазин А.Аштаева Ж.Бекбаев С.Қонысбаев А.Қараталов

 

Дата публикации
27 сентября 2024