Ақсуат ауданы бойынша учаскелік референдум комиссия мүшелерінің III-ші деңгейдегі оқытудың орындалуы туралы АҚПАРАТ

2024 жылдың 6 қазанда Республикалық референдум өткізуге байланысты ағымдағы жылдың 21 қыркүйек күні Ақсуат аудандық аумақтық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен "Республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу мәселелері туралы" тақырыбында барлық 23 референдум учаскелерінде, жиына 80 учаскелік референдум комиссия мүшелерімен сол учаскенің төрағалары, төраға орынбасарлары және хатшылары оқыту  өткізді.

Оқыту кезінде  оқытушылар аудандық аумақтық референдум комиссиясының берген материалдарын (плакаттар, слайдылар) пайдаланып референдум комиссиясы мүшелерінің өкілеттіктері туралы түсіндірілді. Сонымен қатар, республикалық референдум өткізу кезінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі айтылды.  

Дата публикации
23 сентября 2024