Ақсуат ауданы аумақтық референдум комиссиясының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлама
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабы 3-тармағына, «2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 636 Жарлығына, «2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы 2024 жылғы 3 қыркүйектегі № 38/42 қаулысына сәйкес Ақсуат ауданы аумақтық референдум комиссиясының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақытын хабарлаймыз.
Ақсуат аудандық аумақтық референдум комиссиясы
Орналасқан жері :Ақсуат ауылы, Кабеков көшесі,19, Қазынашылық басқармасының ғимараты, 2-10-74,
Комиссия төрағасы -Закариянов Ганимурат Кыдырханович
Төрағаның орынбасары-Нурбаев Кайыртай Кенжешович
Хатшысы -Ахметова Назипа Бокешовна
Комиссия мүшелері: Абдилбаев Нуртас Турысбекович, Аринова Сания Жарахметовна, Жаппасов Мурат Ахметханович, Қуанышбеков Бекжан Серіқалиұлы.
Аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының жұмыс уақыты сағат 9.00-18.30, түскі үзіліс 13.00-14.30