2024 жылғы мемлекеттік сатып алу барысы туралы

2024 жылғы мемлекеттік сатып алу барысы туралы

 Ақсуат ауданы бойынша 17 мемлекеттік мекеме, 3 коммуналдық мемлекеттік мекеме және 1 коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2024 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарларын ағымдағы жылдың 12 қаңтарына дейін жиыны 3 352,1 млн. теңгеге 799 жоспар тармақтарын порталға еңгізіп, мекеме басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен бекітілген.

Оның ішінде: 

  • Баға ұсыныстарын сұрату арқылы – 338,5 млн. теңгеге 707 жоспар тармағы;
  • Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден сатып алу арқылы – 233,6 млн. теңгеге 51 жоспар тармағы;
  • Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып конкурс арқылы – 1 533,8 млн. теңгеге 17 жоспар тармағы;
  • Алдын ала біліктілік іріктеумен конкурс арқылы – 3,5 млн. теңгеге 9 жоспар тармағы;
  • Ашық конкурс арқылы – 1 242,7 млн. теңгеге 15 жоспар тармағы.

Облыстық  бірыңғай ұйымдастырушы арқылы 949,7 млн. теңгеге Ақсуат ауылындағы кəріз желілерін жаңғырту (үйге жеткізу) рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып конкурс өткізілді.

Аудандық бірыңғай ұйымдастырушы арқылы:

- 1 899,7 млн. теңгеге 25 ашық конкурс өткізілді. Оның ішінде: 5-і жолдарды жөндеу және жергілікті маңызы бар жолдарды күтіп ұстауға, 9-і арнайы техника және қызметтік автокөлік сатып алуға және басқалары. Барлық ашық конкурстар жарияланды.

- 571,3 млн. теңгеге 16 рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып конкурс өткізілді. Оның ішінде: 13-і жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге және 3-і құрылыс жұмыстарына. Барлық конкурстар жарияланды.

 

 

Аудандық экономика және

қаржы бөлімінің басшысы                                                    Ж. Бекбаев

Дата публикации
26 июня 2024