2024 жылғы 14 маусым күні Абай облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Ақсуат ауданында оқыту семинары өткізілді.
Семинарға Ақсуат аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері және аудандағы 23 учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасарлары және хатшылары қатысты.
" Сайлау күні дауыс беруді ұйымдастыру" тақырыбында өткен оқытуды Абай облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнар Талғатқызы Жігітбаева ашып, дауыс беру үй-жайларын дайындау, байқаушылар, сенім білдірілген адамдармен, БАҚ өкілдерімен жұмыс, мүмкіндігі шектеулі сайлаушыларға жағдай жасау, сайлаушылар тізімімен жұмыс, учаскелердің ашылуы, дауыс беруді ұйымдастыру, дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін анықтау мәселелері туралы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері баяндама жасап, Семей қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті.
Баяндамашыларға қатысқан комиссия мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, түсініктемелер берілді. Семинар соңында барлық қатысушылар 5 топқа бөлініп, іскерлік ойынға қатысып, практикалық тапсырмалар орындады.