2023 жылы Ақсуат ауданының жергілікті атқарушы органдары арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы
АҚПАРАТ
2023 жылы Ақсуат ауданы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өкілдеріне 7328 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 311 қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, 194 қызмет мемлекеттік орган арқылы, қалған 6823 мемлекеттік қызмет электронды түрде көрсетілген (93,1%).
Есепті мерзім ішінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 5 мемлекеттік қызмет мерзімдері кешіктіріліп орындалған Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен Ережелерінде көрсетілмеген құжаттарды талап ету фактілері жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану фактілері тіркелмеген.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің бекіткен кестесіне сәйкес айына 2 рет Ақсуат ауданы әкімдігінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде мемлекеттік қызметтерді алу жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 19 тікелей эфир өтті.
Сонымен қатар аудан әкімінің ресми сайтындада қызметтерді алу жолдарын түсіндіруге бағытталған ақпараттар жарияланып отырады. Жалпы жыл басынан бері 85 ақпараттық материал жарияланған.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 42 тармағы, Ақсуат ауданы әкімі аппараты басшысының 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 89 бұйрығымен бекітілген 2023 жылға арналған Ақсуат ауданының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына бақылау шараларын жүргізу жоспары. Жыл басынан бері 6 ішкі бақылуа жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша – 259 кемшілік анықталды. Олар құжаттар толық болмаған жағдайда қызмет көрсету – 186, заңда көрсетілмеген негіздемелерге сәйкес қызмет көрсетуден бас тарту – 19, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту мерзімін бұзу – 2, мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес проццестерін бұзу – 26, мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша басқада кемшліктер – 26.
Аталған шаралардың қорытындысы бойынша ақпан айында Ережеге сай емес құжаттардың толық топтамасыз мемлекеттік қызмет көрсеткендігі және мемлекеттік қызметтер көрсету саласында басқа да заң бұзушылықтар (құжаттарды тіркеу тәртібі бұзылғаны) үшін «Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жауапты маманына, наурыз айында қызмет көрсетуден бас тарту кезінде мемлекеттік қызмет көрсетудің Ережесінде көрсетілген талаптарын толық орындамағаны үшін «Ақсуат ауданының құрылыс, сәулет, қала құрылысы, тұрғын- үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің маманына «Ескерту», шілде айында Ережеге сай емес құжаттардың толық топтамасыз мемлекеттік қызмет көрсеткені, мемлекеттік қызметтер көрсетуден негізсіз бас тартқаны үшін «Ақсуат ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің маманына «Ескерту» түріндегі тәртіптік шаралар қолданылды. Бақылау шараларының қорытындысы негізінде – 44 ұсыныс әзірленіп, орындалды.