2023 жылы Ақсуат ауданының жергілікті атқарушы органдары арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы
АҚПАРАТ
2023 жылы Ақсуат ауданы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өкілдеріне 7328 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 311 қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, 194 қызмет мемлекеттік орган арқылы, қалған 6823 мемлекеттік қызмет электронды түрде көрсетілген (93,1%).
Есепті мерзім ішінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 5 мемлекеттік қызмет мерзімдері кешіктіріліп орындалған («Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде 9 қызмет мерзімі бұзылып орындалған. Аталған факт бойынша жауапты маманға тәртіптік шара қолданылған). Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен Ережелерінде көрсетілмеген құжаттарды талап ету фактілері жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану фактілері тіркелмеген.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің бекіткен кестесіне сәйкес айына 2 рет Ақсуат ауданы әкімдігінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде мемлекеттік қызметтерді алу жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күні бекітілген кестеге сәйкес 19 тікелей эфир өтті.
Сонымен қатар аудан әкімінің ресми сайтындада қызметтерді алу жолдарын түсіндіруге бағытталған ақпараттар жарияланып отырады. Жалпы жыл басынан бері 85 ақпараттық материал жарияланған.
Аудан бойынша барлық ауылдық округ әкімдерінің ғимараттарында өзіне – өзі қызмет көрсету бұрыштары орналасқан. Техникалық жабдықталуы жағынан қажетті дербес компьтерлер және ұйымдастыру техникаларымен жабдықталған. Сонымен қатар Көкжыра, Екпін, Құмкөл, Ойшілік ауылдық округтерінде қызмет көрсету eQoldau цифрлық терминалдары арқылы көрсетілуде. Ырғызбай, Сатпаев, Кіндікті, Қызыл-Кесік ауылдық округтерінде Интернет желісінің сапасының төмен болуы себепті жылдамдықты арттыруға мүмкіндік жоқ.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 42 тармағы, Ақсуат ауданы әкімі аппараты басшысының 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 89 бұйрығымен бекітілген 2023 жылға арналған Ақсуат ауданының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына бақылау шараларын жүргізу жоспары. Жыл басынан бері 6 ішкі бақылуа жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша – 259 кемшілік анықталды. Олар құжаттар толық болмаған жағдайда қызмет көрсету – 186, заңда көрсетілмеген негіздемелерге сәйкес қызмет көрсетуден бас тарту – 19, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту мерзімін бұзу – 2, мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес проццестерін бұзу – 26, мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша басқада кемшліктер – 26.
Аталған шаралардың қорытындысы бойынша ақпан айында Ережеге сай емес құжаттардың толық топтамасыз мемлекеттік қызмет көрсеткендігі және мемлекеттік қызметтер көрсету саласында басқа да заң бұзушылықтар (құжаттарды тіркеу тәртібі бұзылғаны) үшін «Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жауапты маманына, наурыз айында қызмет көрсетуден бас тарту кезінде мемлекеттік қызмет көрсетудің Ережесінде көрсетілген талаптарын толық орындамағаны үшін «Ақсуат ауданының құрылыс, сәулет, қала құрылысы, тұрғын- үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің маманына «Ескерту», шілде айында Ережеге сай емес құжаттардың толық топтамасыз мемлекеттік қызмет көрсеткені, мемлекеттік қызметтер көрсетуден негізсіз бас тартқаны үшін «Ақсуат ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің маманына «Ескерту» түріндегі тәртіптік шаралар қолданылды. Бақылау шараларының қорытындысы негізінде – 44 ұсыныс әзірленіп, орындалды.
Мемлекеттік органдардың интернет ресурстарының бірыңғай порталындағы Ақсуат ауданының әкімдігінің парақшасында орналастырылған контент Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 114/НҚ бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын ақпаратпен толықтыру және олардың мазмұнына қойылатын талаптар қағидаларына» толықтай сәйкес келтірілген.
«Ашық НҚА» порталында Ақсуат ауданы бойынша 2023 жылы барлығы 87 нормативтік – құқықтық актілер жобалары жарияланып, олар бойынша 124 пікірлер түскен. Барлық пікірлерге уақытылы жауап жолданған.
«Ашық диалог» порталында итернет конференциялар мен сауалнамалар жүргізу үшін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамына хат жолданып бүгінгі күні «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша конференция өтіп жатыр. Сонымен қатар қаңтар айының 17-31 аралығында дәл осы тақырыпта сауалнама жүргізілетін болады.
Ақсуат ауданы әкімі аппаратының
ұйымдастыру жұмысы, заң,
ақпараттық технологиялар және
мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу
бөлімінің басшысы А. Абилбеков