Кіндікті ауылдық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру

Ақсуат ауданы Кіндікті ауылдық

округі әкімін сайлау бойынша сайлау

округін құру туралы

  Қазақстан  Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 6)- тармақшасына, 21- бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Ақсуат аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 1.Ақсуат ауданының Кіндікті ауылдық округінің шекарасында Кіндікті ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі құрылсын.

  1. Сайлау округінің тізімі , оның шекаралары және Ақсуат аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, «Тарбағатай» газетінде және Ақсуат аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.

Сайлау комиссиясының төрағасы                                   Ғ.Закариянов

 Сайлау комиссиясының хатшысы                                  Н.Ахметова

  

Аксуат ауылы

 03 сәуір 2024 жыл

№ 7

 

 

 

Дата публикации
03 апреля 2024