Кіндікті ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау

Ақсуат ауданы Кіндікті

ауылдық округі әкімінің

сайлауын  тағайындау

туралы

  Қазақстан  Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Ақсуат аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 Ақсуат ауданы Кіндікті ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылдың 12 мамырына тағайындалсын.

  1. 2024 жылғы 12 мамырға тағайындалған Ақсуат ауданы Кіндікті ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы қаулы Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында және «Тарбағатай» газетінде жариялансын.

 

Сайлау комиссиясының төрағасы                                    Ғ.Закариянов

 Сайлау комиссиясының хатшысы                                    Н.Ахметова

         

Ақсуат ауылы

2024 жылғы 03 сәуір

№ 6

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
03 апреля 2024