Хабарландыру
Ақсуат аудандық қоғамдық кеңесі, Қоғамдық кеңестің құрамынан басқа жаққа ауысуына байланысты және өз өтініші бойынша шығып кеткен 2 қоғамдық кеңес мүшелерінің орнына жаңа мүше сайлау жөнінде қосымша конкурстың өткізілетіндігін хабарлайды. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдардан азаматтар ұсынуы, өзін өзі ұсынуы мүмкін. Ақсуат ауданының қоғамдық кеңесінің сандық құрамы: 11 адам- 2 мүше мемлекеттік органдардың өкілдері, 9 адам коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері.
Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңесті жергілікті деңгейде қалыптастырылған жағдайда –тиісті әкімшілік аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар азаматтарды ұсынуы, жеке азаматтар өзі-өзі ұсынуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10- бабына сәйкес:
1.Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;
2) сот заңында белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және(немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылмаған болуға;
3) психикалық мінез- құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауы тиіс.
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың (немесе) азаматтың өтініші;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық ,мінез құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзушылықтардың( аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат жоғарыда көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.
1) осы баптың 1- тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
2) осы баптың 2- тармағында көрсетілген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаса;
3) анық емес ақпаратты қамтитын құжаттарды және(немесе) мәліметтерді ұсынса, сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
Құжаттарды тапсыру мерзімі – осы хабарлама жарияланған күннен бастап 10(он) жұмыс күн ішінде болады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатуралар туралы ұсыныстарды және өтініштерді қабылдайтын мемлекеттік орган «Ақсуат аудандық мәслихатының аппараты» ММ ғимаратында, Ақсуат аудандық қоғамдық кеңесі, мекен жәйі: Ақсуат ауылы, Кәбекова көшесі 17үй, индекс 180000 Электрондық почта maslihataksuat108@mail.ru 1-этаж тел 2.11.80 сот. Тел.87024131296