Ақсуат ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды  жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы 

жоба

          Ақсуат ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды  жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы 

Қазақстан Республикасының  2003 жылғы 4 шілдедегі «Авомобиль көлігі туралы» Заңының 14-бабының 3-тармағының 3-1) тармақшасына «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 бұрығымен бекітілген атомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11550 болып тіркелген) сәйкес Ақсуат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

       1.Ақсуат  ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібі осы қаулының 1,2-қосымшаларына сәй  бекітілсін;

  1. Осы қаулының орындалуын бақылауды А.Аққазинге мінеттелсін.
  2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                                                                                                 А. Смаилов                                                                  

 

 

 

 

 

 

     Ақсаут ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды

жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен

                                               тәртібін бекіту туралы  

 

Р/с

Тура бағыт

Кері бағыт

1

Аялдама: Ақсуат ауданының Екпін ауылдық округінен және  Бөр тостаған,  Ескі аэропорт елді мекендерінен «К.Нұрбаев атындағы орта мектебі, Қожагелді батыр атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне дейін.

Ақсуат ауданы Ескі аэропорт, Бөр тостаған және Екпін ауылындағы елді мекендеріне дейін.

 

2

Аялдама: Ақсуат ауданының Екпін ауылдық округі, Бөртостаған, Есікі аэропорт елді мекеніне  дейін.

Ақсуат ауданы Ескі аэропорт, Бөртостаған және Екпін ауылындағы елді мекеніне дейін.

3

Аялдама: Ақсуат ауданының Құмкөл ауылдық округінің  Шыбынды, 60 жылдық, Училище елді мекендерінен Құмкөл ауылдық округінің Қарғыба ауылындағы «Ю.А.Гагарин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне дейін.

Ақсуат ауданы Қарғыба ауылындағы «Ю.А.Гагарин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен  Құмкөл ауылдық округінің  Шыбынды, 60 жылдық, Училище елді мекендеріне дейін.

4

Аялдама: Ақсуат ауданының Екпін ауылдық округінің  Аққала елді мекенінен Екпін ауылдық округінің  Екпін ауылындағы «Ы.Кабеков атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне дейін.

Ақсуат ауданы Екпін ауылындағы «Ы.Кабеков атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен  Екпін ауылдық округінің  Аққала елді мекеніне дейін.

5

Аялдама: Ақсуат ауданының Сатпаев ауылдық округінің  Бесшатыр елді мекенінен Сатпаев ауылдық округінің  Сатпаев ауылындағы «С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне дейін.

Ақсуат ауданы Сатпаев ауылындағы «С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен  Сатпаев ауылдық округінің  Бесшатыр елді мекеніне дейін.

6

Аялдама: Ақсуат ауданының Кіндікті ауылдық округінің  «Алғабас» елді мекенінен Кіндікті ауылдық округінің  Кіндікті ауылындағы «Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп»   КММ  дейін.

Ақсуат ауданы Кіндікті  ауылындағы «Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен  Кіндікті ауылдық округінің «Алғабас» елді мекеніне дейін.

 

Аялдама: Ақсуат ауданының Көкжыра ауылдық округінің  «Ескі Көкжыра  елді мекенінен Көкжыра ауылдық округінің  Көкжыра ауылындағы «М.Әуезов атындағы Көкжыра жалпы білім беретін орта мектебі»   КММ  дейін.

Ақсуат ауданы Көкжыра ауылындағы «М.Әуезов атындағы Көкжыра жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен  Көкжыра ауылдық округінің «Ескі Көкжыра» елді мекеніне дейін.

 

Аялдама: Ақсуат ауданының Қызыл кесік ауылдық округінің  Қызыл кесік ауылындағы Шал қажы мөлтекауданынан «Би Боранбай атындағы орта мектебі»КММ-не

 «Би Боранбай атындағы орта мектебі»КММ-нен Шәкі би қажы мөлтекауданына

Шәкі би қажы мөлтекауданынан «Би Боранбай атындағы орта мектебі»КММ-не

 

: Ақсуат ауданының Қызыл кесік ауылдық округінің «Би Боранбай атындағы орта мектебі»КММ-нен

Қызыл кесік ауылындағы Шал қажы мөлтекауданына «Би Боранбай атындағы орта мектебі»КММ-не

 «Би Боранбай атындағы орта мектебі»КММ-нен Шәкі би қажы мөлтекауданына

 

 

 

 

 

        Ақсуат ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды  жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі

  1. Балаларды тасымалдау тәртібі

        1.Балаларды тасымалдау жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау заңнамасының талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен жүзеге асырылады.                                                                                                                                                                                                            

  1. Балаларды тасымалдаушы (бұдан әрі – Тасымалдаушы) тасымалдаушылырға қатысты заңнаманың талаптарын орындаумен өзіне тиесілі автобустарды тасымалдау үшін пайдаланатын білім беру ұйымы болып табыады.
  2. Тасымалдаушы тасымалдауды орындау алдында бұйрықпен балалардың тасымалдауын ұйымдастыру туралы шешімді рәсімдейді, онда лауазымды адамдардың міндеттерін, жүру маршрутын және балалардың қаіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар регламенттеледі.
  3. Тасымалдау қауіпсіздігіне қатер төндіретін жол және метеорологиялық жағдайлардың қолйсыз өзгеруі кезінде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтік құжаттарда көзделген жағдайда Тасымалдаушы рейсті алып тастауға және бұл туралы тапсырыс берушіге дереу хабарлауға тиіс.
  4. Жол жағжайларының қолайсыз өгеру кезінде, басқа жағдайлар кезінде (Қозғалысқа шек қою, уақытша кедергілердің көрінуі, бұл жағдайда жүргізуші кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (Қозалыс уақыттарының артуына) түзетілген болуы тиіс.
  5. Тасымалдаушы балаларды тасымалдайтын әрбір автобусқа балалармен өз қызметкерлерінің санынан алғашқы дәрігерлік көмек көрсеру әдістері бойынша дайындықтан және балаларды автобуспен тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша арнайы нұсқамадан өткен жауапты еріп жүруші адамдарды белгілейді.
  6. Нұсқауды білім беру ұйымдарында жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты тұлға өткізеді.
  7. Балаларды тасымалдау үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына жауап беретін жүргізушілерге рұқсат береді.
  8. Балаларды тасымалдау кезінде автобустың жүргізушісіне мыналарға тыйым салынады:                                                                                                               сағатына 60 шақырымнан артық жүруге;                                                                             2) жүру маршрутын өзгертуге;                                                                                              3) балалар бар автобус салонында қол жүгі мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүкті, немесе мүкәммалды тасымалдауға;                                                                         4) автобуста балалар болған кезде, соның ішінде балаларды отырғызу және түсіру кезінде автобус салонынан шығуға;                                                                   

5) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;                                                                          6) егер ол көлік құралының өздігінен қозғалуын немесе оны жүргізуші жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлік құралын қалдыруға.

  1. Еріп жүруші отырғызу (түсіру) аяқталғаны туралы хабар бергеннен және автобус есіктері толық жабылғаннан кейін жүргізушіге отырғызу (түсіру) орнынан автобус қоғалысын бастауға рұқсат етіледі.
  2. Көлік құралы жақындаған кезде алып жүрушілер балалардың жүгіріп шығуына және олардың жүретін бөлігінде болуына жол бермейді.
  3. Еріп жүрушілер балаларды отырғызу орнына ұйымдасқан тәртіпте (кіші балаларды – екі-екіден сапқа тұрғызып) жеткізеді. Отырғызу автобустың алдыңғы есігі ааарқылы жүргізіледі.
  4. Еріп жүрушілер автобусқа отырғызу және одан түсіру, автобус қозғалысы кезінде, аялдау уақытында балалар арасында тиісті тәртіпті қамтамасыз етеді.
  5. Балаларды автобусқа отырғызу еріп жүрушілердің басшылығымен және жүргізушінің бақылауымен автобус толық тоқтағаннан кейін отырғызу алаңында жүргізіледі.
  6. Сапар кезінде еріп жүрушілер балалардың: салонда тұруына және жүруіне;                                                                                         2) есіктер мен терезелерге жантаюына;                                                                                       3) жоғары сөрелерге ауыр және орнықсыз заттарды қоюына;                                                        4) қол жүгін өту жолдарына және кіреберістегі (шыға берістегі) алаңдарда орналастыруына;                                                                                                                                  5) терезе ойықтарынан бастарын шығаруына;                                                                                     6) терезеден қоқысты және қандай болса да өзге заттарды тастауға;                                    7) жазатайым жағдайдың алдын алуға бағытталған жолаушылардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін ахуал туралы хабарламалардан басқа жүгізушіні көлік құралын басқарудан алаңдатуына;                                                                             8) жолаушылардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндірмейтін жағдайларда авариялық жабдықтарды пайдалануына;                                                                                  9) есіктерді ашуына;                                                                                                              10) төбелесуіне, ішімдіктерді ішуге, қимыл ойындарын ойнауға жол бермейді;                                                                                                                                   11) шылым шегуге, сіріңке, оттық жағуға;                                                                                        12) спирттік ішімдіктерді ішуғе, есірткі, психотропты және улы заттарды қабылдауына жол бермейді.
  7. Тұрақтау (аялдау) кезінде балаларды автобустан шығару алдыңғы есіктер арқылы жүзеге асырылады. Автобустан бірінші болып еріп жүруші шығады. Тұрақтау (аялдау) кезінде еріп жүрушілар: біреуі – автобустың алдыңғы бөлігінде, екіншісі – автобустың артында тұруы және балалардың түсуін және содан кейін балалардың жолдың жүру бөлігіне жүгіріп шықпауын бақылау қажет.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      17. Автобустан шыққанда әрбір бала жеке заттарын бір қолымен көтеріп, екінші қолымен баспалдақтардан түскенде тұтқадан ұстауы тиіс. Тепе – теңдікті жоғалтпау және өзге жолаушыларды жарақаттандырмау үшін иықпен көтеріп жұретін рюзактар мен сөмкелерді оқушылар иықтан шешіп, қолдарына алулары тиіс.

         18) Түсірген кезде еріп жүрушулер балалардың:                                                           1) есікке қарай қозғалғанда төбелесуіне, итерісуіне;                                                                   2) баспалдақтардан секіруіне;                                                                                            3) көлік құралын жолдың жүргінші бөлігінен айналып өтуіне;                                                            4) жүргінші бөліктің маңына қимыл ойындар ойнауына жол бермейді.

         19) Түсіргеннен кейін еріп жүрушілер:                                              

1) жеткізу орнына келген балаларды санап шығады;                                                                2) ұйымдасқан түрде оларды түсіру орнынан және автобустардың тұрақтау алаңшаларынан еріп жүреді;                                                                                                  3) түсіру орнынан жаяу жүрген кезде олардың жол жүру ережесімен жаяу жүргіншілерге қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

  1. Қорытынды ережелер
  2. Ауданның шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау бойынша осы тәртіппен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

 

 

Ақсуат ауданы бойынша 2022-2023 оқу жылында тасымалданып                  оқытылатын оқушылар және оқушылар тасымалдайтын автобустар

туралы мәлімет.

         Аудан бойынша 6 елді мекеннен 4 мектепке 79 оқушы тасымалданып оқиды:

  1. Қарғыба ауылы Ю.Гагарин атындағы орта мектебіне Алпыс жылдық, Училище, Шыбынды елді мекендерінен 34 оқушы тасмалданады;
  2. Екпін ауылы Ы.Кабеков атындағы орта мектебіне Аққала елді мекенінен 20 оқушы тасмалданады;
  3. Сатпай ауылы С.Сейфуллин атындағы орта мектебіне Бесшатыр елді мекенінен 7 оқушы тасмалданады;
  4. Кіндікті ауылы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебіне Алғабас елді мекенінен 13 оқушы тасмалданады;
  5. Көкжыра ауылы М.Әуезов атындағы Көжыра орта мектебіне Ескі Көкжыра елді мекенінен 50 оқушы тасмалданады.
  6. Ақсуат ауданының Қызыл кесік ауылдық округінің Қызыл кесік ауылындағы Шал қажы мөлтекауданынан «Би Боранбай атындағы орта мектебі» КММ-не 48 оқушы тасмалданады.                                                                                                   

       Оқушылар тасымалы мектеп автобустарымен толықтай тасымалданып отыр. Оқушылар тасымалы кезінде барлық автобустар жылына 2 рет қыркүйек, ақпан айларында ӘПБ жол полиция бөлімі арқылы техникалық бақылаудан өтіп тұрады. Барлық жүргізушілер оқу жылы басында дәрігерлік бақылаудан өтіп, жұмыс атқаруға арнайы келісім беріледі.

        Автобус жүргізушілері күнделікті тасымал кезінде мектеп медбикелері арқылы дәрігерлік бақылаудан өтеді. Облыста өтетін түрлі спорт іс шараларына оқушыларды тасымалдау кезінде оқушыларды өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында міндетті түрде аудандық ауруханадан және жол полициясы тарапынан бақылаудан өтіп арнайы акт жасалып барып іс сапарға жіберіледі.

       Көкжыра ауылы М.Әуезов атындағы орта мектебінде Адильбеков Қайырғазы жұргізушісі УАЗ-220695 гос. номер Ғ 289 АІ 16 автокөлігі кәзіргі уақытта автокөлік күрделі жөндеуде тұрғанына байланысты уақытша тоқтап тұр.

       Би Боранбай атындағы орта мектебінің ПАЗ -32054 маркалы мемлекеттік номері 377 АО 16 автобусы құжаттарының дұрыс болмауы және  техникалық ақауларға байланысты жүрмей тұр.

       Мектеп оқушылары ауданда, облыста өтетін түрлі іс шараларға Қожагелді батыр атындағы орта метебінің және К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінің автобустарымен тасымалданады, автобустардың құжаттары талапқа сай Абай облысына тіркеліп техникалық куәліктер алынған. Бүгінгі күнге К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінің автобусы қосалқы бөлшектің (Компютер) болмауына байланысты жүруге жарамсыз. 

Дата публикации
22 февраля 2024