Оқыту семинар өткізілді

Ақсуат ауданының №5 сайлау округі бойынша шығып қалған мәслихат депутатының орнына депутат сайлауын ұйымдастыру мәселелері туралы

2024 жылдың 21 ақпаны күні Ақсуат аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Ақсуат ауданының №5 сайлау округі бойынша шығып қалған мәслихат депутатының орнына депутат сайлауын ұйымдастыру мәселелері жөнінде оқыту өткізілді.

Оқытуға №5 округтік және №184 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша комиссия мүшелеріне дауыс беруді ашу, ұйымдастыру, дауыс беруді өткізу, сайлау учаскесінде дауыстарды санау туралы ақпарат берілді.

Сондай -ақ,  дауыс беруге арналған үй-жайдағы тәртіп ережелері туралы, сенім білдірілген адамдар мен байқаушылардың міндеттері мен құқықтары туралы түсініктеме берілді.

Оқыту соңында қатысушылардан ҚР «Сайлау туралы» Конституциялық заңынан тест алынды.

 

 

 

 

Дата публикации
22 февраля 2024