Шешім жобасы
Ақсуат ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Ақсуат аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
|
Сессия төрағасы |
Т.А.Ә. |
|
Ақсуат аудандық мәслихат төрағасы |
Ж.Оразғалиев |
|
|
Ақсуат аудандық мәслихатының |
Ақсуат ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және
өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және
өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу
нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы
орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық
қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Ақсуат ауылының Қабанбай және Аблайхан көшелерінің қиылысындағы алаң. Жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін шекті толу нормасы - жетпіс адам.
Ақсуат ауылының Қабанбай көшесінің қилысындағы Ұранхаев және Қосаев көшелерінің бойы. Шекті толу нормасы - жетпіс адам.
1) өтініште көрсетілген уақыт ішінде арнайы орын аумағында болу;
2) ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;
3) санитариялық нормалар мен қауіпсіздік техникасының қағидаларын, Қазақстан Республикасының қоғамдық құқық тәртібін сақтау жөніндегі заңнамасын сақтау.
1) көше жарықтандыруының болуы;
2) бейнебақылау камераларының болуы;
3) тұрақ орындарымен қамтамасыз етілуі.
Ақсуат аудандық мәслихатының
2024 жылғы____________
__________ шешіміне қосымша 2
Ақсуат ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған
іргелес аумақтардың шекаралары
Пикеттеуді мынадай объектілердің іргелес жатқан аумақтарының шекарасынан 800 метр қашықтықта:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда жүргізуге жол берілмейді.