2023 жылдың 12 айындағы Ақсуат ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы және алда тұрған міндеттер туралы ақпарат

2023 жылдың 12 айындағы Ақсуат ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы және алда тұрған міндеттер туралы ақпарат

 

Өткен жылдың 12 айында ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда өсу қарқыны қамтамасыз етілді.

Атап айтқанда:

Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 936,7 млн теңгені құрап, 2 есеге өскен.(2022 жылы - 440,3 млн теңге).

Аудандағы өнеркәсіп өнімі негізінен тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (350,1 млн теңге) өңдеу өнеркәсібінен (244,5 млн теңге, тамақ өнімдерін өндіру, жеңіл өнеркәсіп, өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру), электр энергиясын беру және тарату (278,1 млн теңге, «ВК РЭК» ЖШС-і), суды жинау және тарату (63,9 млн теңге, «Ақсуат» мемлекеттік комуналдық кәсіпорны) қызметтерінен құралады.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 1,6 есеге өсіп, 13 млрд 36,4 млн. теңгені құрады.

Тартылған инвестицияның 22 пайызы (2 млрд. 881 млн.тг) бюджеттік қаражат есебінен болса, 78 пайызы (10 млрд. 155 млн.тг) жекеменшік қаражат есебінен. Былтырғы жылмен салыстырғанда бюджет қаражатынан тартылған инвестицияның өсу қарқыны 90 пайыз болса, жекеменшік қаражат есебінен тартылған инвестиция 2 есе өскен.

Бюджеттік инвестиция негізінен аудандағы атқарылған 3 ауылдағы су құбырын қайта жаңғырту, жолдарды орташа жөндеу жұмыстары, стадионды қайта жаңғырту, мал қорымдарын салу және басқада ЖСҚ әзірлеу жұмыстарынан құралып отыр

2024 жылғы бюджеттік инвестиция тарту жоспары 2 есеге өсіп  - 5,5 млрд теңгені құрайтын болады.

Кәріз желілерін қайта жаңғырту-997,3 млн теңге;

Мектеп құрылысы (Ақсуат 1658,0 мың тг, Екпін-449 млн тг)- 2 млрд 107 млн теңге;

Сасан би мектебін күрделі жөндеу – 120,6 млн теңге;

9 денсаулық сақтау нысандарын салу -1 млрд 670 млн теңге;

Қатты қалдықтар төгетін полигон құрылысы -200,0 млн теңге;

Ақсуат мал қорымы құрылысы – 33,0 млн теңге;

Көкбастау БМС орнату-15,0 млн теңге;

Коммуналдық тұрғын үйлер сатып алу – 166,6 млн теңге;

ЖСҚ әзірлеуге – 214,4 млн теңге.

Жекеменшік инвестиция негізінен ауылшаруашылығын дамытуға салынған қаржыдан (5,9 млрд теңге-мал бордақылау алаңдары, мал қоралары, асыл тұқымды малдарды күтіп ұстау шығындары, техникалар алу), туризм саласын дамытуға салынған қаржыдан (1,5 млрд теңге),  тұрғын үй құрылысына жұмсалынған қаржыдан ( 1,9 млрд теңге), кәсіпкерлік нысандарын салуға жұмсалған қаржыдан (68,6 млн теңге) және басқа салаларға  жұмсалған қаржыдан (779,2 млн теңге) құралып отыр.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 6 млрд. 367,1 млн. теңгеге орындалып, былтырғы жылдың 12-айымен салыстырғанда 120,3 пайызға артқан.

Атқарылған құрылыс жұмыстарының 36 пайызы (2 млрд. 292,2 млн. тг) бюджет қаражаты есебінен болса, 64 пайызы (4 млрд. 75 млн.тг) жекеменшік қаражат есебінен. Былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда бюджет қаражаты есебінен жүргізілген құрылыс жұмыстарының өсу қарқыны 129 пайыз болса, жекеменшік қаражат есебінен жүргізілген құрылыс жұмыстары 116 пайызға өскен.

2024 жылғы бюджет  қаражаты есебінен тартылатын құрылыс жұмыстары  3 есеге өсіп  - 6,9 млрд теңгені құрайтын болады.

Кәріз желілерін қайта жаңғырту-997,3 млн теңге;

Жолдарды орташа жөндеу -  1 млрд 373 млн теңге;

Мектеп құрылысы (Ақсуат 1658,0 мың тг, Екпін-449 млн тг)- 2 млрд 107 млн теңге;

Мектептерді күрделі және ағымдағы жөндеу – 293,5 млн теңге;

9 денсаулық сақтау нысандарын салу -1 млрд 670 млн теңге;

Қатты қалдықтар төгетін полигон құрылысы -200,0 млн теңге;

Ақсуат мал қорымы құрылысы – 33,0 млн теңге;

Көкбастау БМС орнату-15,0 млн теңге;

Коммуналдық тұрғын үйлер сатып алу – 166,6 млн теңге;

Тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 106,2 пайызға артып, 8428 шаршы метрді құрады.  

Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен салынған тұрғын үйлер-37 пайыз, тұрғындардың жекеменшік қаражаты есебінен салынған тұрғын үйлердің үлесі 63 пайызды құрады.

2022 жылдың 12-айымен салыстырғанда бюджет қаражаты есебінен салынған тұрғын үйлер 2 есеге, жекеменшік қаражат есебінен салынған тұрғын үйлер 22 пайызға артқан.

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 9,2 млрд. теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 119 пайыз болды.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 12 пайызға артып, 2217 бірлікті құрады.

Немесе былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда жаңадан ашылған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің  саны 96 бірлікке артқан.

Биылғы жылдың 12-айында жергілікті бюджетке 3 млрд. 504,8 млн теңге салық төленіп, былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 3,2 есеге артық орындалды.

Ауыл шаруашылығында өндірілген өнімнің  жалпы көлемі 45 млрд 42,1 млн. теңгеге жетіп, өсу қарқыны 125 пайыз болды.

   Аудандағы ірі қара 114,2 мың басқа, қой мен ешкі – 196,7 мың басқа, жылқы – 28 мың басқа жетіп, тиісінше ірі қара – 5,6 пайызға, қой-ешкі – 8,3 пайызға, жылқы – 5,6 пайызға көбейді. 

 

Жалпы өткен жылдың қорытындысымен Ақсуат ауданы ірі қара малы мен ұсақ малдың өсімі бойынша облыста бірінші, жылқы малының өсімі бойынша үшінші орында.

Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында бірқатар үлкен жұмыстар атқарылды.  Атап айтқанда:

 «Агробизнес», «Іскер», «Жастар несие», «Ауыл аманаты», бағдарламалары арқылы  150 жобаға 1 млрд. 305,9 млн теңге несие алынса, «Лизинг» бағдарламасы арқылы  300 млн. теңгеге 20 бірлік трактор және 30 бірлік ауыл шаруашылығы техникаларының қосалқы жабдықтары сатып алынды (2022 жылы 12-айда 9 трактор 19 қосалқы жабдық сатып алынған).

Несие қаражатын алу өткен жылмен салыстырғанда 105 пайызға өсті.

Қазіргі таңда мал басын өсіріп қана қоймай, нарықтың сұранысына сәйкес, асылдандыру жұмысына да ерекше ден қойып отырмыз. Мысалы ауданда 2022 жылы асылтұқымды шаруашылықтар саны 40 болса, биыл 72-ге жетіп, 1,9 есе өсім көрсетті. Оның 55-і  ірі қара, 12-сі қой, 5-уі жылқы өсірумен айналысуда.

Аудандағы аналық ірі қара малының 49 пайызына немесе 32 813 басқа, 1 555 бас қазақтың ақбас, герефорд және ангус асыл тұқымды аталық малдары қосылып, тұқымдық түрлендіру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде - асыл тұқымды малдың үлесі ірі қарада 19 пайызға (40,9 мың басқа), қойда-52 пайызға (124,7 мың басқа), жылқыда – 5,6 пайызға (1,7 мың басқа) жеткізілді.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға аудан шаруашылықтары мемлекеттен 1 млрд. 600 млн. теңге көлемінде субсидия алуға қол жеткізді, өсім 121 пайыз. (2022 жылы 1 млрд 321 млн. теңге).

Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығын дамытуға жекеменшіктен тартылған инвестиция көлемі 5,9 млрд. теңгеге жетіп отыр. Бұл негізінен мал бордақылау алаңдарын, мал қораларын  салу, төрт түлік түрлерін асылдандыру, ауылшаруашылық техникаларын сатып алу бағыттарын қамтиды.

Сонымен қатар,

Дәстүрлі мал шаруашылығын өркендетуде қажетті деңгейде мал азығын дайындау маңызды рөл атқаратыны белгілі. Бұл мәселеде егістік жерлерді игеруді көбейту мақсатында тиісті жұмыстарды жолға қоюдамыз.

   Атап айтсақ, су каналдарының инфрақұрылымын жақсартуға іс-әрекеттер жасалуда. Бүгінгі күні иесіз тұрған 16 ішкі шаруашылық каналдарының ең негізгі деген 5-не (44,5 км)  жергілікті бюджет есебінен тиісті қаржы бөлініп, жер актісі мен техникалық төлқұжаттары жасалынып, коммуналдық меншікке алынды.    Бұл атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде әрбір ішкі шаруашылық су каналынан ауыл тұрғындарының егістік алқаптарына қажетті суды пайдалануына толық мүмкіндіктер жасалады.

        Биылғы жылы ұзындығы 15 шқ болатын «Дәулетбай» ішкі шаруа-шылық каналына жобалық- сметалық құжат әзірлеу үшін аудандық бюджеттен 24.1 млн. теңге қаржы бөлініп отыр.

        Ағымдағы жылдың қараша айында ауданымызға арнайы іс-сапармен ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Н. Нұржігітов келіп, Қарғыба су тоспасының қазіргі жағдайымен танысқан болатын. 

Қарғыба су тоспасының құрылыс жұмыстарының тоқтап қалғандығы туралы мәселе көтеріліп, министрлік тарапынан қолдау тауып, шешу жолдары жөнінде хаттамалық құжат қабылданды.

Министрлік қабылдаған хаттамаға сәйкес биыл Қарғыба су тоспасының ЖСҚ-на қайта есептеу аяқталып, мемлекеттік сараптамаға қорытынды алу үшін ұсынылады. Оң қорытынды алынған жағдайда  республикалық бюджетке қаржы бөлу мәселесі жөнінде ұсыныс енгізілетін болады.

         Сонымен қатар Министрліктің 2024-2026 жылдарға арналған су жүйелерін қалпына келтіру бағдарламасына сәйкес  Қарғыба, Базар су қоймаларының жобалық- сметалық құжаттарын әзірлеуге қаржы бөлу жоспарлануда. 

          Жалпы, егістік жерді игеруде тек су каналдарына ғана иек артпай, тың технологияларды енгізу жұмыстары қолға алынуда..  

Атап айтқанда:

«Ықыбай» шаруа қожалығының базасында жаңбырлатқыш машинасын іске қосу жұмыстары атқарылуда. Бүгінгі күні сыйымдылығы 102 мың текше метр және 150 мың текше метр болатын 2 су жинақтаушы резервуар дайындалды. Оған Түркия мемлекетінен алынған «Атланта» бренді бойынша бір резервуарға 7 жаңбырлатқыш, келесі резервуарға 2 жаңбырлатқыш қондырғылары   құрастырылды.       

7 жаңбырлатқыш айналмалы әдісте жұмыс атқарса, 2 жаңбырлатқыш әрқайсының ұзындығы 800 метрден тігінен жаңбыр-латып жұмыс істейтін болады. Қазіргі уақытта қуаты сағатына 500 киловаттық су сорғыларын іске қосу үшін электр желілерін тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биылғы жылы жоба толық іске қосылып, 750 гектар егістік алқап игерілетін болады.

Сондай-ақ «Алтын Алтай» шаруа қожалығы 1000 гектар суармалы егістікке тамшылатып суару жүйесін енгізбекші. Бүгінгі күнде қажетті тамшылатып суару қондырғылары Қытай Халық Республикасынан әкелінуде. 

Жалпы аудан бойынша 2023 жылы 8435 гектар суармалы егістік жер игерілді. Оның ішінде:

-дәнді дақылдар 710 га;

-майлы дақылдар 300 га;

- картоп 225 га;

- көкөніс 167 га;

- бақша 150 га;

-мал азықтық жүгері 50 га;

-көпжылдық шөптер 475 га;

-өткен жылдардан келе жатқан көпжылдық шөптер 6358 гектарды құрайды.

Биылғы жылы 9200 га жерді игеру жоспарлануда.

Ауданымызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, мақсатты пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі таңда 2023 жылға мемлекет қорына 69,5 мың гектар жер қайтарылып, берілген жоспар-тапсырма (49,0 мың га.) 142 пайызға артығымен орындалды. Биылғы жылғы жоспар- тапсырмаға сәйкес 18 000 га жер учаскелері мемлекет қорына қайтарылатын болады.

Жалпы, аудан бойынша елді мекендердің жер телімі 107 мың 229 гектарды құрайды. Оған қосымша ауыл тұрғындарының мал жайылымдығы үшін 53 мың 850 гектар жер телімі 20 жылға резервке қойылды. Сонымен қатар 9 елді мекен жерлерінің шекаралары белгіленіп, қазықтары қағылуда. (Ойшілік, Құмкөл, Қарғыба,, Ақсуат, Екпін, Қызыл-кесік, Кіндікті, Жәнтікей, Көкжыра.

Соңғы 3 –нің кокурсы өткізіліп, жеңімазы анықталған. Алдағы уақытта қазығы қағылады).

Биыл да осы жұмыстар жалғасын тауып, қосымша 9 елді мекеннің шекаралары белгіленетін болады. (Есім, Тана-мырза, Үштөбе, Сатпаев, Серіктес, Аққала, Қожакелді, Көктүбек, Қызыл-жұлдыз).

Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақты ұстау мақсатында айына 2 рет ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізіліп тұрды. Жыл басынан бері осындай 24 жәрмеңке өткізіліп, 65,7 млн теңгенің ауылшаруашылық өнімдері саудаланды. Одан басқа ауданның шаруашылықтары облыс орталығында 8 рет, Алматы және Астана қалаларында 1 реттен жәрмеңке өткізді.

Биылғы жылы «Жібек жолы» дүкені азық- түлік өнімдерін топтап сату мақсатында құрылыс жұмыстарын бастамақшы. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақты ұстау үнемі бақылауда болатын болады.

Сумен жабдықтау.

Аудандағы 29 елді мекеннің 25-і немесе  86,2 пайызы таза ауыз сумен қамтылған.

Бұл мақсатта биылғы жылы Серіктес (115,3 млн. теңге), Көктүбек (389,2 млн. теңге) және Танамырза (276,4 млн. теңге) ауылдарына су құбыры желілерін үйлердің қызыл сызығына жеткізу құрылысына – 781 млн. теңге қаражат бөлініп, толық игерілді.  Бүгінгі күні тиісті құрылыс жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді..   

Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында (90,5 мле теңге) Жәнтікей, Үштөбе, Қызыл кесік, Ақсуат, Сатпаев, Кіндікті, Ойшілік ауылдарына 18 дана насостар ауыстырылып қойылды. Көкжыра, Жәнтікей, Кіндікті ауылдарына 6 дана бактерицитік құрылғылар ауыстырылды. Ақсуат, Көкжыра ауылдарында жалпы көлемі 63720 м3 ескірген құбыр желілерін қазу, ауыстыру және қайта жабу жұмыстары атқарылды. 

2024 жылы

Ақсуат ауылындағы кәріз жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары басталатын болады. Жоба құны 997,3 млн теңге.

Одан басқа Көкжыра (1 млрд. 442 млн. тг), Алғабас (215,5 млн тг), Сулутал (266,0 млн тг), Қызыл жұлдыз (507,6 млн. тг), Қожакелді (217,4 млн. тг) ауылдары бойынша су құбыры желілерін үйлердің қызыл сызығына жеткізу құрылысына ЖСҚ әзірленіп, тиісті басқармаларға бюджеттік өтінім өткізілді. Жиыны 2 млрд. 648,5 млн. теңге.

Одан басқа Ақсуат ауылының ескі су құбырлары мен жаңа мөлтек аудандарына, Қарғыба ауылына су құбырының құрылысымен қайта жаңғырту жұмыстарына ЖСҚ әзірленетін болады.

Сонымен қатар Көкбастау ауылына блок-модульді станция орнатуға 15 млн. теңге және Аққала ауылының су қорын зерттеуге 15 млн. теңге жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылды.

 

Автомобиль жолдары.

     Аудан территориясынан өтетін  автомобиль жолдарының ұзындығы - 697 шақырымды құрайды.

        Аудандық маңызы бар автомобиль жолдары аудандағы барлық жолдың 66 пайызын құрайды (461 км).

Ауданымыздың жолдарын жөндеу мақсатында биылғы жылы төмендегі жобалар жүзеге асырылды:

Танамырза ауылына кіреберіс 12 шқ (373,4 млн. теңге) және Көкжыра-Серіктес 6 шқ (28,3 млн. теңге) жолдарын орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.

Қарағанды-Аягөз-Боғас-Кіндікті 10 шқ (532,2 млн. теңге) жолын орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.   

Нәтижесінде аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 17 пайызға жеткізілді. (78,4 шқ)

Одан басқа 115,5 млн. теңге Екпін ауылындағы көше жолдарын орташа жөндеу  жұмыстары аяқталды.

Сондай-ақ "Ауыл-Ел бесігі" бағдарламасы бойынша 3 жобаға 243 млн. 782 мың теңге қаражат бөлінді, оның ішінде:

Ақсуат ауылындағы атауы жоқ (6,5 км) көшені орташа жөндеу жұмыстарына  54 млн. 984 мың теңге, Құмкөл ауылындағы көше жолдарын (1,7 км) орташа жөндеуге 68 млн. 950 мың теңге  қаржы бөлініп, тиісті жұмыстары толығымен аяқталды.

Қызыл кесік ауылындағы орталық көше (2,3 км) жолын орташа жөндеуге 119 млн. 848 мың теңге бөлініп, ұзындығы 2,3 км болатын көше жолына асфальт төселінді.

Жалпы аудан бойынша 2023 жылы жолдарды жөндеуден өткізуге  1 млрд. 293 млн. теңге қаражат бөлінді.

Одан басқа Кіндікті ауылына кіре беріс және Кіндікті – Алғабас жолдарына, жиыны 54 шақырымға, Сұлутал ауылына кіре беріс 19 шақырым жолға құм қиыршық тас төгіліп тегістелсе,  Тана мырза – Есім 12 шақырым, Қызыл кесік – Үштөбе 45 шақырым, Қожагелді ауылына кіре беріс 10 шақырым, Ақжал ауылына баратын 15 шақырым, Көктүбек ауылына баратын 9 шақырым жолдар қырып тегістелді.

Аудандық маңыздағы автокөлік жолдарды күтіп-ұстау мен айналысатын «Ақсуат» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 149,4 млн теңгеге 6 бірлік арнайы техникалар сатып алынды.

Үштөбе ауылына кіре беріс жолдағы көпір мен Көкжыра ауылындағы Базар өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпіріне 16,4 млн теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

2024 жылы

 

Аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекендердің ішкі көше жолдарын орташа жөндеуге облыстық бюджеттен 1 млрд. 209,5 млн. теңге қаржы бөлінді. Атап айтқанда:

 "Ауыл-Ел бесігі" бағдарламасы бойынша 2 жобаға 350,9 млн. теңге қаражат бөлінді, Оған:

  1. Ақсуат ауылындағы 6,1 км Т. Қалмақбаев көшесіне (283 млн. 902 мың теңге) және Сәтпаев ауылындағы 1,5 км көше жолына (67 млн. теңге) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
  2. «Қарағанды-Аягөз-Боғас»-Кіндікті» бағытындағы 12-24 км аралығындағы қалған 9 км-ге орташа жөндеу; (433 млн. 039 мың теңге).
  3. Аудандық маңызы бар "Сәтпаев-Көктүбек" аралығындағы 9 км жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. (425 млн. 607 мың теңге).

Нәтижесінде аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 21 пайызға жеткізілетін болады. (96,4 км)

Биылғы жылы «Тебіске» және «Боғас» өзендеріндегі екі көпірді күрделі және қайта жаңғыртуға ЖСҚ әзірленетін болады. Оған аудан бюджетінен 21,1 млн теңге қаражат бөлінді.

Сондай-ақ «Ақсуат» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 2024 жылы аудан бюджетінен бөлінген 222 млн 400 мың теңге арнайы техникалар сатып алынатын болады. (асфальтоукладчик -87,0 млн тг, екі барабанды каток -39,7 млн тг, Трал тіркемелі -10,3 млн тг, манипулятор -47,5 млн тг, тіркемелі телескопиялық көтергіш -12,9 млн тг, жаман су соратын АС машинасы – 25,0 млн тг)

 

Білім беру

 

Аудандағы 19 мектепте (14 орта, 5 бастауыш) 4051 оқушы білім алуда. 9 балабақша мен 14 шағын орталықтарға 3-6 жас аралығындағы 1055 бала толық қамтылып отыр. Одан басқа 1 колледж, 1 өнер мектебі, 1 саз мектебі жұмыс жасайды.

Білім саласында да 2023 жылы бірқатар жұмыстар атқарылды.
    «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша Ақсуат ауылына салынатын 300 орындық мектеп құрылысы басталды.

 Оған Республикалық бюджеттен 1 млрд. 58,3 млн. теңге бөлінді.

Ақсуат және Екпін ауылдарынан салынатын мектептердің инженерлік желелері құрылысына 17,2 млн теңгеге ЖСҚ әзірленуде.

Одан басқа облыстық бюджеттен білім беру нысандарын ағымдағы жөндеуге 118 млн теңге қаражат бөлініп, оған Ақсуат ауылындағы интернатқа, Гагарин және Тоғас батыр атындағы орта мектептерге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Көкжыра ауылындағы 100 орындық жаздық балалар лагерінің құрылысына ЖСҚ әзірленіп, сараптамадан өткізілді. Жоба құны 1 млрд 339 млн теңге.

 Көктүбек ауылынан 80 орындық мектеп құрылысына ЖСҚ әзірленуде. Сараптамадан осы ақпан айында шығады деп күтілуде.

 Сасан Би атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірленді. Жоба құны 120,6 млн теңге.

Аудан мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында Тоғас батыр, Би Боранбай, Сасан би атындағы орта мектептерге 18,2 млн теңгеге пән кабинеттері сатып алынды.

Сонымен қатар Қожакелді батыр атындағы мектеп «тірек мектебі» болып бекітіліп, оған «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры арқылы бөлінген 250,0 млн теңге қаражатқа заманауй құралдармен

жабдықталды.

        5 бастауыш мектепке 19 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалынды.

 

2024 жылы

 

Көкжыра ауылындағы 100 балалық  жаздық лагер құрылысына «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы арқылы қаржы бөлдіртуге облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім өткізілді.

 Ақсуат ауылындағы «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша салынып жатқан 300 орындық мектептін құрылысы жалғасатын болады. Оған 1 млрд. 658 млн.тг қаражат бөлінді.

«Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша Екпін ауылындағы 300 орындық мектептің құрылысы бастауға 449 млн.тг  қаржы бөлінді.

 «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы бойынша Құмкөл ауылындағы Сасан би атындағы орта мектебінің шатырын ауыстыруға 120 млн. 665 мың теңге бөлінді.

 Би Боранбай (17 млн. тг), Қ. Сәтбаев (11 млн. тг), С.Сейфуллин (70 млн. тг), М.Ауезов (7,3 млн. тг) атындағы орта мектептерге және Көктүбек мектеп бөбекжай-балабақша кешені мен (9,3 млн. тг), Оған облыстық бюджеттен жиыны -114 млн. 600 мың теңге қаржы қарастырылған.

Сонымен қатар аудандық бюджет қаражаты есебінен (58,5 млн.тг) Қызыл-кесік ауылындағы Еркеназ балабакша кешеніне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Одан басқа Қ.Сәтбаев (10 млн. тг), С.Сейфуллин (10 млн. тг), Ғ.Мұратбаев (10 млн. тг) және М.Ауезов (10 млн. тг) атындағы орта мектептерге жаңа модификация кабинеттерін сатып алуға 40 млн. теңге қаржы бөлінді.

 

Денсаулық сақтау саласы

Ауданда 1 орталық аурухана, 9 дәрігерлік амбулатория, 12 медициналық пункт және 1 фельдшерлік-акушерлік пункт халыққа қызмет көрсетеді. Оларда 56 дәрігер, 165 орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс жасайды. Кадр тапшылығы жоқ.

Есепті мерзім ішінде 354 бала дүниеге келсе, 122 адам қайтыс болды. Табиғи өсім 232 адам.

Аудандық аурухананың материалдық-техникалық базасын нығайтуға 158,4 млн теңге қаражат бөлініп, медициналық құрал жабдықтары сатып алынды (наркоздықтыныс алу аппараты, видеогастроскоп, видеоколоноскоп, лапароскопиялық аппарат).

 

2024 жылы

 «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында 2024 жылы Екпін (324,6 млн. тг) және Үштөбе (324,6 млн. тг) ауылдарында дәрігерлік амбулатория, Кіндікті ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт (324,6 млн. тг), Айнабастау (113,8 млн. тг), Ақжал (113,8 млн. тг), Қызыл жұлдыз (113,8 млн. тг), Мүрсәлім (113,8 млн. тг), Көктүбек (113,8 млн. тг), Сұлутал (113,8 млн. тг) ауылдарына медициналық пунктер салынатын болады. Оған бөлінген қаражат көлемі 1 млрд. 656,7 млн. теңге.

Сонымен қатар осы салынатын нысандардың инженерлік желілер құрылысына аудан бюджетінен бөлінген 22,2 млн теңге ЖСҚ әзірленетін болады.

Мәдениет және спорт

Аталған сала бойынша 1 аудандық мәдениет үйі, 9 клуб, 11 кітапхана, 1 спорт мектебі, 1 денешынықтыру сауықтыру кешені, 1 спорт модуль 1 стадион, 1 ипподром, 19 спорт зал аудан тұрғындарына қызмет көрсетеді.

Көкжыра ауылындағы клуб үйінің құрылысына ЖСҚ әзірленіп сараптамаға енгізілді.

        Одан басқа жекеменшік қаражат есебінен Екпін ауылдағы мәдениет үйінің құрылысы аяқталса, Жәнтікей ауылдағы мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде.

        Кіндікті ауылындағы клуб үйі 17,8 млн теңгеге ағымдағы жөндеуден өткізілсе, Қызыл-кесік ауылындағы мәдениет үйінің ағымдағы жөндеу жұмыстарын бастауға 8,7 млн. теңге қаражат бөлінді.

        Аудандық мәдениет үйі мен ауылдық клуб үйлерінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін аудан бюджетінен 72,0 млн теңге қаражат бөлінді. Оған аудандық мәдениет үйіне ЛЭД экран, музыкалық аппаратура,  көремендер орындығы,  сахана шымылдығы мен саханалық киімдер және барлық ауылдық клуб үйлеріне музыкалық аппаратуралар сатылып алынды.

«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы арқылы бөлінген 176 млн теңге қаражатқа Ақсуат ауылындағы орталық стадионды қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Екпін ауылындағы атшабар ағымдағы жөндеуден өткізілді (7 млн теңге).

2024 жылы

        Екпін және Жәнтікей ауылдарынан жекеменшік қаражат есебінен салынып жатқан 150 орындық мәдениет үйлері ауданның коммуналдық меншігіне сатып алынатын болады.   

         Қызыл-кесік ауылындағы мәдениет үйінің ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталады. Оған аудан бюджетінен 34,8 млн. теңге бөлінді.

Көкжыра ауылындағы клуб үйінің құрылысын салуға «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасына енгізу үшін бюджеттік өтінім тапсырылатын болады.

Екпін, Құмкөл ауылдарынан спорт модулі құрылысына облыстық бюджет қаражат есебінен ЖСҚ әзірленетін болады.

 

Жұмыспен қамту.

Абай облысының өңірлік жұмыспен қамту картасы бойынша ауданға 1317 жұмыс орнын құруға квота белгіленген. 12-айда 1731 жұмыс орны құрылып, жылдық жоспар-тапсырма 131 пайызға орындалды.

Оның ішінде:

-инфрақұрылымдық жобалар бойынша жылдық жоспар (156 адам) 104.4 пайызға орындалып, 163 адам жұмыспен қамтылды;

-субсидияланатын жұмыс орындары (қоғамдық жұмыс, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы т.б) жылдық жоспар 234 адам, орындалғаны 493 адам немесе екі есеге 210,6 пайыз;

-10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны көрсеткіші бойынша жылдық жоспар 291 адам, орындалғаны 294 адам немесе 101,0 пайыз;

-бос жұмыс орындарына орналастыру бойынша жылдық жоспар 614 адам, 12 айда орындалғаны 739 адам немесе 120,3 пайыз;

- 21 ден 35 жасқа дейінгі аралықтағы жастарға 2,5 пайызбен несие беру бойынша жоспар 16 адам болса,  36 адам несиелерін алды.

 

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдық елді мекендерге жұмысқа келген 60 жас маманға 21 млн теңге көтерме жәрдемақы, кезекте тұрған 20 маманға  тұрғын үй сатып алу үшін  104 млн.теңге бюджеттік кредит берілді.

Басқада салалар бойынша Екпін, Құмкөл, Қызылкесік ауылдарында аудан бюджетінен бөлінген 89,6 млн теңгеге мал қорымдарының құрылысы жүргізілді.

Сонымен қатар 5 ауылға (Ойшілік, Көкжыра, Сәтпаев, Жәнтікей, Кіндікті) мал қорымын салуға ЖСҚ әзірленуде.

8 ауылдық округтің орталығын дамыту және салу схемасы әзірленді. Оған облыстық бюджеттен – 44,8 млн. теңге қаражат бөлінді.

Ақсуат ауылынан екі пәтерлі 17 үй, Екпін ауылынан екі пәтерлі 1 үй 551,0 млн. теңгеге сатып алынып, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға кезегіне қарай берілді.

Ауылды абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалық және жарықтандыру бойынша жұмыстар өз жалғасын тауып, бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 270,0 млн. теңге қаражат бөлінді.

        Оған 14 шағын футбол алаңдарын (Ақсуат ауылында 4 жерде және Кіндікті, Қожакелді, Екпін, Аққала, Қызыл кесік, Үштөбе, Сәтпаев, Тана мырза, Қарғыба, Көкжыра) 14 балалардың ойын алаңдарын (Ақсуат ауылында 8 жерде және Көкжыра, Екпін, Ойшілік, Жәнтікей, Алғабас, Көктүбек), 4 ауылдағы саябақты абаттандыру (Көкжыра, Ойшілік, Құмкөл, Сатпаев) , 4 ауылға көше жарық шамдарын тарту (Қызыл кесік, Үштөбе, Аққала, Қарғыба) жұмыстары жәнеде барлық ауылдық округ орталықтарында қатты қалдықтар төгетін орындарды қоршау жұмыстары жүргізілді.

 

2024 жылы

 

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдық елді мекендерге жұмысқа келген 90 жас маманға 33,2 млн теңге көтерме жәрдемақы, кезекте тұрған 15 маманға  тұрғын үй сатып алу үшін  123,7 млн.теңге бюджеттік кредит берілетін болады.

Республикалық бюджеттен көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды пәтермен қамтамасыз ету үшін 166,6 млн. теңге қаражат бөлінді.

Ауылдарды абаттандыру, көгалдандыру мақсатында аудан бюджетінен 421 млн. 628,8 мың теңге қаржы бөлінді.

Оның ішінде:

Футбол алаңдарын орнатуға 2 ауылға - 20 млн. теңге  (Ақсуат- 10 млн.тг және Ойшілік -10 млн.тг);

 Балалар алаңын орнатуға 5 ауылға - 53 млн. 527 мың теңге (Үштөбе -9,3 млн.тг, Кіндікті -5 млн. тг, Құмкөл -10,2 млн. тг, Аққала- 5 млн. тг, Ақсуат  ауылында 3 жерге- 24 млн. тг;

Саябақтарды абаттандыруға 4  ауылға – 265 млн. 800 мың теңге (Сатпаев -13 млн. тг, Көкжыра-10 млн. тг, Жәнтікей ауылының кіре берісіндегі қашаларды ауыстыруға 12 млн. теңге, Ақсуат ауылындағы Мәңгілік ел саябағын-28,3 млн. тг, Әуенді су бұрқақ пен ескерткіштерді 8,9 млн. тг, Тәуелсіздік монументі аллеясына-2,6 млн. тг, Ақсуат ауылындағы Қабанбай көшесіндегі скверді абаттандыру жұмыстарына 191 млн. теңге) ;

Аудан орталығын абаттандыру мақсатында көп пәтерлі үйлердің шатырын ағымдағы жөндеуден өткізіп қасбетін бояуға - 28 млн. 273 мың теңге;

Көшелерге әжетхана орналастыруға - 15 млн. теңге;

Ақсуат ауылына 10 дана автобус аялдамаларын орнатуға - 18 млн. теңге қаржы қарастырылды.

Одан басқа Аксуат ауылынан қатты қалдықтар төгетін полигон құрылысын бастауға (құны-837,4 млн тг) 200 млн. теңге қаржы бөлінді.

Интернет желісін қамтамсыз ету мақсатында 3 ауылға  (Үштөбе-178,0 млн. тг, Кіндікті - 178,5 млн тг, Қызыл-кесік - 127,0 млн тг) Антенна-діңгектік құрылғы  құрылысын бастауға конкурс ұйымдастыруға  1 млн.теңге қаржы қаралды.

 Сондай-ақ  Қарағанды-Аякөз-Боғас респуликалық жолының бойында 5 жерге антенна-діңгектік құрылғысына ЖСҚ әзірленетін болады. («Қызыл кесік ауылынан батысқа қарай 37,3 км, оңтүстік-батысқа қарай 18 км, Егіндібұлақ ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 6,5 км және Базарка ауылынан батысқа қарай 7,5 км, Үштөбе ауылының солтүстігіне қарай 21 км қашықтықта)

Ақсуат ауылынан 50 орындық  оңалту орталығын салуға ЖСҚ әзірлеуге 12,7 млн. теңге қаржы қарстырылды.

 

Құрметті жерлестер!

Біздің сіздермен бірлесіп атқаратын жұмыстарымыз әлі алда. Басты мақсатымыз – ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту және аудан тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсарту болып табылады.

Сондықтан барлықтарыңызды  бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып алдағы жоспарланған жұмыстарды бірлесе атқаруға шақырамын.

 

 

 

 

Дата публикации
26 января 2024