2023 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты

2023 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты

24.01.2023 жыл Ақсуат ауылы

Аудандық маңызы бар 4 жолдардың орташа жөндеу жұмыстарына Республикалық бюджеттен 775896,3 мың теңге, «Ауыл ел-бесігі» бағдарламасы арқылы 3 көше жолдарын орташа жөндеуге 243 781,5 мың теңге және облыстық трансферттен 1 көше жолына 115 519,5 мың теңге қаражат бөлініп, жұмыстары атқарылды.
Атап айтса!
1. Аудандық маңызы бар «Қарағанды-Аягөз-Боғас»-Кіндікті, 0-12,0 шқ автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарына 2022 – 2023 жылдарға 342 384,0 мың теңге (2022 жылға 165 680,0 мың теңге 2023 жылға 176 704,0 мың теңге) бөлініп, жұмыстары толық аяқталды. Мердігері «Зайсан құрылыс компаниясы» ЖШС-і.
2. «Қарағанды-Аягөз-Боғас»-Кіндікті, 12-24 шқ автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарына 2023 жылға 197 520,9 мың теңгесі бөлініп, 4 шқ асфалть жамылғысы төселді. 2024 жылға қалған 433 039,1 мың теңгесі жоспарлануда. Жобаның құны 660 086,9 мың теңге. Мердігері «Зайсан құрылыс компаниясы» ЖШС-і.
3. «Танамырза ауылына кіре беріс»- 0-10 шқ автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарына 373 406,4 мың теңге бөлініп, жұмыстарын толық аяқталды. Мердігер «Казстройтехник» ЖШС-і
4. «Көкжыра-Серіктес»-0-6 шқ автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарына 28 265,0 мың теңге бөлініп, жұмыстарын толығымен аяқталды. Мердігер «ПМК құрылыс» ЖШС-і
5. «Екпін ауылындағы көше жолдарын орташа жөндеу» 0-3,1 шқ жұмыстарына ОБ-тен 115 579,5 мың теңге бөлініп, жұмыстары толығымен аяқталды. Мердігер «SKS building» ЖШС-і.
«Ауыл ел-бесігі» мемлекеттік бағдарламасы негізінде:
1. «Құмкөл ауылындағы көше жолдарын орташа жөндеу» 0-1,7 шқ жұмыстарына 68 950,0 мың теңге бөлініп, жұмыстарын толық аяқталды. Мердігер “ПМК құрылыс” ЖШС-і
2. «Қызыл Кесік ауылының көшесін орташа жөндеу» 0-2,3 шқ жұмыстарына 119 847,7 мың теңге бөлініп, жұмыстары толығымен аяқталды. Мердігер «Зайсан» құрылыс компаниясы» ЖШС-і
3. «Ақсуат ауылішілік атауы жоқ көшенің жолына орташа жөндеу» 0-6,5 шқ жұмыстарына 2022-2023 жылдарға 231 621,8 мың теңге бөлініп, жұмыстары аяқталды. Мердігер «ПМК Құрлыс» ЖШС-і.
Сонымен қатар:
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының «Сатбаев-Көктүбек 0-9 шқ автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарына» 450 092, 5 мың теңгеге 13.11.2023 жылы, «Уштөбе ауылына кіре беріс 0-13 шқ автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарына» 663 785,9 мың теңгеге 20.11.2023 жылы, «Кіндікті ауылына кіре беріс 24-36 шқ автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарына» 614 931,3 мың теңгеге 25.11.2023 жылы, «Кіндікті ауылына кіре беріс 36-48 шқ автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарына» 623 112,0 теңгеге 15.12.2023 жылы және «Ақсуат ауылының Т.Қалмақбаев көшесінің 0-6,1 шқ автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарына» 283 902,1 мың теңгеге 08.12.2023 жылы ұлттық жолдар активтері сапасы орталығынан оң қорытындылары алынды.
«Қызыл жұлдыз ауылына кіреберіс 0-3,6 шқ автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарына» 164 071, 5 мың теңгеге, «Сатпаев ауылының 1,4 шқ көше жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына» 72 000,0 мың теңгеге, «Сұлутал-Көктүбек 0-7,0 шқ автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарына», «Көкжыра-Серіктес» 0-5 шқ автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарына» смета әзірленіп, Ұлттық жолдар активтері сапасы орталығына порталға еңгізілді.
"Қарағанды-Аягөз-Боғас"-Кіндікті" аудандық маңызы бар автомобиль жолымен Боғас өзені арқылы өтетін көпірді күрделі жөндеу" жұмыстарының 12 500,0 мың теңгеге ЖСҚ-ры әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға еңгізілуде. Сараптама қорытындысын алу 2024 жылдың наурыз айына жоспарлануда. Мердігер "Жаңа-жол" ЖШС-і, жұмысын атқаруда.
«Ойшілік ауылына кіре беріс» аудандық маңызы бар автомобиль жолымен Тебіске өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңғырту" жұмыстарына ЖСҚ-ры әзірленуде.

Су құбыры желілері бойынша:

Аудан тұрғындарын орталықтандырылған су құбырымен қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылы Тана мырза, Көктүбек, Серіктес ауылдырының су құбыры желілерінің құрылысына Республикалық және аудандық бюджеттен 784102,0 мың теңге қаржы бөлініп, жұмыстары толығымен аяқталды.
Атап айтсақ:
1. «Танамырза ауылына су құбыры желімен құрылысына» 277470,0 мың теңге бөлініп, жұмыстары толығымен аяқталды. Мердігер “УниверсалСтройСервис” ЖШС-і. Жоба бойынша магистральдық құбыр 4,9 шқ, үйлерге дейін 1,9 шқ су құбыры желісімен 81 тұрғын үйдің іргесіне дейін су құбыры тартылды.
2. «Көктүбек ауылына су құбыры желімен құрлысына» 390162,0 мың теңге бөлініп, жұмыстары толығымен аяқталды. Мердігер “УниверсалСтройСервис” ЖШС-і. Жоба бойынша магистральдық құбыр 5,1 шқ, үйлерге дейін 2,2 шқ, 73 тұрғын үйдің іргесіне дейін су құбыры толық тартылды.
3. «Серіктес ауылына су құбыры желімен құрылысына» 116250,0 мың теңге бөлініп, жұмыстары толығымен аяқталды. Мердігер “АДС-2001” ЖШС-і. Жоба бойынша магистральдық құбыр 2,8 шқ, үйлерге дейін 701 м, 22 тұрғын үйдің іргесіне дейін су құбыры толық тартылды.
2024 жылға жоба бойынша Кіндікті ауылына қайта жаңғырту жұмыстарына 21.11.2023 ж № SHYGYS-0121/23 сметалық құны 215471,2 мың теңгеге, Сұлутал ауылына су құбыры құрылысына 21.09.2023 ж № SHYGYS-0105/23 сметалық құны 265977,8 мың теңгеге, Қызылжұлдыз ауылына су құбыры құрылысына 13.12.2023 ж № SHYGYS-0129/23 сметалық құны 507 565,208 мың теңгеге, Қожагелді ауылдарына су құбыры құрылысымен қайта жаңғырту жұмыстарына ЖСҚ-ры әзірленіп, 04.12.2023 ж № SHYGYS-0124/23 сметалық құны 217 363,450 мың теңгеге, Көкжыра ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңғырту (ескі ауылды үйлерге жеткізу)" жұмыстарына 15.01.2024 ж. № ЦЭ-0017/24 сметалық құны 1 442 211,750 мың теңгеге, тәуелсіз сараптамадан оң қорытындылары алынды.


Құрылыс нысандары бойынша.

1. «Ақсуат ауылындағы Ырғызбай Досханаұлы атындағы орталық стадионды қайта жаңғырту» жұмыстарына 183 059,8 мың теңге бөлініп, жұмыстары толығымен аяқталды. Мердігер- «Айзат Құрылыс» ЖШС-і.
2. Ақсуат ауылынан 300 орындық жайлы мектеп құрылысына Абай облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы 2023 жылға 1 050 000,0 мың теңге бөлініп, «Самрұқ-қазына» АҚ арқылы мердігер анықталып «Аль-тайр СК 7» ЖШС-і жұмыстарын атқаруда.
3. «Екпін, Құмкөл, Қызыл Кесік ауылдарында мал қорымының (биотермиялық шұңқыр) құрылысына» қаржы бөлініп, жұмыстары толығымен аяқталды. «Ақсуат ауылындағы мал қорымының (биотермиялық шұңқыр) құрылысы» басталып, жер асты суы 3,5 метрден шығуына байланысты құрылысы тоқтатылды. Мердігер «Қазығұрт сервис» ЖШС-і.
4. «Мәуліт шаруа қожалығына 5 шқ электр желісін тартуға» 31 195,1 мың теңге бөлініп, жұмыстары толығымен аяқталды. Мердігер «Үржар ҚМК-1» ЖШС-і.
5. Қуатты өңірлерді дамыту бағдарламасы негізінде Республикалық бюджеттен 345 600,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 205 200,0 мың теңге қаржы бөлініп, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға Ақсуат ауылынан 34 пәтер, Екпін ауылынан 2 пәтер жиыны 36 пәтердің құрылыстары аяқталып, тұрғын үй комиссиясының шешімі негізінде көп балалы-14 отбасыға, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары-14 отбасыға, тұрғын үй апатты деп танылған - 7 отбасыға және 1 бюджеттік қызметкерлерге берілді.

2024 жылға жоба бойынша
1. «Абай облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» арқылы «Көкжыра ауылында ауылдық клуб салуға», «Көкжыра ауылында балалар лагерін салуға», «Көктүбек ауылында 80 орындық мектеп салу» ЖСҚ-ы әзірленіп, мемлекттік сараптамаға еңгізілді. Сараптама қорытындысын алу 2024 жылдың ақпан, наурыз айларында алу жоспарлануда.
2. «Ақсуат ауылында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау желісінің құрылысына» ЖСҚ-р әзірленіп, № ЦЭ-0116/23, 27.03.2023 жылы сараптамадан оң қорытынды алынды. Жоба құны 837 481,2 мың теңге. Қазіргі таңда облыстық экономикалық басқармасына, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім өткізілді.
3. «Ақсуат ауылынан 300 орындық мектепке инженерлік желілерімен қатты отынмен жанатын жылу қазандығын құрылысының» ЖСҚ-н әзірлеуге 8 703,4 мың теңге бөлініп, жоба тәуелсіз сараптамаға еңгізілді. Тәуелсіз сараптамадан 30 желтоқсанға алу жоспарлануда. Мердігер "Шымгорпроект" ЖШС-і ЖСҚ-і.
4. «Екпін ауылынан 300 орындық мектепке инженерлік желілерімен қатты отынмен жаңатын жылу қазандығын құрылысының» ЖСҚ-н әзірлеуге 8 703,4 мың теңге бөлініп, жоба әзірлеуде. Мердігер «ДИАС-проект» ЖШС-і.
5. Ойшілік, Көкжыра, Сәтпаев, Жантікей, Кіндікті ауылдарында мал қорымын салуға ЖСҚ әзірлеуге 5 000,0 мың теңге бөлініп, жоба бойынша құрылысына белгілеген жері экология басқармасынан скринингтік тексерістен өтуде. Мердігер ЖК «ЗАЙЦЕВ М.А» Жұмыс ұзақтығы 4,5 ай.
6. Ақсуат ауылынан 50 орындық оңалту орталығын салу үшін ЖСҚ-ын әзірлеуге 2023 – 2024 жылдарға 19 071,6 мың теңге. бөлініп, жоба әзірленуде. Жобалаушы «Востокоблпроект» ЖШС-і.
7. «Абай облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» арқылы Мүрсәлім, Айнабастау, Акжал, Қызылжұлдыз, Сұлутал, Көктүбек, Үштөбе, Екпін, Кіндікті 9 елді мекендерінен медициналық пунктер салу үшін ЖСҚ-ы әзірлеуге қаржы бөлініп, жоба әзрленуде. Мердігер «КазНИССА» АҚ-мы
Сонымен қатар
8. Кіндікті, Екпін, Ойшілік, Көкжыра, Жәнтікей, Құмкөл, Сатпаев, Қызылкесік елді мекендерінің оңтайландырылған бас жоспарларын әзірлеуге облыстық бюджеттен 44856,0 мың теңге бөлініп, мердігер "ЮгГеостандарт" ЖШС–і (Түркістан облысы) аталған бас жоспарларды аяқтап, облыстық басқармалардан келісім алуда.
2024 жылға Тана Мырза, Қарғыба, Көктүбек, Үштөбе, Серіктес, Аққала, Қожакелді, Қызылжұлдыз 8 елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу жоспарлануда.

Инвестиция бойынша:

Аудан бойынша халықтың жеке қаражаты есебінен 7945 шаршы метрді құрайтын 80 тұрғын үй және мемлекет қаражаты есебінен 3342 шаршы метрді құрайтын 36 тұрғын үй пайдалануға берілді.
Сонымен бірге ауданы 5350 шаршы метр болатын 6 әр түрлі құрылыс нысандары, оның ішінде 1 қонақ үй, 1 мал шаруашылығы кешені, 3 мал қора, 1 туристік кешен пайдалануға беріліп, ауданға инвестиция ретінде тартылды.
Бөлім арқылы барлығы 403 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде: Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу–121; Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру – 43; Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну – 160; Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру -46; Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру –8 . Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) бойынша жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешім шығару-25.

Дата публикации
24 января 2024