Аудан әкімі аппаратына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен кіріс шығыс құжаттарының орындалуы бойынша 2023 жылы атқарылған жұмыстар туралы хабарлама
2023 жылдың 01 қаңтарынан 31 желтоқсан аралығында Ақсуат ауданы әкімінің аппаратында «Е-Өтініш» платформасында барлығы 532 өтініш тіркелген. Оның ішінде: 59-ы ОДО жүйесіне көшірілсе,1 өтініш өтініш беруші тарапынан кері қайтарылып алынған. 287 өтініш аудан әкімінің аппаратында, 157 өтініш дербес бөлімдерде тіркелсе, 28- өтініш ауылдық округ әкімдерінің аппараттарында тіркелген. Өтініштердің барлығы азаматтардың әр түрлі мұқтаждарына байланысты мәселелер бойынша берілген. Атап айтқанда: тұрғын үй мәселесі, жер мәселесі, әлеуметтік, біржолғы материалдық көмек және жұмысқа орналастыруды сұрағандар.
Өтініштердің ауылдық округтер бойынша ара салмағы төмендегідей:
|
Р/н |
Ауылдық округ атауы |
Түскен өтініштер саны |
|
1. |
Ақсуат ауылдық округі |
20 |
|
2. |
Екпін ауылдық округі |
1 |
|
3. |
Ырғызбай ауылдық округі |
1 |
|
4. |
Құмкөл ауылдық округі |
1 |
|
5. |
Қызыл-Кесік ауылдық округі |
1 |
|
6. |
Кіндікті ауылдық округі |
2 |
|
7. |
Көкжыра ауылдық округі |
2 |
|
8. |
Сатпаев ауылдық округі |
3 |
|
9. |
Ойшілік ауылдық округі |
0 |
|
|
БАРЛЫҒЫ: |
31 |
Аудандық дербес бөлімдер бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштердің ара салмағы:
|
Р/н |
Бөлім атауы |
Түскен өтініштер саны |
|
1. |
Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі |
15 |
|
2. |
Экономика және қаржы бөлімі |
6 |
|
3. |
Ауылшаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі |
53 |
|
4. |
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі |
117 |
|
5. |
Дене шынықтыру және спорт бөлімі |
0 |
|
6. |
Ақсуат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі
|
23 |
|
|
БАРЛЫҒЫ: |
214 |
Жоғарыда аталған өтініштердің 370-і қанағаттандырылса, 102-не заң аясында толықтай жазбаша түсініктеме берілді.
Осы уақыт аралығында аудан әкімі, оның орынбасарлары мен аудан әкімі аппаратының басшысы 112 жеке қабылдау өткізіп, 277 азаматты қабылдаған. Қабылдауда болған азаматтар өтініштерінің 70-і қанағаттандырылып, 207-не қабылдау барысында заң аясында толыққанды түсінік берілді.
ҚР 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Әкімшілік рәсімдік процессуалдық кодексінің 76 бабының 1 тармағына сәйкес аудан әкімінің аппаратына келіп түскен өтінішке күнтізбелік он бес күн, ал түскен шағымды қарау мерзімі 20 жұмыс күн ішінде жауап берілуі қажет болса, аудан әкімі аппараты тарапынан бұл үнемі бақылауға алынып келеді.
Осы Кодекстің баптарына сәйкес өтініштерге берілетін жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сілтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негізделген және дәлелді, арыз берушінің қабылдаған шешімге шағым жасау құқықтарын түсіндіре отырып, оның дәлелін жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректерді қамтуға тиіс.
Аудандық бөлімдер мен ауыл әкімдері қарауға жіберілген өтініштерге жауап беруде Кодекстің осы бабын басшылыққа ала бермейді. Өтініштер аудан әкімінің атына берілетіндіктен әрбір өтініш аудан әкімінің немесе орынбасарларының қарарымен іске жабылып отырады.
Әрбір аудандық бөлім басшысы мен ауыл әкімі өздеріне берілген құзыры шегінде аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ететіндіктен, өтініш иесіне жіберілетін жауапты аудан әкімінің немесе орынбасарының атынан даярлағаны заңды болмақ.
Сондықтан әрбір мемлекеттік мекеме басшысы өтініштерге берілетін жауаптарға өз саласы бойынша тікелей бақылау-басшылық жасап, үстірт, шала сауатты жазылмауына жіті көңіл бөлінуде.
Тоқсан сайын берілетін «жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» статистикалық есептің дер кезінде берілуін қадағалап, бұл бағдарламаға арнайы жеке қызметкер мен дербес компьютер бөлуді қамтамасыз ету тапсырылған.
ҚР заңдарына сәйкес өтініштердің қаралуы бойынша әрбір мемлекеттік органның бірінші басшысы жауапкершілікке тартылатындықтан және әр өтініштің артында Ата Заңымызға сәйкес қоғамымыздың ең құндысы адам тұрғандықтан бұл мәселе әрқайсымыздан сергектік пен жауапкершілікті талап ететіні естен шығарылмайды.