Ақсуат ауданының 2023 жылғы қаңтар-желтоқсан әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері 

Ақсуат ауданының 2023 жылғы қаңтар-желтоқсан әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері 

Заңды тұлғалардың статистикалық тіркеліміне 119 орта шаруашылық жүргізуші субъектілер тіркелсе, оның 100-і жұмыс істеуде. 

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 153,5, 936,7 млн тенгені құрады. Оның ішінде кең өндіру 350,1 Өңдеу өнеркәсібі 244,5 млн тенге 128,2%.

Ауыл шаруашылықтарының барлық санаттарында 2023 жылдың 1 желтосанына ірі қара 114159 басты құрап, өткен жылме салыстырғанда 105,6%-ға, жылқы 28007 бас болып, 105,6%-ға өскен. Ал қой-ешкі саны 196707 басты құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108,3,0%-ды құрады. 

Ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсан айында шаруашылықтың барлық санаттары бойынша ауыл шаруашылығы өнімдері, оның ішінде ет 15050,3 тонна болып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,3%-ға, сүт 81476,4 тонна болып 103,8%-ға, жұмыртқа 2313,9 мың дана болып 107,0%-ға . 

Қаңтар-желтоқсан айларында кәсіпорындар бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі  13036,4 млн тенгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 155,8%. Құрылыс жұмыстарының көлемі 6367,1 млн тенгені құрап өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 155,8% болды. 

2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айына экономикалық қызметтің барлық саласында жұмыспен қамтылған қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 261707 тенге болып, өткен жылмен салыстырғанда 126,7% құрады.

 

Дата публикации
19 января 2024