Жемқорлықтың алдын алу жолдары
Бүгінде сыбайлас жемқорлық мәселесі барлық әлемді алаңдатып отырған аса өзекті мәселелердің бірі. Осыған орай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын бекітті. Тұжырымдамада ағымдағы жағдайға талдау жасалып, алдағы жылдарда шешілетін міндеттер айқындалып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері белгіленген. Негізгі мақсат – сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам қалыптастыру.
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыттарының бірі - оның алдын алу. Осы мақсатта Ақсуат ауылдық округінің әкімі Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес ауыл тұрғындарымен тұрақты кездесулер өткізіп, кездесу барысында әр тұрғынды мұқият тыңдап, мәселелерін тиімді жолмен шешуге ықпал жасалынады. Әкімнің жеке қабылдауы мен халықпен кездеулерінің уақыты мен өтетін орны @aqsuataudanyakimdigi ресми парақшасында жарияланып тұрады.
Бүгінде мемлекеттік органдарда сенім телефондары орнатылған. Сыбайлас жемқорлықты төмендету факторының бірі - цифрландыру. Цифрландыру мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, азаматтың шенеуніктермен тікелей байланысын, "тұрмыстық" сыбайлас жемқорлықты болдырмай, барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ашықтығына кепілдік береді. Мемлекттік қызметтерді электронды түрде алуға болады. ҚР Үкіметінің ресми www.e-gov.kz порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді уақытты үнемдей отырып жылдам алуға жол ашылды. Осының нәтижесінде бұрын мемлекеттік органдарда бір айға дейін уақыт алатын сұрақтар бүгінде портал арқылы бірнеше сағатта, немесе санаулы күндерде шешімін табуда. Көптеген қағаз жинаудың орнына адам тек электронды қолтаңбасын қояды. Бұл дегеніміз – сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құрудағы жақсы қадамның бірі. Мемлекетіміздің жемқорлықсыз қоғам құру бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табуда. Жүйесіздік, білімсіздік, ұятсыздық, жалқаулық – жемқорлық жайлаған қоғамда пайда болатын құбылыстар. Сол себепті қоғамның дамуын тежейтін бұл жемқорлықпен бірігіп қоғам болып күресу қажет. Себебі – жемқорлықсыз қоғамда өмір сүру және сол жемқорлықсыз қоғамды құру бүгінгі күннің басты талабы.
«Ақсуат ауылдық округі
әкімінің аппараты» ММ
Бас маман Г. Қарғабаева
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңның 1 бабының 6 тармақшасына сәйкес сыбайлас жемқорлық -жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың,лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық қызметтік өкілеттіктерін және соған байланысты мүмкіндіктерін жеке өзі немесе делдалдар арқылы жеке өзі үшін не үшінші тұлғаларға мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік Қылмыстық Кодексте және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте көзделген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзіреті шегінде барлық мемлекеттік органдар,ұйымдар,квазимемлекеттік сектор субъектілері және лауазымды тұлғалар жүргізуге міндетті. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды,жолын кесуді,ашуды,тергеп-тексеруді және алдын-алуды, оларды жасауды кінәлі адамдарды жауапқа тартуды өз құзіреті шегінде прокуратура,ұлттық қауіпсіздік,ішкі істер,әскери полиция органдары,экономикалық тергеп-тексеру қызметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі анықталған жағдайда азаматтар 1424 тегін саll орталығына қоңырау шалып,мемлекетке хабарлай алады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адам мемлекет қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен көтермеленеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады . Көрсетілген ақпараттты жария ету заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпаратты хабарлаған адам заңға сәйкес жауапты болады.
Ақсуат аудандық қазынашылық басқармасының басшысы: Т. Тоқтаров