Ақсуат ауданы бойынша 2024-2025 жылдарға арналған  жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 9 ауылдық округ бойынша жоспарын бекіту

 Ақсуат ауданы бойынша 2024-2025 жылдарға арналған   жайылымдарды басқару және оларды пайдалану

жөніндегі 9 ауылдық округ бойынша жоспарын бекіту.

          Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жем шөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдарды тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады. Ауыл тұрғындарының малдарын жазғы маусымда табын ұйымдастырып , жайлауға шығару керек екендігі туралы.

             Ауданның әкімшілік-аумақтық бөлінісі 9 ауылдық округтен, 20 елді мекеннен тұрады.

        Ақсуат ауданының жалпы көлемі – 1 357 290 гектар, оның ішінде жайылымдық жерлер – 1 159 391 гектар.

          Ақсуат ауданында: 9 мал қорымдары, 9 ветеринариялық пунктері, 201 раскол, 11 мал сою алаңы тіркелген.

 

 

          Ауылдық округтер бойынша Жайылымдық Жоспар: 7 түрлі картадан құралады олар.

  1. осы жоспардың 1-қосымшасына сәйкес құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдалынушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасын (картасын);
  2. осы жоспардың 2-қосымшасына сәйкес жайылым айналымдарының қолайлы схемаларын;
  3. осы жоспардың 3-қосымшасына сәйкес жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым обьектілері белгіленген картасын;
  4. осы жоспардың 4-қосымшасына сәйкес жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасын;
  5. осы жоспардың 5-қосымшасына сәйкес жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасын;
  6. осы жоспардың 6-қосымшасына сәйкес аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы;
  7. осы жоспардың 7-қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигін қамтиды.

      Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, иелерін-жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.

     

 

 

 

                              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
14 ноября 2023