Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша талдау
2023 жылдың 8 айында Ақсуат ауданы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өкілдеріне барлығы 5084 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде тікелей мемлекеттік мекеме арқылы – 120, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 234 және электронды түрде 4730 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Есепті мерзім ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуден 99 бас тарту тіркелген. Олар жер саласы бойынша - 41, архитектура саласы – 3, АХАТ – 22, үй кезегіне қою – 33 қызмет.
Мемлекеттік қызметтерді салалар бойынша бөлетін болсақ: жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар арқылы 3932, ауылшаруашылығы және жер қатынастары саласында – 388, АХАТ – 432, экономика саласы бойынша 66 (Дипломмен ауылға), қорғаныс саласы бойынша – 31. Барлық мемлекеттік қызметтер мерзімдері сақтала отырып орындалған.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 42 тармағы, Ақсуат ауданы әкімі аппараты басшысының 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 89 бұйрығымен бекітілген 2023 жылға арналған Ақсуат ауданының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына бақылау шараларын жүргізу жоспары. Жыл басынан бері 6 ішкі бақылуа жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша – 255 кемшілік анықталды. Олар құжаттар толық болмаған жағдайда қызмет көрсету – 186, заңда көрсетілмеген негіздемелерге сәйкес қызмет көрсетуден бас тарту – 19, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту мерзімін бұзу – 2, мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес проццестерін бұзу – 26, мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша басқада кемшліктер – 23.
Бақылау шараларының қорытындысы негізінде – 28 ұсыныс әзірленіп, орындалды.