Аудандық  ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің 2023 жылдың 8 айында атқарылған жұмысы

Аудандық  ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің 2023 жылдың 8 айында атқарылған жұмысы

 

І. Ішкі саясат саласы бойынша

  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 1 қыркүйек 2023 жылғы "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдаудағы көрсетілген міндеттер мемлекетіміздің алдағы кезеңдегі дамуының басты бағыт - бағдарын анықтайтын саяси маңызы зор құжаттар ретінде жүйелі түрде насихаттау аудандық ішкі саясат бөлімінің негізгі міндеті болып табылады.

Ағымдағы жылдың 4 қыркүйек күні Президент Жолдауына байланысты аудандағы «Аманат» партиясының филиалында мекеме, бөлім басшыларының қатысуымен талдау өткізілді.  Онда Жолдауды жүзеге асырудың іс–шаралары және ақпараттық қолдаудың медиа – жоспарлары бекітіліп, аудандық мекеме бөлімдерге, ауылдық округ әкімдеріне таратылып берілді. 

Жоспарда Жолдауда атап көрсетілген басым бағыттар туралы сала басшылары аудандық «Тарбағатай» гезетіне, әлеуметтік желілерде атқарылған жұмыстары туралы жариялап келеді. Жолдауда көрсетілген 6 бағытта ақпараттық топ құрылып, жұмыс істеуде. Топ құрамына жергілікті атқарушы органдардың басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері, қоғамдық пікір иелері,  белсенді жастар тартылған.

Жолдауды ақпараттық қолдаудың медиа - жоспарына сәйкес, аудандық «Тарбағатай» газеті  арқылы мемлекеттік тапсырыс есебінен жүзеге асырылуда. Жолдауға байланысты тұрақты түрде мақалалар мен сұхбаттар, пікірлер жарияланып келеді. Жолдаудың толық мәтіні аудандық «Тарбағатай» газетінде жарияланды.

Насихат пен түсіндіру жұмыстарына саяси партиялар мен азаматтық қоғам өкілдері де қамтылған. Олар аудандағы қоғамдық - саяси ахуалдың тұрақты болуына өздерінің ықпалдарын тигізіп келеді. Ауданның саяси ахуалын бағалауда Жастар орталығының жанынан құрылған SMM тобы аудандағы қоғамдық пікірлерге мориторинг жүргізіп отырады. Атап айтқанда, 2023 жылдың ІІ жартыжылдығынан бастап әлеуметтік желіге жарияланған мақалаларға талдау жасалынып, аудан әкіміне ұсынылып келеді. Аудан бойынша бүгінгі күні ауданның әлеуметтік желілерінде  16697 адам тіркеліп, жарияланған мақалаларды  4530 адам оқып, өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстар жасалған. Көтерілген мәселелерге байланысты қадағалау жұмыстарын жүргізіліп, тиісті аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім, мекеме, сала басшылары, ауыл әкімдері дер кезінде жауап беріп отырады.  Сонымен қатар, ауданымыздағы 9 ауылдық округ тұрғындары арасында, ауданның қоғамдық-саяси  ахуалына талдаулар жасалып, тоқсан сайын қорытындысы шығарылып отырады.

Қоғамдық пікірді жеткізуде негізінен дәстүрлі бағыт яғни, мерзімді басылымдар арқылы жүзеге асырылады. Ақпараттық кезеңде әлеуметтік желілердің ықпал арта түскен. Осыған сәйкес, аудан тұрғындарының арасында әлеуметтік желілерде белсенді азаматтар да бар. Әртүрлі бағытта аудан әкімдігінің әлеуметтік желілерінде жазылған коментарийлер мен посттарға алгоритм бойынша екі сағат ішінде кері байланыс орнатылып, тиісті бөлім, мекеме тарапынан жауаптар қайтарылады. Аудандағы уатсап топтары, әлеуметтік желілер аудандық ішкі саясат бөлімінің назарында. Қоғамға кереғар пікірлер қалыптастырып, тұрақсыздық тудыруды көздейтін іс-әрекеттерге қауіпсіздік органдарымен өзара іс-қимылда жауап беріліп, тиісті жұмыстар атқарылып келеді.

Ауданда бұқаралық ақпарат құралдарынан аудандық қоғамдық - саяси «Тарбағатай» газеті бар. Ауданда мемлекеттік ақпараттық саясатты насихаттау осы газет арқылы жүзеге асырылып келеді. Газет аптасына 1 рет шығады.

      Ақсуат  ауданы бойынша 2023 жылдың ІІ жартыжылдығына 4575 дана баспасөз басылымдарына жазылуға тапсырма берілді. Бүгінгі күні 2382 дана басылымға жазылып, берілген тапсырма 52,1% орындалды.

     Аудан әкімінің бақылауына алынған басылымдардың орындалу басырысына тоқталсақ:

  1. Егемен Қазақстан – 375 данаға тапсырма беріліп, 180 дана жазылған, берілген тапсырма 48%- ға,
  2. Семей таңы – 1500 данаға тапсырма беріліп, 736 данаға жазылған, берілген тапсырма 49% - ға,
  3. Тарбағатай – 2700 данаға тапсырма беріліп, 1466 данаға жазылып, берілген тапсырма 54%- ға орындалды.

Мемлекет басшысының "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары"  атты Қазақстан халқына арнаған Жолдаудағы көрсетілген міндеттеріне байланысты мақалалар тұрақты жарияланып келеді. Сонымен қатар, жыл көлемінде ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық, спорт, кәсіпкерлік, құқық қорғау, халыққа қызмет көрсету, байланыс қызметі, жұмыспен қамту,  кәсіптік оқыту салаларына  байланысты арнайы беттер ұйымдастырылады.

Жаңа жыл, Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы, Қазақстан халықтарының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, Ұлы Жеңіс мейрамы, Рәміздер күні, Астана күні мерекелеріне арналған арнайы беттер шығарылады.

Республикалық «Хабар» телеарнасында 8 рет, Қазақстан ұлттық телеарнасында 4 рет, Облыстық «Қазақстан - Семей» телеарнасы арқылы 5 рет арнайы хабарлар дайындалып, көрсетілді. Сондай-ақ, аудан өмірі мен маңызды оқиғалар мен негізгі өткізілген ірі шаралар тұрақты түрде ақпараттық жаңалықтарда беріліп отырылды.

Бүгінгі күні аудандағы қоғамдық ұйымдар жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, ауданның мәдени - саяси өміріне белсене араласып, аудандағы қоғамдық - саяси ахуалдың тұрақты болуына өздерінің ықпалдарын тигізіп келеді.

«Барқытбел жастары» жастар қоғамдық бірлестіктері аудан жастарының қоғамдағы белсенділігін арттыру мақсатында құрылып, аудан көлемінде өтетін шараларға белсенділікпен қатысуда.

Қазіргі уақытта қоғамдық ұйымдарға мүшелікке өтуге тілек білдірген жастардың саны көбейіп, аудан жастарының халықтың белсенді тобы ретінде қоғамдық өмірге араласу деңгейі жоғарлады.

Кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау мақсатында шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің «Тарбағатай кәсіпкерлері» қоғамдық бірлестігі жұмыс істеуде.

Ауданның әлеуметтік - мәдени және рухани өмірін көтеру мақсатында  «Өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігі  құрылып, жұмыс істеуде.

 «Біз біргеміз» қайырымдылық қоры тұрмысы төмен адамдарға қаржылай көмек беру, қайырымдылық және түрлі мәдени - көпшілік шараларына демеушілік көрсетіп  келеді.

«Киелі Ақсуат» қоғамдық бірлестігі аудандағы оралмандарды қолдау, ауылдың әлеуметтік жағдайын көтеру бағытында жұмыс істейді.

Сонымен қатар, ауданда еңбек және соғыс ардагерлері және аудандық әйелдер  кеңестері қоғамдық негізде жұмыс істейді. 9 ауылдық округтерде  ардагерлер және әйелдер кеңестерінің  бастауыш ұйымдары құрылған.

Бұл ұйымдар өздерінің жоспарына сай тұрғындар жиынына және мектепте өткізілетін мәжілістерге жиі қатысып, отбасы, бала тәрбиесі және әйелдердің тұрмыстық - әлеуметтік жағдайы туралы мәселелерді көтеріп келеді. Қылмыстың алдын алуда, отбасындағы келеңсіз жағдайларды шешуде, жастарды отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеуге де  өз үлестерін  қосуда.

Үкіметтік емес ұйымдар тарапынан атқарылып жатқан шаралардың нәтижесінде жастардың азаматтық қалыптасуы, олардың ұйымдастырушылық қабілеттері арта түсті. Мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер арасындағы қарым - қатынас нығайып келеді.

Білім беру қызметкерлерінің әлеуметтік мүдделерін қорғау мақсатында «Білім беру мекемелерінің кәсіподақ ұйымы» жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы заңын жүзеге асыруға байланысты аудан көлемінде біршама жұмыстар атқарылуда.

Бүгінгі күні аудандағы 14 пен 35 жас аралығындағы жастар саны – 4330 адам

Ақсуат ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми - техникалық әлеуетті дамыту бағытында жұмыстар атқарылып келеді.

Жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін жағдайлар жасау мақсатында Кәсіпкерлікті дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде аудан бойынша 18 жас 77 млн. 798 мың теңгеден несие алды.

Сонымен қатар, жас отбасылар және жұмыс істеп жүрген жастар үшін қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту бойынша ауданымызда «Дипломмен ауылға» мемлекетттік бағдарламасы бойынша ауданымызда 2022 жылы 10 жас отбасы баспаналы болса 2023 жылы тағыда 20 жас отбасы баспаналы болады деп күтілуде.  Биылғы жылы 60 жасқа көтерме жәрдемақы берілді.

Жұмысқа орналасу және жұмыспен қамту үшін жағдайлар жасау бағытында ауданда  жастар ресурстық орталығының мамандары, ауылдық округ  әкімдіктерінің өкілдерін тарта отырып, NEET санатындағы жастарды анықтау үшін сауалнама жүргізілді. Жүргізілген сауалнаманың қорытындысы бойынша NEET санатындағы жастардың тұрғылықты жері, білім деңгейі, отбасы құрамы, жастардың тұрғын үй жағдайлары туралы ақпарат көрсетілген әлеуметтік карта толтырылды. Осы жүргізілген сауалнаманың нәтижесі бойынша ауданда NEET санатына кіретін 58 жас анықталды.

Аудандағы көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың 16-29 жас аралығындағы балалары, Neet санатындағы жастар және студенттер, жоғары сынып оқушылары арасынан тамыз айында «Жасыл ел»  еңбек жасақтары қатарында 30 жас жұмыспен қамтылды.

Құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке тәрбиелеу мақсатында колледж студенттері мен тұрғындардан сауалнамалар алынып,тиісті жұмыстар жүргізілуде. Ақсуат ауданының Жастар ресурстық орталығында жыл басында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Стоп қылмыс» акциясы өтті. Акцияға ауылдың жастары, орталықтың мамандары қатысты, оған 20 жас қамтылды.

2023 жылдың наурыз айында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен  «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - ортақ парызымыз»  атты дөңгелек үстел өтті.  Өткізілген іс - шаралар шеңберінде Көкжыра ауылының жастар маманы Сүлейменова Перизат сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы баяндама жасады. Баяндамада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимылдың құқықтық негіздері және оны іске асыру жолдарымен қатар құқықтық жауапкершілік мәселелері және т.б. туралы айтылды.

2023 жылдың шілде айында «Пара берме, пара алма» атты тақырыбында студенттермен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық принциптерін енгізу болып табылады. Кездесу барысында жемқорлықпен күрес жайында слайд материалдары көрсетіліп, жемқорлыққа жол бермеу туралы студенттер өз ойларын ортаға салды.

       Сонымен қатар,  9 ауылдық округ бойынша еріктілер тобы құралған. Әр топ мүшесінде 5 (бес) адамнан және мектептерден «Қолғанат» тобы құралған. Қазіргі таңда еріктілердің көмегі әр санаттағы қарттарымызға, жалғызбасты аналарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға қолұшын созуда. Атап айтсақ, еріктілер «Ардагерлерді ардақтайық», «Жүректен - жүрекке», «Жақсылық жасап жарысайық» акцияларына белсене атсалысуда.

Мәдени бос уақыт пен демалыс үшін жағдайларды қамтамасыз ету бойынша жастар арасында жайдарман ойындары, ашық микрофон, жастарға арналған би кештері тұрақты турде ұйымдастырылып отырылады.

Биылғы жылы аудандық Қыз сыны, Келіндер сыны, Жігіт сұлтаны байқаулары өткізілді. Облыстық «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» ғашықтар байқауында ауданымыздан қатысқан жас отбасы бас жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, «Қазақстан - достық шаңырағы» облыстық жастар этнофестивалінда жастарымыз қолөнер туындыларын көрмеге ұсынып, спорттық ойындарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Ақсуат ауданының жастар ресурстық орталығы  «Jastarǵa–kenes», «Jastarǵa– bilim», «Jastarǵa– qyzmet», «Jastarǵa– jumys жобалары аясында  іс - шаралар өткізуді бастады. Бүгінгі күні Ақсуат, Құмкөл, Екпін  және Сәтбаев ауылдық округінде жұмыстар жүргізілді, қалған ауылдық округтерде ағымдағы жылдың  желтоқсан айының соңына дейін жұмыстар жүргізілетін болады.

  Ауданымызда жастардың жағдайы мен көңіл күйлерін зерттеу мақсатында сауалнамалар жүргізіліп отырады. Жүргізілген сауалнамалар қорытындысы бойынша аудан жастарының жалпы көңіл-күйі позитивтік және прогресивтік  жақсы бағытта екенін байқатады. Бұл ауданымызда жүргізіліп отырған әлеуметтік-экономикалық реформалардың тиімділігі туралы жастар арасында түсінік жұмыстарының  жасалып жатқандығын көрсетеді.

Қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, конфессияаралық келісімді, руханият пен сенімді нығайтуға бағытталған мемлекеттік органдар мен діни ұйымдардың өзара жұмысын үйлестіру мақсатында аудан әкімдігі жанында «Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес» құрылған. Кеңес мүшелері, ауыл имамдары және мешіттің алқа мүшелерімен бірлесе отырып жергілікті тұрғындар мен жастар арасында дінімізді құрметтеу, оған илану, оларды имандылыққа адамгершілікке тәрбиелеуде жоспарлы жұмыстар атқарып келеді.

          Жергілікті тұрғындар мұсылман дінін ұстанады. 2023 жылдың басында  аудан бойынша 7 мешіт, 4 намазхана бар.

          Аудан тұрғындары мұсылмандардың айтулы мерекелерінің бірі - «Мәуліт» мерекесіне байланысты Ақсуат ауылдарындағы орталық мешіттермен жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастырумен жоғары танымдық дәрежеде өткізілді. Бұл шара аясында діни әндер мен мұсылман дініне байланысты түрлі көріністер аудан мешіттерімен бірге мәдениет үйінде өткізілді. Мешіттерде жұма намаздары оқылып, ата - баба рухына құрандар бағышталды.

          Ауданда діни экстремизмге алдын - алуға жөнінде тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.        

         Облыстық Дін істері орталығының арнайы ақпараттық тобы келіп, Ақсуат ауылдарында әртүрлі ұжым өкілдері мен мақсатты кездесулер өткізді. Сонымен қатар, облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен  ҚМДБ-ның білікті дін қызметкерлерінен құралған ақпараттық топ өкілдері Ақсуат, Екпін, ауылдарында кездесулер өткізді.

Ақсуат ауданындағы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандағы мемлекеттік атқарушы органдарда мемлекеттік рәміздерді мемлекеттік стандарттарға сай толық ауыстырылды.

Аудандағы жергілікті мемлекеттік атқарушы органдарда және ауылдық округтердің барлығында мемлекеттік стандарттарға сай келмейтін Мемлекеттік Тулар мен Мемлекеттік Елтаңбаларды жою жөніндегі комиссиялар жұмыс істейді.

Аудандағы барлық мектептерде мемлекеттік нышандарды насихаттауға байланысты арнайы бұрыштар және  ауылдық округтерде көрнекі үгіт құралдары орнатылған.

Бөлім тарапынан ауылдық округтері әкімдері және аудандық бөлімдердің мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттаудың жәйі туралы үнемі мониторинг жүгізіліп тұрады.

Жалпы жыл көлемінде аудандағы қоғамдық–саяси ахуал тұрақты болды.

«Мерейлі отбасы» ұлттық жобасы аясында ауданнан 2 отбасы іріктеуден өтіп, облыстық жобаға қатысып, Нұрғалиевтер отбасы ІІ орын иеленді.

 

ІІ. Мәдениет саласы бойынша

      Ақсуат ауданында мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырып,  халыққа рухани-эстетикалық тәрбие беруге бағытталған мәдени-көпшілік іс-шаралар  мен ақпараттық-танымдық қызмет көрсетіп отырған негізгі мәдениет ошақтарының саны 21, оның ішінде 10-ы мәдениет үйлері мен клубтар, 11-і кітапхана.

«Ақсуат мәдениет үйі» КМҚК-да 81,0 штаттық бірлікте, 82 мәдениет қызметкері, кадрлық құрамдағы арнаулы білімі бар 46 мәдениет қызметкерінің 19-ы жоғары білімді, 21-і арнаулы орта, 6-ы орта білімді қызметкерлер. Кіші қамту қызметкерлер саны – 36, кітапханаларда 26,25 бірлік шататта 29 қызметкер,оның 22 кітапханашы 7 кіші қамту қызметкері жұмыс істеп отыр.

Мәдениет үйлері жанында «Халықтық» атағы бар 7 және  «Үлгілі» атағы бар 2 шығармашалық ұжым жұмыс істейді. Жалпы, аудан бойынша 2 «Мәдениет қайраткері», 1 ҚР «Мәдениет саласының үздігі» бар.

2023 жылға кітап қоры 152 633 дана, оның ішінде өлкетану бағытындағы кітаптардың 283-і цифрлық форматқа енгізілді. ИРБИС  автоматтандырылған кітапханалық жүйеге  9300     жазба  енгізілген.

Аудан бойынша 2023 жылдың  9 айында кітапханаларға 8160  оқырман қамтылып   152640  кітап берілді. Жыл көлемінде кітапханаларда 145   көпшілік іс- шаралар  өткізіліп, 2850  адам қамтылды. Кітапханаға келушілер саны -72140  мыңды құрады.

      Мәдениет үйлері мен клубтарда жалпы жиыны 615 мәдени-көпшілік шара өтіп, 85000 көрермен қамтылды.

2022 жылы «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуге Ақсуат мәдениет үйіне 106,127 млн теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмысы жүргізілсе, Қызыл кесік мәдениет үйіне 9800,0 млн теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды. 2023 жылы Көкжыра ауылынан салынуға жоспарланған мәдениет үйінің құрлысына ПСД жасату үшін 18,0 млн теңге бөлініп, облыстық ЖКХ арқылы конкурс өткізілді. Мердігер: «Корпорация Асыл Строй»    

2023 жылғы өткізілген  іс шаралар:

Негізінен Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасын негізге ала отырып, биылғы жылдың айшықты оқиғалары Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығы, ақын Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығы,  Халық қаһарманы, партизан Қасым Қайсеновтың 105 жылдығы мерейтойлары аясында атқарылды.

      Шығармашылық қызметтің түрлі салалары ұлттық, тілдік-ділдік, тарихи-танымдық, әдеби, театралдық өнер, дара орындаушылық өнерді дамытуда ауылдық округ көрермендерімен 13 концерт, 2 спектакль, 7 театрландырылған көрініс көрермен назарына ұсынылды. Ауылдық округтегі шығармашылық топтары арасында 7 түрлі өнер байқауы, конкурстар, әдеби - мәдени бағыттағы іс-шара өтті.

Аудан таланттары үстіміздегі жылы республикалық, облыстық деңгейдегі байқаулар мен конкурстарға қатысып жүлделі орындар иеленді. Ақтөбе қаласында өткен Қазақстанның халық жазушысы Тахауи Ахтановтың 100 жылдығына арналған «ТЕАТР-ӨНЕРДІҢ ҰЛЫ КӨШІ» атты республикалық халықтық театрлар фестиваліне «Ақсуат» халық театры қатысып, ІІ орын алса, Аякөз ауданында өткен «Қозы көрпеш – Баян сұлу» отбасылық байқауына ауданнан жас отбасы Мейрамбековтар отбасы бас жүлде иеленді. Зайсан қаласында өткен «Күміс көмей» облыстық байқауына жас әнші А.Баяхметова қатысып, жүлделі ІІІ орынды қанжығасына байлады.

«Бабалар сазы» халықтық этно ансамблі 03-09 шілде күндері аралығында Солтүстік Қазақстан облысы, Перопавл қаласына өткен «QYZYLJAR - MUSICFEST» халықаралық фестиваліне қатысып қайтса, Ақсуат мәдениет үйінің  өнерпаздары  тамыз  айының 3-5 күндері Алакөл жағалауындағы демалушыларға арналған «Алакөл – Alazone» алаңында  концерт берді.

Қазіргі кезде мемлекет басшысының жасөспірімдерді үйірмелерге тарту тапсырмасына сәйкес «Өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігі арқылы  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің EDU.KZ Cпорттық және шығармашылық мемлекеттік тапсырыстарды жан басына нормативтік қаржыландыру платформасы бойынша 21 үйірмеге, 236 бала  тартылып отыр.

Көпшілік тұрғындарды бұқаралық мәдениетке тарту, ішкі тұрақтылықты нығайту, эстетикалық тәрбие беру мақсатында өңірдегі Құмкөл, Сәтбаев, Ойшілік, Қызылкесік, Көкжыра, Кіндікті, Екпін, Жәнтікей, Ақсуат ауылдық округтері көркемөнерпаздары қатысқан шығармашылық байқау биылғы жылы «Ұлы даланың мәңгілік мәдениеті» деген тақырыппен өтті. Аталған бұқаралық шараға 1200-ден аса өнерпаз қатысып, 7000 көрермен тамашалады. Байқауға ауылдық әкімдіктер қолдау көрсетіп, ауылдық ардагерлер, әйелдер кеңестері, әжелер ансамбльдері, мектеп - мекеме ұжымдары, ауыл жастары белсене қатысты.

21 мамыр - Мәдениет қызметкерлері күніне орай, «Рухани қазына» атты фестиваль - концерт өтіп, бірқатар мәдениет қызметкерлеріне, 1 мәдениет саласының ардагерлеріне «Еңбек ардагері» төсбелгісі, «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі 4 адамға, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының» «Еңбек даңқы» төсбелгісі 1 адамға,  «Құрмет грамотасы» 1 адамға, Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының Алғыс хаты 4 адамға, Ақсуат ауданы әкімінің Алғыс хаты 9 адамға, аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі басшысының Алғыс хаты 5 адамға табыс етілді.

      Бөлім тарапынан 2023 жылғы мамыр, қыркүйек айларында «Сыртқа ілсең жарнама, ана тілді қорлама!» айлығы аясында 2 рет  рейд ұйымдастырылды.  Рейд жұмыстарымен қамтылған нысандар саны- 85  (оның ішінде: сауда үйі, дүкендер, салондар, дәмханалар, қонақ үйлер, дәріхана, ЖҚС). Көрнекі ақпараттардан анықталған қателіктер саны 12, оның ішінде заң талаптарына сәйкес түзетілгені -7.

      Қазақстан халқының тілдері күніне арналған облыстық «Тілдер шеруі» айлығы барысында ауданда 18 онлайн, 9 офлайн іс - шаралар ұйымдастырылып, әлеуметтік желі арқылы қаралым  саны 958 құрады.

      Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптерін мәдениет пен өнер мекемелерінің шығармашылық қызметін жүйелеу, аудан көлеміндегі мәдени объектілердің материалдық базасын нығайту, халықтың рухани қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында  жоспарлы жұмыстар атқарыла беретін болады.

ІІІ. Ақсуат ауданының спорт ұйымдарының жұмыстары туралы ақпарат

      Ақсуат ауданы бойынша аудан тұрғындары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру дене шынықтыру мен спорттың халық үшін маңыздылығын арттыру мақсатында 2023 жыл басынан бүгінгі күнге дейін біршама жұмыстар атқарылды. Ақсуат ауданы бойынша дене шынықтыру және спортпен айналысуға арналған 13 бірлік нысан бар.

       2016 жылы М.Имашев атындағы «Балалар және жасөспірімдер спорт мектебі» спорт кешені облыстық қаражат есебінен салынып спорттың 7 түрінен аудан тұрғындарына қызмет көрсетіп отыр.

      Ы.Досқанаұлы атындағы орталық стадион 2016 жылы күрделі жөндеуден өткізілді. Атылмыш стадионға қайта жаңғырту жұмыстарына жобалық сметалық құжат әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қортындысын алған. Жоба құны 196 млн. 134 мың теңге. Қазіргі уақытта Республикалық «Ауыл ел бесігі» бағдарламасына енгізілді. Жобаны жүзеге асыру 2023 жылғы қазан айына жоспарланған.

      2021-2022 ж Ақсуат ауылында жалпы жобалық құны 1 млид. 50 млн. теңгені құрайтын «Дене шынықтыру спорт кешенінің» құрлысы аяқталды. Атылмыш кешенде тренажер залы, кіші футбол залы, бокс және күрес залы және 40 адамға арналған бассейн бар. Алдағы уақытта жаттығу залдары толығымен іске қосылған кезде 120 оқушы спортпен айналысуға мүмкіндік алады.

      2023 жылы Ақсуат ауданы бойынша кең тараған қазақша күрес,волейбол,баскетбол,допты хоккей,шахмат,стол теннисі,ұлтық ат спорты түрлерінен аудандық деңгейдегі жарыстар ұйымдастырылып, бұл шараға 8000-нан астам адам қамтылды.

      Аудан бойынша  дене шынықтыру және спортпен айналысатын халық саны 6300 адам, аудан тұрғындарының 35 пайызын құрап отыр.

     Ақсуат ауданы бойынша М.Имашев атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс атқарып жатыр, 8 ауылдық округтерде бөлімшелері жұмыс істейді.

     Спорт мектебінде спорттың 10 түрінен бокс, волейбол, дзюдо, футбол ,қазақ күресі, жекпе-жек, тоғызқұмалақ, қол күресі, гир спорты, жүзу спорты 896 бала айналысады.

     Жыл басынан  Ақсуат ауданында төмендегідей спорттық шаралар өткізілді:

      - Ы.Досқанаұлы атындағы халықаралық гран-при жарысына 16 елдің спортшылары қатысып 8 мың адам қамтылды.

      - Аудандық спартакиада 16 спорттың түрінен 23 қыркүйектен бастап жарыстар өткізілуде.

     - 10 қазан күні -Мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы аудандық спартакиада.

     Ақсуат ауданы бойынша 2023 жылдың 8 айындағы спорттық жетістіктер:

Республикалық турнир және чемпионаттар облыстық чемпионаттар, аудандық турнирлер бойынша 310 оқушы қамтылды. Оның ішінде, 31 алтын, 48 күміс, 67 қола жүлделі орындарға ие болды.

         Ардагерлер арасындағы Орал қаласында самбодан өткен Әлем чемпионатында М.Секенов ІІІ орын алды.  Сондай-ақ, республикалық жарыста Д.Айтқазин, А.Сақпанбаев, М.Секеновтер жеңімпаз болды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлер арасында облыста өткен жарыста қазақ күресінен Б.Боранжанов, асық атудан М.Мұқышев, дойбыдан Ж.Баянбаевтар ІІІ орыннан көрінді.

Футболдан, дзюдо, қазақ күресінен облыстық және республикалық жарыстарда үнемі жүлделі орындардан көрініп келеді. 2024 жылы Ойшілік, Көкжыра ауылдарына спорт модуль салу жоспарлануда. Спорт модульдің салынуымен балалар мен жастарға ғана емес, мүмкіндігі шектеулі жандармен қоса ауыл тұрғындарының спортпен айналысуына жол ашу көзделіп отыр.

         Жалпы, ауданымызда спорт нысандарының жұмысын одан әрі дамытуда аудан жастарын спортқа тартуға, облыстық, республикалық деңгейдегі жоғарғы спорттық нәтижелерге қол жеткізу көзделуде.

         Ақсуат аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі алдағы уақытта да Мемлекет басшысының Жолдауын,  ҚР Үкіметі мен облыс және аудан әкімдіктері, облыстық басқармалардан келген тапсырмаларды  орындауда жоспарлы жұмыстарды жүргізе беретін болады.

Дата публикации
27 сентября 2023