Аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 8 айда атқарылған жұмыстары
Жолдар бойынша;
Республикалық маңызы баржолдар 173 шақырым; оның асфальттанғаны 143 шақырым немесе 82,7%, гравий жолдары 30,0 шақырым немесе 17,3%.
Бүгінгі күнге!
Республикалық маңызы бар «Қарағанды-Аягөз-Боғас» 15 шқ ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп асфальт жамылғысын төсеуде. Мердігер «Зайсан құрылыс компаниясы» ЖШС-і.
Аудандық маңызы бар 4 жолдардың орташа жөндеу жұмыстарына Республикалық бюджеттен 934 128,0 мың теңге бөлінді, “Ауыл ел-бесігі” бағдарламасы арқылы 3 көше жолдарын орташа жөндеуге 243 781,5 мың теңге және облыстық трансферттен 1 көше жолына 115 519,5 мың теңге қаражат бөлініп, жұмыстары жасалуда.
Атап айтса!
“Ауыл ел-бесігі” мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асып жатқан жобалар;
Қазіргі уақытта жоғарыда аталған жолдарды толық жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін 58,1 шқ жолдар асфальтталып, Республикалық маңызы бар жолдар 143 шақырымнан 158 шақырымға немесе 91,3%-ға, аудандық маңызы бар жолдары 36,2 шақырымнан 60,2 шақырымға немесе 13,1 %-ға, елді мекендердегі көше жолдары 13 шақырымнан 20,1 шақырымға немесе 36,4%, пайызға артады.
2024 жылға жоба бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына Ақсуат ауылының атауы жоқ көшесінің 5,2 асфальт жамылғысын төсеуге, “Кіндікті ауылына кіре беріс 24-36 шықырым”, “Кіндікті ауылына кіре беріс 36-48 шықырым”, Үштөбе ауылына кіре беріс 0-13 шақырым, Көктүбек ауылына кіре беріс 0-9 шақырым, Қызыл жұлдыз ауылына кіре беріс 0-5 шақырым, Көкжыра – Серіктес 0-6 шақырым, Ақсуат ауылының атауы жоқ көшенің 4,8 шақырым; Қожагелді ауылына кіреберіс 0-10 шақырым; ескі Сулутал ауылына кіре беріс 0-13 шақырым және Ойшілік ауылына кріе беріс жолдың ойылған жерлеріне орташа жөндеу жұмыстарына смета әзірленуде.
“Кіндікті ауылына кіре беріс” аудандық маңызы бар автомобиль жолындағы Боғас өзеніндегі көпірді күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ-ын әзірлеуге 12 500,0 мың теңге қаржы бөлініп, ЖСҚ-н “Жаңа-Жол” ЖШС-і әзірлеуде.
«Ойшілік ауылына кріе беріс аудандық маңызы бар а/ж өтетін Тебіске өзеніндегі көпірді қайта жаңғыртуға ЖСҚ-ын әзірлеуге және Есім ауылындағы кіре беріс көпірдің құрылысының ЖСҚ-ын және Ақсуат ауылындағы Қабанбай көшесін күрделі жөндеуге ЖСҚ-н әзірлеуге мемлекеттік сатып алуға берілді.
Сонымен қатар:
Аудан әкімінің тапсырмасына байланысты аудандық маңызы бар жолдарды күтіп ұстауға бөлінген қаражат есебінен «Ақсуат» МКК-ы арқылы Кіндікті ауылына кіре беріс және Кіндікті – Алғабас жолдарына жиыны 54 шқ құм қиыршық тас төгіліп тегістелді. Ақсуат ауылының көше жолдарына 3,9 шқ, (Әуезов көшесі 800 м; Қожамқұлов 500; Әуезов жаңа көше 500 м; Бөртастаған мөлтек ауданы 400м; Қ.Оразалин 550 м; Ж.Құтжанов көшесі 550 м; Жандосов көшесі 200 м; Ұранхаев көшесі 400 м), Кіндікті ауылының ішкі көшелерінің 2,6 шқ-на, Қызыл кесік ауылының ішкі көшелерінің 4,4 шқ-на, Үштөбе көше жолдарын ауылының 2,5 шқ-на, құм қиыршық тас төгіліп тегістелді. Қазіргі уақытта Сатпаев – Сұлутал 0-19 шқ жолына құм қиыршық тас төгіп тегістесе Ақсуат ауылының көше жолдарына 800 м (Молдағұлов көшесі 300 м; қожамқұлов 500 м), Тана мырза – Есім 12 шқ, Қызыл кесік – Үштөбе 45 шқ, Қожагелді ауылына кіре берс 10 шқ жолдары қырып тегістелді.
Қызыл кесік ауылынан 6 – ферма жолындағы 1 көпір қайта жөнделсе, Ақжал ауылына кіреберіске 1 су өткізгіш трубалар салынды.
Су құбыры желілері бойынша;
Аудан бойынша 29 елді мекен бар, соның 11 елді мекені орталықтандырылған су желілерімен қамтамасыз етілген, қалған 14 елді мекенде, оның ішінде; 6-елді мекенде ұңғыма үстіндегі павильон, 8-елді мекенде БМС орнатылған, 4-елді мекенде су қондырғылары орнатылмаған. Жалпы аудан бойынша елді мекендердің орталықтандырылған су құбырымен қамтылу пайызы 37,9 %.
Аудан тұрғындарын орталықтандырылған су құбырымен қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылы 3 ауылдың су құбыры желілерінің құрылысына Республикалық және аудандық бюджеттен 784102,0 мың теңге қаржы бөлініп, ҚМЖ жүргізілуде.
Атап айтсақ:
«Ақсуат ауылындағы кәріз желілерін қайта жаңарту (үйге жеткізу)» жұмыс жобасы бойынша 15.03.2022 жылы № KAZENG-0011/22 санды сараптама қорытындысы алынған. Жобаның құны 1 115 026,0 мың. теңге. Абай облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына 2024 жылға бюджеттік өтінім өткізілді.
2024 жылға жоба бойынша 7 ауылдың су құбыры желілерінің құрылысымен қайта жаңғырту жұмыстарының ЖСҚ –н әзірлеуге аудандық бюджеттен 63000,0 мың теңге бөлініп, оның ішінде 3 ауылдың ЖСҚ-ры тәуелсіз сараптамаға өткізілді. 2 ауылға ЖСҚ-р әзірленуде, 2 ауылға ЖСҚ- әзірлеуге мемлекеттік сатып алуға конкурс берілді.
Атап айтсақ:
Қызыл жұлдыз, Қожагелді, Сұлутал ауылдарының су құбыры желілерінің құрылысының ЖСҚ-н "Облградпроект" ЖШС-і әзірлеп, «Shygys Expert KZ» мекемесіне тәуелсіз сараптамаға өткізіліп, Сұлутал ауылдарының су құбыры желілерінің құрылысының 21.09.2023 жылы оң қорытындысы алынып, облыстық энергетика басқармасына бюджеттік өтінім өткізіліп, қазіргі таңда облыстық экономикалық басқармасына экономикалық қортыныды алу үшін бюджеттік өтінім өткізілді.
Ескі Көкжыра, Кіндікті ауылдарының су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстарына ЖСҚ – ры әзірленуде.
Сонымен қатар «Ақсуат ауылының су құбыры желісінің қайта жаңғырту жұмыстары (3-і кезең құрылысты аяқтау) ЖСҚ- әзірлеуге» 12000,0 мың теңге, «Қарғыба ауылына су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстары ЖСҚ- әзірлеуге» 8500,0 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу конкурс жарияланды. Жоғарыда аталған жобалар толық аяталғаннан кейін 18 ауыл 62,1% орталықтандырылған су құбырымен қамтылатын болады.
Аудан бойынша елді мекендерін толық сумен қамту үшін Аққала, Көкбастау ауылдарының су қорын зерттеуге қаржы бөлуді ұсынамын.
Ақжал, Айнабастау, Базар, Мүрсәлім ауылдарында БМС -сы бар. Халық саны аз болғандықтан орталықтандырылған су құбырын тарту тиімсіз және Қызбай, Томар, Көкжол ауылдарына халық санының аз болуына БМС орнату тиімсіз.
Құрылыс нысандары бойынша.
«Ақсуат ауылындағы Ырғызбай Досханаұлы атындағы орталық стадионды қайта жаңғырту» жұмыстарына 183 059,8 мың теңге бөлініп, мердігер - «Айзат Құрылыс» ЖШС-і 175 599,6 мың теңгеге ұтып, келісім шартқа отырған.
Қазіргі уақытта демонтаж, оснавание ПГС, Беговой дорожканың асфальт, щебень жабындылары, Жасанды газон жұмыстарын жүргізуде.
2024 жылға жоба бойынша
13 «Мүрсәлім ауылына электр желісін тарту құрылысының» ЖСҚ-н әзірлеуге 10 000,0 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланған.
Сонымен қатар
2024 жылға 8 елді мекендердің (Тана Мырза, Қарғыба, Көктүбек, Үштөбе, Серіктес, Аққала, Қожакелді, Қызылжұлдыз) бас жоспарларын әзірлеу жоспарлануда.
Аудан бойынша халықтың, кәсіпкерлердің жеке қаражаты есебінен ауданы 4038 шаршы метр 40 тұрғын үй пайдалануға берілді.
Тұрғын үй бойынша
2023 жылдың 26 қыркүйектегі жағдай бойынша ауданда 285 адам, оның ішінде санаттар бойынша:
- көп балалы ана -92;
- халықтың әлеуметтік аз қамтылған осал топтары -123;
-тұрғын үйі апатты деп танылған-10;
- жетім балалар-21;
- мемлекеттік және бюджеттік қызметкер-39 адам тұрғын үй кезегіне тіркелген.
2020 – 2022 жылдары көп балалы және аз қамтылған отбасыларға 60 пәтер (5200 ш.м) тұрғын үй салынып, 60 отбасы тұрғын үймен қамтылды.
2023 жылы Республикалық бюджеттен 345600,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 205 200,0 мың теңге қаржы бөлініп, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға Ақсуат ауылынан 34 пәтер, Екпін ауылынан 2 пәтер жиыны 36 пәтердің құрылыстары жүріп жатыр.
Интернет желілер бойынша
Жәнтікей, Қызылкесік, Кіндікті, Үштөбе ауылдарына интернет желісін тарту үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, Жәнтікей,Қызылкесік, Кіндікті, Үштөбе ауылдарында антенна діңгекті имарат құрылысын салуға жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленді.