Аудандағы мал шаруашылығы бойынша 2023 жылы 8 айда атқарылған жұмыстар

Аудандағы мал шаруашылығы бойынша 2023 жылы 8 айда атқарылған жұмыстар

 Мал шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі  2023 жылдың 8-айында 23 млрд 5 млн. теңгеге жетіп, былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 105,2 пайыз өсім болды.

2023 жылы 8 айында ірі қара малы 147,8 мың бас болып, өткен жылмен  салыстырғанда 104,2 %, қой мен ешкі – 251,1 мың басты құрап, өткен жылмен  салыстырғанда 106,1%, жылқы –  31,7 мың бас  болып – 111,5 %  орындалды. Өндірілген ет – 6,4 тонна 105,3 %, сүт 53,5 тонна, 103,3 %, жұмыртқа 1681,5 мың дана 102,6 % орындалды.

         Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірумен 1 өндірістік кооператив, 26- ЖШС, 1039 шаруа қожалығы, 280 жеке кәсіпкерлер, 47 ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері шұғылданады.

Мал  шаруашылығындағы   ең  маңызды мәселе, мал тұқымын  асылдандыру десек, бұл бағыттада ауданда біршама жұмыстар атқарылуының нәтижесінде аудандағы асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтар саны 71-ге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда (2022 жылы - 40 шаруашылық) өсімі 1,8 есеге жетті.  Оның    55-і ірі қара, 11 – і қой, 5 – і жылқы өсірумен айналысады. Оларда 15 078 бас ірі қара,   27 530 бас қой,   1 770 бас асыл тұқымды жылқы өсірілуде. Ауданда жалпы асыл тұқымды мал саны ірі қара – 40 094 бас, қой – 124 742 бас, жылқы – 1 770 бас. Қолда бар асыл тұқымды малдың жалпы малдан үлесі ірі қараның – 27,5 пайызын, қойдың – 51,8 пайызын, жылқының – 5,6 пайызын құрайды.

2023 жылы аудан бойынша ИАС бағдарламасына 621 шаруа қожалығы тіркеліп, барлық 62 559 бас аналық ірі қараның  28 227 басы немесе барлық аналықтың 45,1 пайызы тұқымдық түрлендіру жұмыстарына  қатысып, оларға 1 345 бас асыл тұқымды қазақтың ақбас тұқымы, герефорд және ангус бұқалары қосылып тұқымдық түрлендіру жұмыстары жүргізілді.    

Етті мал шаруашылығын дамыту бойынша, ауданды, облысты етпен қамтамасыз ету мақсатында ауданда барлығы 50 бастан 4000 басқа дейін бұқашық бордақылайтын 11 мал бордақылау алаңдары жұмыс істеп тұр. Бордақыланған ірі қара малдардың еті аудандағы және облыстағы өткізілетін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қатысуымен өтетін жәрмеңкелерде халыққа тиімді бағада сатылып, еліміздің басқа да қалаларында тірідей және еттей саудаланады.

Ірі мал бордақылау алаңдары: 4 000 бастық Сәтпаев ауылдық округіне қарасты «Ықыбай» шаруа қожалығы. 2020 жылы 1000 бас, 2021 жылы 2000 бас асыл тұқымды бұқашықтарды облыстың және ауданның шаруа қожалықтарына арендаға тегін таратты.

Екпін ауылдық округіне қарасты «Мәуліт» шаруа қожалығы базасында құрылған 1 000 бас бұқашық бордақылауға арналған мал бордақылау алаңы. 2020 жылы 700 бас, 2021 жылы 750 бас асыл тұқымды бұқашықтарды облысымыздың және ауданымздың шаруашылықтарына жалға таратты.

Екпін ауылдық округіне қарасты «Бастау» шаруа қожалығы базасында құрылған 1 000 бас бұқашық бордақылауға арналған мал бордақылау алаңы. Бордақы алаңының құрылысы 2020 жылы басталып, 2021 жылы толығымен аяқталды. 2020 жылы Сыбаға бағдарламасымен 113,0 млн теңгеге 316 бас қазақтың ақбас сиырларын Ресейден әкелді.

Екпін ауылдық округіне қарасты «Жансая» шаруа қожалығы базасында құрылған 1 500 бас бұқашық бордақылауға арналған мал бордақылау алаңы. Бордақы алаңының құрылысы 2021 жылы басталып, 2022 жылы аяқталды.

        Барлық мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаржылық көздерден тартылған қаражаттар 3053,9 млн. теңге. Оның ішінде: 383 шаруа қожалықтары 1659,9 млн. теңге субсидия алды. Оның 374,9 млн. теңгесі инвестициялық субсидия; 1321,0 млн. теңге мал шаруашылығына берілген субсидия, өткен кезеңмен салыстырғанда 110,0 пайызға өсті. Бұл субсидия асыл тұқымды бұқа және құнажын сатып алғаны үшін және тұқымдық түрлендіруге қатысатын тауарлы және асыл тұқымды ірі қараның аналық бастарына, сондай – ақ тауарлы және асыл тұқымды қой малдарының аналық бастарымен жүргізілетін тұқымдық түрлендіру жұмыстарына, сатып алынған асыл тұқымды қой және жылқы малдарына берілді.

        Өсімдік шаруашылығы.  2023 жылы 8 435 гектар суармалы егістік жер көлемдері игерілді. Оның ішінде 350 гектарға  бидай, 360 гектарға  арпа, 475 гектарға көп жылдық шөп жоңышқа, 50 га жүгері, 300 га майлы дақыл , 225 гектарға картоп, 167 га көкөніс, 150 га бақшалық дақылдар(қауын, қарбыз) егілді.  6358 гектар егістік алқапта өткен жылдардан келе жатқан көпжылдық шөптер егістігі орналасқан.

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге аудан бойынша  130 шаруашылық құрылымдары қатысты.

2023 жылдың 710 га дәнді дақылдар егістік алқабына 106,5 тонна тұқым қажет болса, оның қолда бар көктемгі егіске қажетті  50 тонна дәнді дақылдар тұқымдарынан сынамалары Зайсан қаласындағы «Казагрэкс» зертханасына күзгі тексеру нәтижесінде толық кондициялы болды. Дәнді дақылдардың 38 тонна элита және 1-ші репродукциялы тұқымдарын, 14,2 тонна 1-ші репродукциялы жоңышқаның «Көкше» тұқымын, 0,75 тонна житняк тұқымын, 35 тонна картоптың1-ші репродукциялы «Алладин», «Романо», «РедСкарлет», «Карасайский», «Тоқтар», «Тамаша» тұқымдарын «Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу станциясы» ЖШС-нен және облысымыздың, Алматы, Павлодар облысының тұқым шаруашылықтарынан сатып әкеліп екті.  50 гектар  сүрлемдік жүгері алқабына қажетті 1,5 тонна 1-ші ұрпақ будан(гибрид) тұқымын Алматы облысының тұқым шаруашылығынан тасымалдап әкеліп екті.

Көктемгі егіс жұмыстарына 23 бірлік Газ-53 жүк көлігі, 47 бірлік әртүрлі маркадағы трактор, оның ішінде 3 бірлік К-700, 15 бірлік МТЗ-1221, 4 бірлік  ДТ-75, 25 бірлік МТЗ-80-82; 31 бірлік ҚХР тракторлары, 47 соқа;  47 тырма, 31 бірлік  тұқым сепкіштер, оның ішінде 20 дәнді дақылдарға арналған, 6 картоп салатын, 3 көкөніс, бақшалық дақылдарға арналған тұқым сепкіштер қатысты.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасынан ауданның шаруашылық құрылымдарына көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге сәуір айына-195 тонна, мамыр айына -65 тонна, маусым айына-17 тонна, жиыны- 277 тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. Биылғы жылы ауданымызға дизель отынын тасымалдап жеткізіп, шаруашылық құрылымдарына босатып беруге Оператор болуға «Силк Уэй Петролеум» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келіcілді.                                    

 Бөлінген дизель отыны «Силк Уэй Петролеум» ЖШС-нің Аягөз қаласындағы мұнай базасынан тасымалданып әкелініп, ИП Набиевтың жанар-жағармай құю бекетінен Шаруашылық құрылымдары ауыл әкімдерінің берген тізімдеріне сәйкес бөлінген көлеміне қарай 1 (бір) литр дизель отынын 230 теңгеден босатылып берілді. Көктемгі егіс жұмыстары уақытында сапалы аяқталды.

 Ауданның шаруашылық құрылымдары  егістік алқаптарына қажетті суды «Қазсушар» РМК-ның ШҚ филиалының Ақсуат өндірістік пайдалану учаскелерімен келісім шарт жасау арқылы сумен қамтамасыз етіліп отыр.

Аудан бойынша Ойшілік, Құмкөл,Екпін және Қызыл-Кесік ауылдық округтерінде 1408 гектар жерге аса қауіпті зиянкес шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

         2023 жылдың 8-айында аудан бойынша лизинг бағдарламасымен және өз қаражаты есебінен жаңадан 15 бірлік трактор және 14 бірлік қосалқы агрегаттар алынды. Жиыны 29 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары алынды.

Күзгі жиын терін жұмыстары және қыстамаға мал азығын дайындау жұмыстарына  ауданымыздан  3 бірлік комбайн және 9 бірлік  картоп қазғыш, 3 бірлік көкөніс жинайтын,  427 бірлік әртүрлі маркадағы тракторлар, 93 бірлік шөп шабатын машина, 73 бірлік тырма, 43 бірлік рулон-пресс, 65 бірлік стогомет, 104 бірлік трактор тіркемелері, 33 бірлік Камаз тіркемесімен, 61 бірлік  Газ-52, Газ-53,басқа да ауыл шаруашылығы техникалары қатысуда.

     Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының Ақсуат ауданына 2023-2024 жылдардың қыстамасына 126 мың 100 тонна қатаң мал азығын(табиғи шөп,жоңышқа)  дайындау тапсырмасы берілді. Бүгінгі күні аудан бойынша 88 мың 500 тонна қатаң мал азығы дайындалды. Барлық ауылдық округтерде қыстамаға мал азығын дайындау жұмыстары қарқынды жалғасуда.  Бір тонна шөптің орташа бағасы 50-60 мың теңгеден, бір рулон шөптің бағасы 10-12 мың теңгеден, 1 тюктің бағасы 1200-1500 теңгеден сатылуда.

Күзгі егін жинау жұмыстары бойынша ауылдық округ әкімдерінің берген мәліметіне сәйкес 710 гектар дәнді дақылдар егістік алқабы орылып, орташа түсімі әр гектарынан 17-18 центнерден болып, 1242,5 тонна өнім жиналып  алынды . Оның ішінде бидай 350 гектар, арпа 360 гектар. Дәнді дақылдар алқабынан жиналған өнімдерін шаруа қожалықтары мал азығына жемге пайдаланады. 225 га картоп алқабының 23 гектарының өнімі жиналып алынып, әр гектарынан орташа түсімі 220-230 центнерден болып, 529 тонна өнім алынды. 167 гектар көкөніс алқабының 58 гектарының өнімі жиналып, әр гектарынан орташа түсімі 250-255 центнерден болып, 1479 тонна өнім жиналып алынды. 150 га бақшалық дақылдар (қауын,қарбыз) алқабының 85 гектарынан орташа түсімі 400 центнерден болып, 3400 тонна өнім жиналып алынды. Көкөніс,бақшалық дақылдар және картоп алқабынан жиналған өнімдерін шаруа қожалықтары ауданның базарлары мен дүкендеріне апарып халыққа тиімді бағада саудалауда.

        Ауданымызда күзгі жиын-терін науқаны мен қыстамаға қатаң мал азығын дайындау жұмыстары ауа-райының қолайлы күндерін тиімді пайдаланып, уақытында сапалы аяқталатын болады.

Несие. 2023 жылы 8 айында мемлекеттік бағдарламалар негізінде, барлық қаржылық көздерден 138 жоба бойынша 1 074 500 мың  теңге көлемінде несиелер алынды.  Атап айтсақ, ауыл халқының табысын арттыру пилоттық жобасы негізінде 2,5 пайызбен «Ауыл аманаты» бағдарламасы негізінде 43 жоба 266,2 млн теңге, «Жастар несие» бағдарламасы бойынша 15 жоба 63,7 млн теңге игерілді. «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 10 жоба бойынша 326.6 млн теңге игеріліп, жоспар тапсырма 124,5%–ға орындалды. «Іскер» бағдарламасы бойынша 13 жоба бойынша 124.4 млн теңге игеріліп, жоспар тапсырма 120,8%–ға орындалды.  Ауылшаруашылығы техника паркын жаңалау мақсатында Лизинг бағдарламасымен  «ҚазАгроҚаржы» АҚ ШҚО филиалы арқылы  және шаруа қожалық құрылымдарының өз қаражаты есебінен  18 жоба бойынша 208,8 млн теңгеге 18 бірлік ауылшаруашылығы техникалары және 39 бірлік ауылшаруашылығы техникаларының қосалқы жабдықтарын сатып алып, жоспар тапсырма 130,0 % –ға орындалды.

      Туризм.  Ақсуат ауданының туристік нысандары visiteast.kz, visitkazahstan.kz веб-сайттарына орналастырылды.

      «ШҚО бойынша автокөлікке» атты «Өскемен-Ырғызбай ата-Шілікті қорғандары»  туристерге арналған жолнусқаулығына, Ақсуат ауданының аумағы «Ырғызбай ата –Ақсуат-Ақжар-Тұғыл» ауылдары  арқылы өтетін бағыт енгізіліп, туристік агенттіктер мен туроператорларға таратылды.

      Сәтбаев ауылдық округіне қарасты Дора елді-мекенінде «KAZ GLAMPING» ЖШС-і туризм саласының глемпинг бағытына арналған (емдеу-сауықтыру туризмі, мәдени-тарихи туризмі, танымдық туризм, спорт-аңшылық туризміне) арналған нысандар салу жұмыстарын бастап  12 төсек-орындық қонақ үйі (гостевой дом), шағын спорттық жаттығу және бильярд бөлмелер,асхана ғимараттары салынды. Елді-мекен интернет желісіне қосылды.  Аудан әкімінің сайтында  «Туризм саласын мемлекеттік қолдау бағдарламалары»  жарияланды. Ауданда әулие Ырғызбай Досқанаұлы атындағы «Тұғыры биік Тарбағатай» спорт өнер фестивалі өтті. Дәстүр бойынша жылда өтетін турнирге әлемнің 30-дан аса мемлекеттерінен палуандар қатысып, бес мыңнан астам туристер тамашалауға келді.

Ақсуат ауданында орналасқан 7 жол бойында қызмет көрсету нысандарын Ұлттық стандартқа сәйкес болуын және оларды мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізу үшін құрылған жұмыс тобымен бірлесіп, кәсіпкерлердің жер телімдерін мақсатты пайдалануына түгендеу жұмыстарын жүргізіп, нысандардың Ұлттық  стандартқа сәйкестігін анықтау жұмыстары жүргізілді.  Ауданға келушілерге 132 төсек-орындық 9 қонақ үйлері қызмет көрсетеді.  Ақсуат ауданында туризм саласын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспары жасалынды.

Жер қатынастары. Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 43,48 баптарына сәйкес шаруа  қожалығын жүргізу үшін ауылшаруашылығы мақсатындағы жер телімдері конкурстық негізде беріледі. ҚР Ауылшаруашылығы  министрінің  2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 490-шы «Жер комиссиясы отырысының барысын  тіркеуді қамтамасыз ететін аудио, бейнежазба құрылғыларын техникалық қолдану, сондай-ақ, қол жеткізу қағидаларын бекіту» жөніндегі бұйрығының негізінде қазіргі күні әрбір өткізілетін жер беру комиссиясының отырысы барысында жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстарында онлайн трансляциялау режимінде бейнежазбасы жүргізіліп отыр. Әр өтетін комиссияға сол ауылдың әкімі, қоғамдық кеңес жіберген мүшесі міндетті түрде қатысып отырады.

          2023 жылы жыл көлемінде 2 рет конкурс өткізіліп 27 жер учаскелері конкурсқа шығарылды, жалпы алаңы 3515 гектар, оның ішінде 714,1  гектар егістік жер, 2800,9 гектар жайылымдық жер телімі конкрустық негізде берілді.

          Сонымен қатар жер кодексінің 36-бабына сәйкес жыл басынан Ауыл халқының мал жаю және шөп шабу үшін  5 жылға өтеусіз жер пайдалану құқығымен аудандық жер комиссиясының  11-отырыс өткізіп, 122-жеке тұлғаға  жер беру комиссиясының оң қорытындысы беріліп, жалпы алаңы   28375,91 гектар берілді. Оның ішінде шабындық 55,1 гектар, жайылымдық  28320,81 гектар  жер телімі берілді.

          2023 жылы жер телімін мақсатына сай пайдаланбай өз еркімен мемлекеттің арнайы жер қорына қайтарылған  жалпы ауданы 68 080 гектар.      

Сонымен қатар Ақсуат ауданына қарасты ауылдық округтерінің жанынан ауыл тұрғындарының мал жайылымы үшін аудан әкімдігінің қаулысымен қосымша 38 230 гектар жер телімі 20 жылға резервке қойылды. Елді мекен жер телімдері жиыны 107 229,1 гектарды құрайды. Елді мекен жер телімінен және іргелес орналасқан жер телімдерін мемлекеттің арнайы жер қорына алу үшін бұл жұмыстар жыл бойы атқарылатын болады.

Кәсіпкерлік. Ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың іс–шара жоспарына сай, 2023 жылдың 8 айында ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, шаруашылықтарын кеңейтіп, мүліктерін жаңартуға және сауда орындарын жасақтауға қажетті де қолайлы жағдайлар жасалды.

Аудан бойынша  жұмыс істеп тұрған  шағын кәсіпкерлік субъектілері саны   2252  бірлік болып, өткен жылмен салыстырғанда  105,6  % өскен. Оның ішінде:  105 заңды тұлғалар, 839 жеке кәсіпкерлер, 1308 шаруа қожалықтар. Облыстық басқарманың жоспар-тапсырмасы 2229 бірлік. 23 бірлікке артық орындалды.

 123 сауда дүкендері, 24 қоғамдық тамақтандыру орындары (асхана, дәмхана, мейрамхана), 53 қызмет көрсету орындары, 8 жанар- жағар май құю станциясы, 7 дәріхана, 12 шағын наубайхана халыққа қызмет көрсетіп отыр.

         Бөлшек сауда тауар айналымының 2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында 3005,162 млн. теңге болып, былтырғы жылдың осы кезеңінде 2527,017 млн. теңге, өсу қарқыны 118,9 %, НКИ 102,0 %  артығымен орындалды. Оның ішінде:

           Кәсіпорындардан 646,382  млн. теңге, /244,445/ 226,8 %,  жеке кәсіпкерлерден 2358,780 млн. теңге өткізіліп, /2282,572 / 88,6 %  орындалды.

Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 7514,8  млн.тенге болып, өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда (2022 жыл 8 ай 2361,9 млн.тенге) нақты көлем индексі 3,1 есеге артық орындалды.

Аудан әкімінің №10-10.04.2023 жылғы өкімімен «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен жанар-жағармай  бағаларын тұрақтандыру жөніндегі» жұмыс тобы құрылып,  құрамына атқарушы органдардың,  статистика, мемлекеттік кірістер басқармаларының, жаңадан сайланған аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер, әйелдер кеңестерінен мүшелер енгізілген топ құрылды. Аудан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін қадағалайтын 1 аудандық жұмыс тобы  мен 9 мобильдік топтар жұмыс істеуде.

         Дүкен иегерлеріне атқарушы органның күнделікті жасалатын мониторинг кезінде меморандумда көрсетілген баптарды сақтау, негізсіз бағаны өсірмеу туралы түсінік жұмыстары үнемі жүргізілуде.

        2023 жылдың қаңтар-маусым  айлары аралығында жұмыс тобы мен  мобильдік топтар 447 мәрте рейд жүргізіп, 2080 мәрте сауда дүкендері тексерді. Тексеру барысында белгіленген 15 %-тен асырылған фактілер орын алған жоқ. Тұрғындар тарапынан бағаның өскендігі туралы шағымдар болған жоқ. 

        Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының 2023 жылғы 19 мамырдағы тапсырмасына байланысты облыс көлемінде өндірілетін өнімдерге «Абай облысында жасалған» атты логотиптің жасалуына байланысты Ақсуат ауданы бойынша ауданда және облыста өндіріліп, сауда дүкендерінде саудаланатын өнімдерге облыстың қалалары мен аудандары арасында алғашқы болып, 22 мамыр күні логотиптің ілінуі жүзеге асырылды. Бүгінгі күні ауданның 47 сауда дүкендерінде логотип қойылды.

          Ауданда жергілікті жерде өндірілетін өнімдерді халыққа қол жетімді бағада саудалау мақсатында Ақсуат ауылында әр айдың 2-рет сенбі күндері жәрмеңке тұрақты өткізілуде.

         Атап айтқанда,  жәрмеңкеде ірі қара еті 2200-2400 теңгеден, қой еті 2400 теңгеден, жылқы еті 2500 теңгеден саудаланса,   негізгі саудадағы бағадан 10-15 пайыз төмен. 13 мәрте жәрмеңке  өткізіліп, 36,7 млн. теңгенің жергілікті жерде өндірілген өнімдері саудаланды.

Сонымен қатар  8 жанар-жағар май стансалары халыққа қызмет көрсетеді.

Дата публикации
27 сентября 2023