2023 жылдың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі сараптама қорытындылары бойынша талдау анықтамасы

2023 жылдың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі сараптама қорытындылары бойынша талдау анықтамасы

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі сараптама жүргізу нысаны: Ақсуат ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі сараптама Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі сараптама жүгізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.

Ақсуат ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі актілеріне, ережелерге сәйкес жүзеге асырады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі сараптама жүргізу мақсатында құрылған жұмыс тобымен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз қызметінде басшылыққа алатын заңдар, нормативтік - құқықтық актілер зерделенді.

 Бөлімнің қызметіне қатысы бар, іс-қызметін реттейтін мемлекеттік органдардың ережелерін, нормативтік-құқықтық актілерді және құқықтық актілерді (ережелерді, бұйрықтарды) зерделеу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде 2023 жылдың бағыттарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізілді.

Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы.

Бөлімнің штат бірлігі 2023 жылғы соңына штат бойынша -5, нақты жұмыс істейтіндердің саны –4, бос орын - 1, ауысуы – 0, өз еркі бойынша босатылған – 1, оның ішінде жоғары лауазымға ауысқаны – 0, зейнеткерлікке – жоқ, теріс себептер бойынша  - жоқ, тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар – 0, мерзімінен бұрын тәртіптік жазасы алынғандар – 0. Бөлімнің барлық қызметкерлері атқарып отырған лауазымының біліктілік талаптарына сәйкес келеді. Тәртіптік комиссиясының құрамы заңға сәйкес бекітілген. Барлық қызметкерлердің оқу, біліктіліктілік арттыру мерзімдері мен тәртібі қадағаланып отырады. Еңбек тәртібін бұзу, еңбек тәртібін қайталап бұзу, ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік қызметшілерімен әкімшілік және қылмыстық құқық бұзу, бұрын сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылыққа жол берген, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдау фактісі орын алмаған.

2)  Мүдделер қақтығысы анықталмаған.

3) Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 12 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді. 2023 жылдың басынан 2954 мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның ішінде баламасыз негізде мемлекеттік орган арқылы 145 қызмет,  мемлекеттік корпорациялар арқылы-0, электронды түрде-2809. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бекітілген мерзімді бұзудың фактісі орын алған жоқ. Қызмет алушылардан қызмет көрсетушілердің іс-қызметтеріне арыз түскен жоқ.

Зерттелген кезеңнің өтініштерін талдау сыбайлас жемқорлық тақырыбына жататын өтініштер жоқ екендігін көрсетеді. Бөлімнің кестесіне сәйкес тұрақты негізде жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау жүргізіледі.

4) Бөлімнің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған теріс материалдар болған емес.

Азаматтардың сенімдерін арттыру мақсатында, бөлімнің шығармашылығын арттыруда, тұрғындардың өз уақытында жүгіну фактісі, мемлекеттік қызметкерлердің әдеп нормасының бұзылуы байқалғанда «Сенім телефоны» 2-18-92, аталған нөмір аудан тұрғындарына, аудандық «Тарбағатай» газеті арқылы мағлұмат береді.

Бөлімде бекітілген кесте бойынша азаматтарды қабылдау көрнекті жерде орналасқан және әкімдік сайтында көрсетілген.

          Жоғарыда аталған негізде жұмыс тобы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметінде сыбайлас жемқорлық қауіптері анықталған жоқ деген шешімге келді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу үшін сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуды насихаттау бойынша  тұрақты негізде жұмыс жүргізуді ұсынды.

 

Аудан әкімі аппаратының басшысы                                              Т. Конекбаев

 Персоналды басқару бөлімінің басшысы                                       М. Балтабаев

 Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру

 жұмысы, заң, ақпараттық технологиялар

 және мемлекеттік қызметтерді

мониторингілеу бөлімінің басшысы                                                  А. Әбілбеков

 Жалпы бөлім басшысы                                                                        А. Шарипова

 Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру

 жұмысы, заң, ақпараттық технологиялар

 және мемлекеттік қызметтерді

мониторингілеу бөлімінің бас маманы                                             Г. Кадырбаева

 

Дата публикации
12 сентября 2023