Ақсуат ауданы бойынша 2022 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі ретінде түсіндіріледі. 2022 жылы жеке және заңды тұлғаларға -1185 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде 120 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, 1060 «электронды үкімет порталы», 3 альтернативті қызмет арқылы көрсетілді. 2022 жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлері бойынша арыз-шағымдар тіркелген жоқ.
2022 жылдың қорытындысы бойынша мерзімі бұзылған өтініштер тіркелген жоқ. Ең көп талап етілетін қызметтер:
Сауда-саттықы (конкурстарды,аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу
Семей ядорлық сынақ полигонындағы ядорлық сынақтардың салдарынын зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру
Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру;
Жоғары өткізу қабілеті бар интернетке қосылған ауылдық округтер әкімдері аппараттары мен ауылдық кітапханалар базасында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылып, жауапты мамандар бекітілді.
Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі бойынша есепті кезенді шағымдар болған жоқ. «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы» бағыты бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін жақсарту бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі және күнделікті бақылауда.