Ақсуат ауданы бойынша 06-07.01.2023 жылы 16 мекеме мемлекеттік сатып алу порталына жоспарларын толық енгізді.

Ақсуат ауданы бойынша 06-07.01.2023 жылы 16 мекеме мемлекеттік сатып алу порталына жоспарларын толық енгізді.

Оның ішінде: 

  • Бір көзден сатып алу – 142,0 млн. теңге
  • Бағалы ұсыныныстарға сұраным арқылы – 82,6 млн. теңге
  • Ашық конкурс – 1 889,1 млн. теңге
  • Тұрғын үй сатып алуға – 15,0 млн. теңге

Облыстық  бірыңғай ұйымдастырушы арқылы 620 597,9 мың теңгеге Тана Мырза және Көктүбек ауылдарында су құбыры желілері құрылысының конкурсы өтеді. Тапсырыс беруші конкурстық құжаттаманы дайындап, тапсырыс жіберді.

Аудандық бірыңғай ұйымдастырушы арқылы:

- 15 ашық конкурс 1 млрд. 268,5 млн. теңгеге  өткізіледі. Оның ішінде: 11-і жолдарды жөндеу, оның техникалық қадағалау қызметтері және жергілікті маңызы бар жолдарды күтіп ұстауға қарастырылған. Барлық ашық конкурстар жарияланды.

- Автокөлік сатып алуға 18,0 млн. теңге.

- Ұйымдастыру техникасын сатып алуға 8,0 млн. теңге.

- Ақсуат ауылынан тұрғын үй сатып алуға 15,0 млн. теңге.

 

Дата публикации
10 апреля 2023