Оқу семинары өтті

2023 жылдың 9 наурыз күні Ақсуат ауданы әкімдігінің мәжілісі залында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс  сайлауына дайындық және өткізу мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Семинарға аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан прокуроры, тәуелсіз сарапшылар,  округтік, учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары және хатшылары қатысты.

Семинардың бірінші бөлігінде аудан прокуроры тарапынан дауыс беру күні ҚР «Сайлау туралы» Заң талаптарының сақталуы, қандай да бір заң бұзушылықтарға жол бермеу керектігі жөнінде ақпарат берілді.  

Семинардың екінші бөлігі комиссия мүшелерінің қатысуымен өткен практикалық жұмыспен жалғасты. Практикалық жұмыста дауыс беруді ашу, ұйымдастыру, сайлау учаскесінде дауыстарды санау, хаттамаларды толтыру  көрсетілді.  

Сұрақ –жауап форматында өткізілген семинарда барлық қойылған сұрақтар талқыланып, жауаптар қайтарылды.

Дата публикации
10 марта 2023