Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссия отырысының

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

жөніндегі аудандық комиссия отырысының

№ 2 ХАТТАМАСЫ

 

11 маусым 2022 жыл                                                                     Ақсуат ауылы

 

Төрағалық еткен: аудан әкімінің міндетін атқарушы, Ескендіров Е. К.

Қатысқандар: (тізім бойынша)

 

 

  1. Елді мекендерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы көрнекі жарнаманы орналастыруды ұйымдастыру бойынша жүргізілген жұмыстар туралы.

 

1.1 Аудандық ішкі саясат бөліміне (м.а. Құттыбаев Е. К) және ауылдық округ әкімдеріне - Елді мекендерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы көрнекі жарнаманы жаңарту және орналастыруды ұйымдастыру.

Мерзімі: 10.07.2022 ж.

 

2.Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер, сондай-ақ, жеке тұрғын үй құрлысы үшін жер учаскелерінің берілуіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету жұмысы жайлы.

 

         2.1 Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөліміне (Сабырбаев С.С.)- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер, сондай-ақ, жеке тұрғын үй құрлысы үшін жер учаскелерінің берілуіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыру.

         Мерзімі: тұрақты.

        

        Осы хаттамалық шешімнің орындалуын талдау және бақылау аудан әкімі аппаратының заң және мемлекеттік-құқықтық бөліміне жүктелсін.

 

 

   Комиссия төрағасының

міндетін атқарушы                                                                         Е. Ескендіров

 

Комиссия хатшысы                                                                        Г. Кадырбаева

Дата публикации
17 февраля 2023