Құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес
жөніндегі аудандық ведомствоаралық комиссия отырысының
№ 2 ХАТТАМАСЫ
17 маусым 2022 жыл Ақсуат ауылы
Төрағалық еткен: аудан әкімінің міндетін атқарушы, Аққазин А. Ә.
Қатысқандар: (тізім бойынша)
КҮН ТӘРТІБІ:
1.Мал ұрлығының алдын-алу шаралары, оның ішінде: уақытылы сырғалау және таңбалау, елді мекендерде мал табындарын, ортақ жайылымдарды ұйымдастыру жұмыстарының жәй-күйін анықтау туралы
Ауылдық округ әкімдеріне:
1.1. Мал ұрлығының алдын алу мақсатында ауылдық округ әкімдері, учаскелік полиция инспекторлар, ауыл тұрғындарымен түсініктеме жұмыстарын жүргізу арқылы мал бағымдарын ұйымдастыруды жандандырсын.
Мерзімі: үнемі.
1.2.Ауылдық округтердегі шаруа қожалық басшыларына қыстақтан жайлауға көшкен кезде, қыстақты иесіз қалдырмай, міндетті түрде, күзетші қалдыру туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру.
Мерзімі: (24.06.2022 жылға дейін).
2.Аудандық жергілікті полиция қызметіне:
2.1.Тоқсан сайын мал кезегі жөнінде ауыл халқына ауыл ақсақалдарымен, ауылдық округ әкімдерімен және ветеринария дәрігерлерімен бірлесіп жиналыс өткізуді қамтамасыз етсін.
Мерзімі: тоқсан сайын.
2.2. Түнгі уақытта жол бойында жүрген қараусыз малдарды қамап, иелерін әкімшілік жауапкершілікке тартуды ұйымдастырсын.
Мерзімі: үнемі.
3.Ауылдық округ әкімдеріне және аудандық жергілікті полиция қызметіне:
3.1. Шаруа қожалықтары мен фермалардың үй жануарларының мойындарымен мүйіздеріне түнгі уақытта жарыққа шағылысып жанатын жарық ленталарын орнату, ескерту шараларын жүргізуді және шаруа қожалық иелерімен кездесулер барысында, ҚР ӘҚБтК-нің 86-бабы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
Мерзімі: (24.06.2022 жылға дейін).
3.2. Мал ұрлығының алдын алу мақсатында мал сатуға берілетін анықтама құжаттарының толық болуын қамтамасыз етсін.
Мерзімі: үнемі.
4.Аудандық ветеринария бөліміне:
4.1. Мал сою алаңдарында малдардың сойылуы қадағаланып, нақты назарда ұсталсын (үнемі);
4.2. Аудан тұрғындарының малдарын ауыл шаруашылығының жануарларын бірдейлендіру базасына енгізу;
Құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі комиссияның отырысында берілген тапсырмалардың орындалуы туралы ақпарат аудан әкімі аппаратының заң және мемелкеттік-құқықтық бөліміне көрсетілген мерзімде әр тармақ бойынша ақпарат ұсынылсын.
Комиссия төрағасының
міндетін атқарушы А. Аққазин
Комиссия хатшысы Г. Кадырбаева