Аудандық сайлау комиссиясының семинары

Аудандық сайлау комиссиясының семинары

Ақсуат аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 26 қаңтар күні  округтік сайлау комиссияларының мүшелерімен семинар өткізді.

Семинарда комиссия  мүшелерін ОСК бекіткен күнтізбелік жоспармен таныстырып, ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс –шараларға тоқталды. Кандидаттарды тіркеу, тіркеуді жүзеге асыруға қажетті құжаттар тізімі, толтырылатын хаттамалар туралы түсіндірілді.

Сондай-ақ, округтік сайлау комиссиясы мүшелерінің өкілеттіктері, сайлау комиссиясы мүшелерінің мәртебесі туралы айтылды. Семинарға қатысқан  комиссия мүшелері тарапынан сайлауды әзірлеу мен өткізуге қатысты сұрақтар қойылып,  тиісті жауаптар қайтарылып,  әдістемелік көмектер көрсетілді.

Дата публикации
26 января 2023