Ақсуат аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы

ҚАУЛЫ

Ақсуат аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша

сайлау округтерін құру туралы

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 9-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1-тармағына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы» Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысының негізінде Ақсуат аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақсуат аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша 11 бірмандаттық сайлау округтері құрылсын.
  2. Қаулы Ақсуат аудандық мәслихатқа жіберілсін.
  3. Осы қаулы Ақсуат аудан әкімінің интернет-ресурсында және аудандық «Тарбағатай» газетінде орналастырылсын.
  4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

  Комиссия төрағасы                                                                  Ғ.Закарянов

 комиссия хатшысы                                                                   Қ.Нұрбаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
30 декабря 2022