Абай облысы Ақсуат аудандық мәслихатының 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 7/2-VII «2022-2024 жылдарға арналған Ақсуат ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Абай облысы Ақсуат аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Абай облысы Ақсуат аудандық мәслихатының 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 7/2-VII «2022-2024 жылдарға арналған Ақсуат ауданының бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 172443 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 2 413133,3 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 302 890,1 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 500,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 2 109743,2 мың теңге;

2) шығындар – 2 413 133,3 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 40 343,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 91 890,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 51 547,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -40 343,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 40343,0 мың теңге;

қарыздар түсімі – 91 890,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 51 547,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланатын қалдықтары – 0,0 мың теңге.»

1-қосымша осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Осы шешім мынадай тармақтармен толықтырылсын:

«5. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық бюджеттен ауылдық округ бюджеттеріне берілетін субвенциялар көлемі   280954,0 мың теңге сомасында көзделсін, соның ішінде:

- Ақсуат ауылдық округіне 52448,0 мың теңге;

- Көкжыра ауылдық округіне 33453,0 мың теңге;

- Кұмкөл ауылдық округіне 30169,0 мың теңге;

- Қызыл кесік ауылдық округіне 34475,0 мың теңге;

- Ойшілік ауылдық округіне 27653,0 мың теңге;

- Екпін ауылдық округіне 25926,0 мың теңге;

- Кіндікті ауылдық округіне 24488,0 мың теңге;

- Сәтпаев ауылдық округіне 23567,0 мың теңге;

- Ырғызбай ауылдық округіне 28775,0 мың теңге.

  1. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен берілетін субвенция көлемі 537579,5 мың теңге сомасында белгіленгені ескерілсін.
  2. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен 4-ші қосымшаға сәйкес нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін.
  3. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен 5-ші қосымшаға сәйкес нысаналы ағымдағы трансферттер көзделгені ескерілсін.
  4. 2022 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға бағытталған, бюджеттік бағдарламаларға бөлінген даму бюджеті бағдарламаларының тізбесі 6-шы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  5. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға республикалық бюджеттен берілетін кредит– 91890,0 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін.»

11.Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақсуат ауданы

мәслихатының хатшысы                                                                      Қ.Ильясов

Дата публикации
23 ноября 2022