Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдар

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2018 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 24/217 қаулысымен бекітілген
Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың
сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі
ұсынымдар
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын
қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдар (бұдан әрі - Ұсынымдар) Қазақстан
Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205
Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау
комиссиясы туралы ереженің 15-тармағы 70) тармақшасына сәйкес
әзірленді.
2. Ұсынымдар Қазақстан Республикасыныңмүмкіндіктері шектеулі
азаматтарыныңсайлау құқықтарын, оның ішінде олардың
сайлаушылар,сайланбалы лауазымдарға және сайлау
комиссияларының құрамдарына кандидаттар ретіндегі құқықтарыніске
асыру үшін қажетті және жеткілікті жағдайларды жасау бойынша сайлау
комиссияларының, жергілікті атқарушы органдардың, басқа мемлекеттік
органдардың, мемлекеттік емес құрылымдардың, саяси партиялар мен
өзге де қоғамдық бірлестіктерді қоса, өзара іс-қимылы арқылы
қамтамасыз етуге бағытталған.
3. Қазақстан Республикасының мүмкіндіктері шектеулі әрбір
азаматы Жалпыға бірдей адам құқықтарының декларациясында (1948
ж.), ЕҚЫК Адами өлшем жөніндегі конференциясының Копенгаген кеңесі
құжатында (1990 ж. 29 маусым), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына
қатысушы мемлекеттердегі демократиялық сайлаудың, сайлау
құқықтары мен бостандықтарының стандарттары туралы конвенцияда
(2007 жылғы 7 маусымдағы ҚР Заңымен ратификацияланған),
Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияда (2015 жылғы 20
ақпандағы ҚР Заңымен ратификацияланған) кепілдік берілген жасырын
дауыс беру кезінде жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы
негізінде сайлау және сайлану құқығына ие.
2. Негізгі терминдер мен ұғымдар
4. Осы Ұсынымдарда мынадай терминдер мен ұғымдар
пайдаланылады:
1) мүмкіндіктері шектеулі азамат (сайлаушы) – Қазақстан
Республикасының жасы он сегізге толған, сайлау құқығына ие, есту, көру

2
мүмкіндіктерінің, тірек-қозғалыс аппараты функцияларының
шектеулеріне әкелген ауруға негізделген денсаулық ақауы бар, сайлау
учаскесінде дауыс беру үшін ерекше жағдайларды қажет ететін азаматы
(зағиптар және нашар көретіндер, саңыраулар, зағип-саңыраулар,
қолдарының немесе аяқтарының функциялары едәуір бұзылған, креслоарбаларды пайдаланатын адамдар).
2) тактильді көрсеткіштер – ақпарат құралдары (көруі бойынша
мүгедектерге берілетін және жанасу арқылы қабылданатын ақпаратты
жеткізушілер) және тактильді жер бетіндегі (жол және еден бетіндегі,
ескертуші және бағыттаушы) көрсеткіштер (көруі бойынша мүгедектерге
аяғының табанымен, таяғымен сезіну арқылы немесе қалған көз
жанарын пайдалана отырып кеңістікте бағдар табуға мүмкіндік беретін,
белгілі бір суреттегі және түстегі бедерлі жолақты білдіретін ақпаратты
көрсету құралдары);
3) тифлотехникалық құралдар – көруінің нашарлауы нәтижесінде
мүмкіндіктері шектеулі сайлаушылардың жоғалтқан мүмкіндіктерін
түзетуге және орнын толтыруға бағытталған құралдар (мысалы,
электрондық лупа, Брайль қарпімен басуға арналған принтер,
бейнеұлғайтқыштар, экрандық қол жеткізу бағдарламасы, брайльдік
дисплей, тифломагнитола, тифлофлэшплеер);
4) сурдоаудармашы – ым тілін (бейвербалды қарым-қатынас түрі,
ишара, ым және артикуляция ұштасуы – ауыз бен ерінді қозғалту
нысандары) меңгерген және ым тілінің көмегімен қандай-да бір тілден
аударуды жүзеге асыратын адам;
5) тифлосурдоаудармашы – тактильді өзара қарым-қатынасқа
(саусақпен қарым-қатынас жасаудың ерекше дактильді (саусақ) әдісі,
«алақанға алақан» әдісі) негізделген зағип-саңырау азаматтармен
қарым-қатынас тілін меңгерген адам;
6) Брайль қарпі – зағип және нашар көретін адамдардың жазуы мен
оқуы үшін арналған бедерлі-нүктелі тактильді қаріп.
7) нашар көретін сайлаушыларға арналған ақпараттық
материалдар үшін ұлғайтылған қаріп – жіңішкерген және кертілген
таңбалары жоқ, кегль мөлшері 16-дан 20 пункт аралығындағы, көру
арқылы қабылдау үшін қолайлы (Arial) қаріп гарнитуралары;
8) Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділік картасы
– Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің бағдарламасы, мүгедектер үшін қолайлы ортаны
қамтамасыз ететін жұмыс жасап тұрған ғимараттар мен құрылыстарды
қамтиды.

3
3. Сайлау комиссияларының, жергілікті атқарушы органдардың,
мемлекеттік органдардың, басқа мемлекеттік емес
құрылымдардың, саяси партиялар мен өзге қоғамдық
бірлестіктерді қоса, мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың
сайлау құқықтарын іске асыру үшін қажетті және жеткілікті
жағдайларды жасау бойынша өзара іс-қимылы
5. Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың саяси және қоғамдық
өмірге қатысуын қамтамасыз ету үшін саяси партиялар мен өзге де
қоғамдық бірлестіктерге мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды
сайланбалы лауазымдарға кандидаттыққа ұсыну, партиялық тізімдерге
енгізу, сайлау комиссияларының құрамдарына оларды қалыптастыру
кезінде ұсыну туралы кеңес береді.
6. Жергілікті атқарушы органдар «Қазақстан Республикасындағы
сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы
Конституциялық заңының 48-бабы 2-1-тармағына сәйкес сайлау
комиссияларына мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау
құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыста олардың дауыс беруге
арналған үй-жайларға кедергісіз қол жеткізуі үшін жағдайлар жасауы
арқылы жәрдемдесуге міндетті.
1) дауыс беруге арналған үй-жайларды ғимараттардың бірінші
қабаттарында орналастыруды, пандустардың, төсеніштердің,
тактильдікөрсеткіштердің болуын (уақытша рұқсат етіледі), есіктердің
қажетті ойықтарын, жеткілікті жарықтандыруды көздеу;
2) ыңғайлы кірме және жаяу жүргінші жолдарының, автокөлік
тұрағы үшін арнайы орындарды ескеру;
3) Қазақстан Республикасының әлеуметтік инфрақұрылым
объектілерінің қолжетімділік картасына сайлау учаскелерін енгізу
ұсынылады.
7. Сайлау учаскелері мен дауыс беруге арналған үй-жайларды
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2012 жылғы
23 қазандағы № 21/183 қаулысымен бекітілген Сайлау учаскесінде,
дауыс беруге арналған пунктте дауыс беруге арналған үй-жайды
жарақтандыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жарақтандыру қажет.
Сайлау учаскесінде, дауыс беру пунктінде дауыс беруге арналған
үй-жайды жарақтандыруды жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз
етеді.
8. Дауыс беруге зағип-саңырау және саңырау сайлаушылардың
көпшілік санының қатысуы жорамалданып отырған сайлау учаскелеріне
жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің
жәрдемдесуімен сурдоаудармашылар, тифлосурдоаудармашылар
тартылуы мүмкін.
9. Жергілікті атқарушы органдар тиісті аумақтық сайлау
комиссияларына (бұдан әрі - сайлау комиссиялары) әр жылдың

4
1 қаңтары мен 1 шілдесіне ұсыну үшін мүмкіндіктері шектеулі
сайлаушылар (зағиптар және көзі нашар көретіндер, саңыраулар, зағипсаңыраулар, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) туралы
мәліметтерді есепке алуды қамтамасыз етеді.
10. Сайлау комиссиялары мүмкіндіктері шектеулі сайлаушылар
туралы мәліметтер негізінде арнайы ақпараттық материалдарды Брайль
қарпімен дайындау, тифлотехникалық құралдарды пайдалану,
сурдоаудармашылар мен тифлосурдоаудармашыларды тарту
қажеттілігін айқындайды.
4. Мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды
ақпараттандыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру
11. Сайлау комиссиялары дауыс беру рәсімдері мен
материалдарын жеңіл түсінуі мен пайдалануын қамтамасыз ету үшін
шаралар қабылдайды.
Сайлау туралы негізгі ақпаратты Брайль қарпін, ірі қаріпті,
аудиоформатты, ым тілін қамтитын түрлі қолжетімді форматтарда беру
ұсынылады.
12. Сайлау науқаны кезеңінде сайлау комиссиялары жергілікті
атқарушы органдардың осы Ұсынымдардың 9-тармағына сәйкес беретін
мүмкіндіктері шектеулі сайлаушылардың саны туралы мәліметтері
негізінде:
- сайлау науқаны (дауыс беру уақыты мен орны, негізгі сайлау ісқимылдары, қажетті байланыс ақпараты, мысалы, сайлау
комиссияларының телефоны, мекенжайы), дауыс беру тәртібі,
бюллетеньді толтыру және басқа да сайлау рәсімдерін жүзеге асыру
тәртібі туралы ақпараттық материалдарды аудиоформатта (цифрлық
жеткізушілерде) дайындау бойынша;
- оқу үшін қолайлы үлкейтілген қаріппен басылған кандидаттар,
партиялық тізімдер туралы ақпараттық материалдарды қажетті көлемде
дайындау бойынша шараларды қабылдайды.
Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының
Президентiн және Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттарын сайлауды
ақпараттық сүйемелдеуге бөлiнген қаражат шеңберiнде қолжетiмдi
форматта (соның ішінде қарпі үлкейтілген, Брайль карпімен орындалған
плакаттар, соқыр және нашар көретін адамдарға арналған сайлау
бюллетеньдері трафареттері мен дыбыс және бейнероликтер және т.б.)
ақпараттық материалдарды дайындауды қамтамасыз етедi.
Мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде ақпараттық
материалдарды қолжетімді форматта дайындауды тиісті аумақтық
сайлау комиссиясы қамтамасыз етеді.
Дауыс беруге арналған үй-жайда мүгедектігі бар азаматтардың
сайлау құқықтарын іске асыру үшін жағдайларды тізімге енгізілген

5
мүмкіндіктері шектеулі сайлаушыларға қарай жергілікті атқарушы
органдар аумақтық сайлау комиссияларымен бірлесе отырып анықтайды
және қамтамасыз етеді.
13. Мүмкіндіктері шектеулі сайлаушыларға арналған ақпараттық
материалдар сайлау комиссияларының үй-жайларында
орналастырылады.
Сайлау комиссияларына мүмкіндіктері шектеулі сайлаушыларды
ақпараттандыру үшін халықты әлеуметтік қорғау органдарын, әлеуметтік
қызмет көрсету ұйымдарын, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерін,
еріктілер қозғалыстарын тарту ұсынылады.
14. Жергілікті атқарушы органдар сайлау комиссияларына сайлау
науқандары кезеңінде мәтіндік файлдарды дыбыстық немесе тактильді
белгілерге айналдыратын (мүмкіндігінше ақпарат сондай-ақ оны
пайдаланушы алған кезде дауыстық белгіге айналатын смс-хабарларды
жіберу арқылы ұялы байланысты пайдалана отырып жіберілуі мүмкін)
экрандық қол жеткізудің компьютерлік бағдарламалары орнатылған
арнайы жабдықтармен (тифлотехникалық құралдармен) жабдықталған,
зағиптарға арналған кітапханалардың, түзету мектептерінің,
мүгедектердің қоғамдық ұйымдарының техникалық мүмкіндіктерін
пайдалануға көмектеседі.
15. Бұқаралық ақпарат құралдарына сайлауды әзірлеу мен өткізу
барысы туралы ақпараттық шығарылымдар мен тақырыптық
хабарлардың теледидар эфирінде сурдоаударманы немесе
субтитрлеуді пайдалану ұсынылады.
16. Учаскелік сайлау комиссиялары мүмкіндіктері шектеулі
азаматтарды дауыс беру уақыты мен орны туралы дауыс беру өткізілетін
күнге дейінгі он күннен кешіктірмей, ал мәслихаттардан өзге жергілікті
өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде - кемінде бес
күннен кешіктірмей, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ
басқа мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға қолжетімді тәсілдермен
хабардар етуді қамтамасыз етеді.
5. Сайлау комиссиялары мүшелерінің мүмкіндіктері шектеулі
азаматтармен өзара іс-қимылын ұйымдастырудың ерекшеліктері
17. Мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға олар сайлау учаскесінде
өз дауысын жасырын, бөгде адамның көмегінсіз (немесе өз таңдаушы
бойынша басқа адамның көмегін пайдалана отырып) бере алатындай
негіздегі жағдайларды ұсынады. Сайлаушы дауыс беруге келе алмайтын
жағдайда, учаскелік сайлау комиссиясы оның дауыс беру күні жергілікті
уақыты бойынша сағат он екiден кешiктiрiлмей берілетін жазбаша өтініші
бойынша осы сайлаушылар болатын орында дауыс беруді
ұйымдастырады.

6
18. Сайлау комиссиялары мүмкіндіктері шектеулі азаматтармен өз
жұмысында олардың мүгедектік санатына негізделген ерекшеліктерін
ескереді.
19. Дауыс беруге арналған үй-жайға мүмкіндіктері шектеулі азамат
кірген кезде, учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері оның қандай да
бір көмекке мұқтаж екенін анықтап алғаны жөн.
20. Сайлаушымен қарым-қатынас кезінде:
1) зағип болып табылатын сайлаушымен қарым-қатынас кезінде
оған ілесіп жүрген адаммен емес, тікелей сайлаушымен сөйлесу
ұсынылады, сайлаушымен сөйлесу кезінде қарапайым ауызекі тілді
пайдалану қажет;
2) саңырау болып табылатын сайлаушымен жұмыс кезінде тікелей
өзімен қарым-қатынас жасау ұсынылады, сөздерді дауыс беру рәсімімен
байланысты іс-қимылдарды нақтылайтын түсінікті ишарамен
толықтыруға болады. Мұндай сайлаушымен жазбаша нысанда не
сурдоаудармашы арқылы сөйлесуге болады;
3) зағип-саңырау болып табылатын сайлаушымен жұмыс кезінде
тифлосурдоаудармашы арқылы сөйлесу ұсынылады;
4) тірек-қозғалыс аппаратының функциялары бұзылған
сайлаушымен қарым-қатынас кезінде оған орындық ұсыну не
бюллетеньдер берілетін үстел жанынан кресло-арба үшін орын босату,
жасырын дауыс беруге арналған кабинаға (орынға) дейін жеткізіп салуды
ұсыну қажет. Қажет жағдайларда дауыс беруге арналған үй-жайдан
шығатын, автокөлікке отыратын кезде жәрдем көрсеткен жөн.
21. Аумақтық сайлау комиссияларына сайлау процессін
ұйымдастырушыларды оқытуды ұйымдастыру кезінде мүмкіндіктері
шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру ерекшеліктерімен
байланысты арнайы тақырыптарды көздеу ұсынылады.
Оқытуды мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері өкілдерін тарту
арқылы және олардың ұсынымдарын ескеріп, көрнекі және практикалық
оқыту әдістерін қолдана отырып жүргізу ұсынылады.

Дата публикации
03 ноября 2022