Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру
пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2012 жылғы
23 қазандағы № 21/183 Қаулысы. Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігінде 2012 жылы 21 қарашада № 8089 тіркелді.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан
Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының
12-бабы 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық
сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған
үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулық
бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
аппаратының заң бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа
енгізіледі.
| Төраға | Қ. Тұрғанқұлов |
| Хатшы | Б. Мелдешов |